Главное Маңызды
01 нояб. 2026, 14:54
1382
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию лучших бомбардиров Премьер-лиги сезона 2026 года.
01 нояб. 2026, 13:03
6049
63-летний российский специалист Станислав Черчесов может стать главным тренером алматинского «Кайрата», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
01 нояб. 2026, 12:04
1034
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян после матча 30-го тура против «Жетысу» (2:2) подвел итоги сезона Премьер-лиги-2026, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
31 окт. 2026, 23:55
2726
Главный тренер «Кайсара» Талгат Байсуфинов прокомментировал матч 30-го тура Премьер-лиги против «Жениса» (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Степные волки»:
31 окт. 2026, 23:49
3401
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч 30-го тура Премьер-лиги против «Астаны» (2:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Григорий Бабаян: "Ақжайық" командасы өте жақсы қорғана білді"

11 мар. 2018, 17:41 | 1241
"Астана" футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян Қазақстан Премьер-лигасының 1-ші туры аясындағы оралдық "Ақжайық" командасымен қарсы ойын туралы өз пікірімен бөлісті (3:0), деп хабарлайды KazFootball.kz порталы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап:

- Шабуыл шебінде сәтті ойнай алмадық. «Ақжайық» командасы өте жақсы қорғана білді. Алайда, біз сонда да өзімізге қажетті 3 голды соға алдық. Команда сапындағы ойыншылар өздерінің жекелей шеберліктерін арттырулары қажет. Жалпы алғанда, чемпионатты жеңіспен бастағанымызға қуаныштымын. Дегенмен, ойын сапасына көңілім толған жоқ.

- «Ақжайықтан» осындай ойын күттіңіз бе?

- Біз бұл команданың өте төмен қорғаныста ойнайтынын білген едік. «Ақжайықтың» оқу-жаттығу жиынындағы бірнеше ойындарын қарап шықтық. Команда бүгін өте жақсы қорғана білді.

- Логвиненко екі ойын қатарынан неліктен алаңға шықпай жүр?

- Біздің команда сапында бірнеше жарақат алған ойыншылар жетерлік. Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Евгений Постников... Бүгін алаңға шыққан Игорь Шитов командамен бірге бір ғана жаттығу өткізгендігіне қарамастан, кездесуде алаңға шықты.

- Үш голдың ішінен қайсысын ерекше атап өтесіз?

- Мен үшін ең бастысы команданың гол соққаны маңызды. Ойынның бірінші таймында біздің командада гол соғатын көп мүмкіндік бола қойған жоқ. Алайда, стандарттық жағдайдан есеп аша алдық. Ал екінші таймда мүмкіндіктер пайда бола бастады. Мен үшін кімнің қалай гол соққаны маңызды емес, бастысы гол соғатын мүмкіндік жасап, оны сәтті аяқтауымыз қажет.

- Марин Томасовтың соңғы нәтижелері көңіл қуантады. Ойынды Марин арқылы жүргізу жоспарыңызда болды ма? Әлде, бұл Томасовтың жеке шеберлігінің арқасы ма?

- Ол алаңда өте жақсы ашыла біледі. Біз ойынды тек ол арқылы құрған емеспіз. Команда сапында басқа да ойыншылар бар. Марин қазір өзінің бабында. Дегенмен, оған әлі де көп еңбектену қажет. Ол қазіргіден де жақсы ойнай алады.

- Жанкүйерлердің жасаған баннерін көре алдыңыз ба?

- Өкінішке орай, байқай алмадым. Дегенмен, бізге қолдау білдірген жанкүйерлерге ерекше алғысымды білдіремін.

- Команда сапына жаңа ойыншылар келе ме?

- Әрине, келгенін қалаймыз. Мен осыған дейінгі баспасөз жиынында айтқанымдай, бізге алға қойған мақсаттарымызға жету үшін, команда құрамын күшейту керекпіз. Алайда, бұл сауал демеушілер мен клуб басшылығына жолдануы керек.

"Астана ФК"

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх