Главное Маңызды
23 апр. 2026, 12:38
863
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров Премьер-лиги по футзалу после 40-го тура.
21 апр. 2026, 09:56
826
Главный тренер петропавловского «Кызылжара» Милич Чурчич прокомментировал матч шестого тура Премьер-лиги против «Атырау» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
21 апр. 2026, 09:30
1591
Главный тренер «Улытау» Нуркен Мазбаев прокомментировал матч шестого тура Премьер-лиги против «Тобола» (2:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
21 апр. 2026, 09:09
2048
Главный тренер «Окжетпеса» Ринат Алюетов прокомментировал матч шестого тура Премьер-лиги против «Ордабасы» (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
20 апр. 2026, 13:53
5660
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров и ассистентов Премьер-лиги после шестого тура.

Нұрбол Жұмасқалиев: "Огайдың орнынан кеткеніне таң қалып тұрмын"

28 апр. 2016, 14:10 | 2314
Бүгін "Тобыл" клубының бас бапкері Дмитрий Огайдың орнынан кеткені белгілі болды. Осы орайда Kazfootball.kz порталының тілшісі қостанайлық клубтың капитаны Нұрбол Жұмасқалиевқа хабарласып, бапкердің қызметінен босатылуы туралы сұраған едік.

— Дмитрий Алексеевичтің орнынан кеткеніне таң қалып тұрмын. Мен бұл жаңалықты таңертең клуб басшыларынан естідім. Енді бапкерлік тізгінді кім ұстайтынын да білмеймін. Қазір жаттығуға бара жатырмыз. Дайындықты кім өткізетіні белгісіз. Жасырын емес, "Тобыл" биыл чемпионатты сәтсіз бастады. Оның үстіне кеше Қазақстан Кубогы бәсекесінен шығып қалдық. Басшылар осыны алға тартып, бапкерді қызметінен босатқан шығар. Бірақ, дөп басып айта алмаймын. Менің ойымша, Дмитрий Огайға тағы шамалы уақыт беру керек еді. 

— Дмитрий Алексеевичтің орнын кім басуы мүмкін?

— Бұл сауалға мен жауап бере алмаймын. Басшылардан сұрасаңыздар дұрыс болады. Қазір жаттығуды кім өткізетінін білмей тұрмыз. Бұл жаңалыққа мен ғана емес, барлық жігіттер таң қалып отыр. Барлығы бір-біріне хабарласып, "не болды?" деп сұрастырып жатыр. Қазір жаттығуда басшылар түсіндіріп беретін шығар.

— Расында, "Тобыл" биылғы чемпионатты сәтсіз бастады. Бұған не себеп? Барлық айыпты бірден бапкердің мойнына артуға болады ма?

— Бұл жерде бүкіл кінәні бапкерге таққан дұрыс емес деп ойлаймын. Турнир кестесіне қарасаңыздар, басқа клубтардың жағдайы бізден де нашар. Иә, "Тобыл" биыл үздіктердің қатарына қосылу керек. Сол үшін бізге көп назар аударылады. Дегенмен, қазіргі жағдайда бір адамды айыптаған орынды емес. Кей ойындарда бізге сәттілік жетіспеді, кей ойындарда жігіттер мүмкіндікті мүлт жіберіп жатты. Алайда, біз бірінші алтылықта тұрмыз. Мүмкін, басшылардың ойлағаны бұл емес шығар. Сол үшін де Дмитрий Алексеевичті қызметтен босатуы мүмкін.

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 6 9-1 14
2 Ордабасы 6 10-5 12
3 Елімай 6 10-5 12
4 Қызылжар 6 9-4 11
5 Оқжетпес 6 10-7 11
6 Ұлытау 6 7-5 11
7 Астана 6 9-8 9
8 Жетісу 6 6-8 8
9 Атырау 6 4-3 7
10 Ақтөбе 6 7-8 7
11 Ертіс 6 8-9 6
12 Жеңіс 6 3-8 6
13 Қайсар 6 2-6 4
14 Алтай 6 3-6 3
15 Тобыл 6 5-12 2
16 Каспий 6 2-9 1
Футболист недели Апта үздігі
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Нападающий Шабуылшы
7
Поиск по сайту
Наверх