Главное Маңызды
05 окт. 2026, 17:50
468
Главный тренер сборной Казахстана Джон ван ’т Шкип поделился ожиданиями от предстоящего матча четвертого тура общего этапа Лиги Наций УЕФА против Фарерских Островов, сообщает корреспондент KazFootball.kz:
04 окт. 2026, 10:31
1236
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин дал комментарий после товарищеского матча против «Елимая» (1:3), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
03 окт. 2026, 10:20
864
36-летний защитник «Ордабасы» Сергей Малый в игре Лиги Наций против сборной Молдовы (1:2) сыграл свой 76-й матч в составе Национальной сборной Казахстана, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
02 окт. 2026, 22:19
2226
Главный тренер сборной Казахстана Джон ван ’т Шкип прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Наций УЕФА против Молдовы (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz:
01 окт. 2026, 17:33
1673
Главный тренер сборной Казахстана Джон ван ’т Шкип поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Наций УЕФА против Молдовы, сообщает корреспондент KazFootball.kz:

Өткен маусым қорытындысы

13 янв. 2016, 17:49 | 1987
Қазақстан премьер-лигасының былтырғы маусымы көптеген оқиғаларымен есте қалды. Чемпион тек соңғы турда ғана белгілі болды. Жалпы, биылғы маусым клубтарымыздың ішінде “Астана” командасы үшін өте сәтті өтті десек болады. Олар чемпиондар лигасындағы жақсы нәтижесінен бөлек, ел чемпионы атанып үлгерді.

Маусым басында фавориттер қатарында «Ақтөбе» командасы бар болатын. Бірінші айналым аяқталғанша жеңіліс дегеннің не екенін білмей келген команда турнирлік кестенің көш басында тұрды. Владимир Газзаев командасы еуропа лигасындағы сүреңсіз ойыннан кейін, қиын жағдайға тап болды. Ресейлік бапкер қызметінен кетіп, «Ақтөбе» ішкі біріншілікте жеңіліске ұшырай бастады. Команданың алғашқы алтылықтағы алғашқы ойындарынан-ақ, даңқты команданың биыл чемпиондыққа еш ұмтыла алмасы анық болды.

Бұл аралықта алматының «Қайраты» алдына жан салмай келе жатты. Жерар Гоудың 22 голы алматылықтарға маңызды ұпайлар әкеліп жатты. Кот’д-Ивуарлық шабуылшыға Сито Риера, Бауыржан Исламхан және Исаэлді қосыңыз. Осындай шабуылшылары бар Владимир Вайсс шәкірттері қарсылас қорғанысын әбден қинады. Шынымен де, алматылық команда биылғы маусымда ең көп гол соққан команда қатарында. Олар 60 рет қарсылас қақпасын дәл көздеген. Командаға екінші айналымда келген Джордже Деспотовичтің өзі 8 доп соққан. Гоу – Деспотович – Исламхан үштігі 2015-жылғы біріншілікте 37 гол соққан. Алматылық ұжымның тағы бір статистикалық көрсеткіште өзгелерден оқ бойы озық тұрған жері бар. Қайрат қақпасына ең аз гол жіберген команда. Небәрі-19. Демек, бұл 29 ойында қақпада тұрған Плотниковтың шеберлігі және «Қайрат» қорғаушыларының мықтылы деген сөз.

         Премьер-лигадағы орнынан айырылып қалған қызылордалық «Қайсар» чемпионатта ең аз гол соққан команда. Олардың еншісінде соғылған 20 доп бар. Біріншілік басында «Қайсарды» соңғы орын алады деп ешкім де ойламаған болатын. Турнирлік кестенің соңғы сатысында ең көп уақыт өткізген қарағандылық «Шахтер» дер кезінде ұйқыдан оянып, ұпайлар ала бастады. Ал, 11-ші орындағы «Жетісу» бірінші лиганың екінші командасы «Востокты» жеңіп, премьер-лигадағы орнын сақтап қалды.

Маусым барысында 12 командамыздың тек 4-еуі ғана бапкер ауыстырмапты. Олар: «Астана», «Қайрат», «Атырау» және «Тараз». Біріншілік бітісімен бұл төртеуінің екеуі бапкерлерін қызметтен кетірді. Қызметтерінде қалған елордалық Стойлов пен «Атырау» бапкері Никитенко ғана.

Қазақстан кубогының финалына биыл «Қайрат» пен «Астана» шықты. Елордалықтар алғаш болып есеп ашқанымен, Твумасидің голына алматылықтар екі бірдей жауап қатты. Джордже Деспотович дубль жасап, кубокты алматыға алып кетті. «Қайрат» жеті мәрте Қазақстан кубогінің иегері атанып отыр.

Чемпионат соңына қарай «Астана» «Қайраттан» бес ұпай қалып келе жатты. Осы кезде команданы ұзақ уақыт голға шөліркеп жүрген Таңат Нүсербаев құтқарды. 28-ші турда сырт алаңда ол «Атырау» қақпасына гол соғып, маңызды үш ұпай әкелді. Ал, Нүсербаевтың Алматыда «Қайрат» қақпасына соққан жалғыз добы елордалық команданы алғашқы орынға шығарды. Шабуылшы үшінші голын «Ертіс» қақпасына соғып, «Астанаға» үміт сыйлады. Чемпионаттың соңғы турында Елордалық команданы Нүсербаев емес, Кабананга құтқарып қалды. «Ақтөбемен болған матчта 88-ші минутта гол соққан Джуниор Стойлов командасына чемпиондық атақты алып келді. Қатарынан екінші мәрте ел чемпионы атанған «Астана» келер маусымда да чемпиондар лигасында өнер көрсететін болады.      

Ермұхамед МӘУЛЕН

суреттер prosportkz.kz, sports.kz, vesti.kz сайттарынан алынды

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 26 51-18 61
2 Қайрат 26 51-20 57
3 Астана 25 42-25 48
4 Оқжетпес 26 41-35 45
5 Ақтөбе 26 38-31 42
6 Елімай 25 35-33 38
7 Тобыл 26 33-35 34
8 Жеңіс 26 26-32 32
9 Ұлытау 26 24-32 32
10 Каспий 26 27-36 29
11 Ертіс 25 26-34 26
12 Алтай 26 26-36 25
13 Қайсар 26 22-33 24
14 Қызылжар 26 26-40 24
15 Атырау 25 18-28 23
16 Жетісу 26 26-44 22
Футболист недели Апта үздігі
Темирлан Ерланов
Темирлан Ерланов
Темирлан Ерланов
Темирлан Ерланов
Защитник Қорғаушы
23
Поиск по сайту
Наверх