Ерлан Елеусінов аға бапкер болып тағайындалды
11 янв. 2016, 18:42
|
1294
Бұл жайлы ақпарат бүгін дүйсенбі күні жұмыс соңына қарай белгілі болды. Естеріңізде болса, "Тараз" командасының тізгінін Нұрмат Мырзабаев ұстаған болатын. Бапкердің өзінің қарсылығына қарамастан, клуб басшылары Мырзабаевты команданы өз қолына алуға ұзақ көндірген. Енді мінекей, бапкерлер штабын жасақтау барысында Нұрмат Мырзабаевқа көмектеседі деген сеніммен Ерлан Елеусінов тағайындалып отыр.
Ерлан Елеусінов кезінде "Тараз" командасының сапында ел чемпионы және кубок иегері атанған. Сонымен қатар, қорғаушы Қазақстан Ұлттық құрамасының да намысын қорғаған болатын. Одан бөлек, Ерлан Елеусінов "Тараз" футбол клубының спорттық директоры қызметінде болғанын айта кетейік.
Турнирная таблица
Турнирлік кесте
| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 30 | 59-23 | 68 |
| 2 | Қайрат | 30 | 60-23 | 65 |
| 3 | Астана | 30 | 48-31 | 54 |
| 4 | Оқжетпес | 30 | 49-38 | 54 |
| 5 | Ақтөбе | 30 | 47-39 | 49 |
| 6 | Елімай | 30 | 43-44 | 45 |
| 7 | Тобыл | 30 | 42-42 | 41 |
| 8 | Жеңіс | 30 | 32-40 | 36 |
| 9 | Ұлытау | 30 | 27-38 | 35 |
| 10 | Қызылжар | 30 | 31-42 | 33 |
| 11 | Каспий | 30 | 32-44 | 33 |
| 12 | Ертіс | 30 | 31-44 | 32 |
| 13 | Атырау | 30 | 27-35 | 30 |
| 14 | Алтай | 30 | 31-42 | 28 |
| 15 | Жетісу | 30 | 31-49 | 27 |
| 16 | Қайсар | 30 | 25-41 | 25 |
Футболист недели
Апта үздігі
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту