Главное Маңызды
24 авг. 2026, 09:32
374
Главный тренер «Атырау» Самат Смаков прокомментировал товарищеский матч против «Турана» (3:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 авг. 2026, 09:21
1135
Главный тренер «Шахтера» Андрей Финонченко прокомментировал матч 19-го тура Премьер-лиги против «Астана М» (4:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
20 авг. 2026, 23:16
811
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал первый матч раунда плей-офф Лиги Европы против «Андерлехта» (0:3), сообщает корреспондент KazFootball.kz:
20 авг. 2026, 23:03
522
Главный тренер «Андерлехта» Витор Бруну прокомментировал гостевой матч раунда плей-офф Лиги Европы против «Кайрата» (3:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz.
20 авг. 2026, 11:01
960
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров Кубка Казахстана после ответных матчей ½ финала.

Әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды

18 мая 2016, 14:10 | 1660
Футболдан әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының алғашқы турының алғашқы ойыны «Астана-Арена» стадионында басталды. Биыл ғана құрылған елордалық «Астана» футбол клубы  шымкенттік «БИІК-Қазығұрт» командасын қабылдады.

Елордалық ұжым жаңадан жасақталғанына қарамастан, ішкі біріншілікте қарсылас шақ келтірмей жүрген тәжірибелі «БИІК-Қазығұрт» командасына  лайықты қарсылылық көрсете алатынын Шымкентте аяқталған Қазақстан Кубогында аңғартқан еді.

Астана төрінде өткен бүгінгі ойынға екі команда да сақадай-сай дайындалыпты. Кубок ойындарында болған олқылықтарға жол бермеуге тырысып, жасыл алаңның әр бөлігінде допқа талас жүргізді.  

Алғашқы таймда екі команданың футболшылары қанша шабуылдағанымен есеп аша алмай тарқасты. Ал, екінші таймда «БИІК-Қазығұрт» футболшылары басымдықты қолға алғандай болды. Дегенмен, «Астана» ойыншылары табандылық танытып, қарымта шабуылдарға иек артып отырды.

Сондай шабуылдардың бірінде алаң иелері айып добын орындауға мүмкіндік алды. Айып алаңына көтерілген допты қақпашы Оксана  Железняк алғашқы сәттен ырқына бағындыра алмады. Бұл мүмкіндікті алаңға жаңа ғана шыққан Әйгерім Әлімқұлова ұтымды пайдаланып, осы маусымдағы алғашқы голдың авторы атанды.

Алайда, «Астана» футболшыларының қуанышы ұзаққа созылды. Лезде қарымта шабуылға шыққан қонақтар өздеріне берілген мүмкіндікті мүлт жібермеді. Таразы басын теңестірген нигериялық легионер Вероника Ихезуо. Қорытынды есеп - 1:1.

«Астана» - «БИІК-Қазығұрт» - 1:1 (0:0)

Голдар: Әлімқұлова 73 - Ихезуо 75

Ескертулер: Свергун 39, Кравец 42, Костина 54

«Астана»: Сараптовцева, Жахина, Пушкарева, Хацкевич, Свергун (Корнецова 56), Берендеева, Николаенко, Бекпенбет, Костина (Әлімқұлова 72), Чукисова (Бочковская 90+1), Ялова (Широкова 82).

«БИІК-Қазығұрт»: Железняк, Красюкова, Машкова, Кравец, Бабшук, Вылданова, Жаңатаева, Хайрулина, Ихезуо (Бортникова 90), Адуле, Габелия.

Төрешілер: Қарабаев, Үсенова, Шагиров - (барлығы - Астана).

Астана. «Астана-Арена» стадионы. 100 жанкүйер. 18 мамыр 2016 жыл.

ҚФФ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ордабасы 22 43-16 52
2 Қайрат 21 42-15 48
3 Астана 21 34-22 39
4 Оқжетпес 22 35-29 36
5 Ақтөбе 22 32-26 35
6 Елімай 21 31-26 32
7 Ұлытау 22 18-24 28
8 Жеңіс 21 21-24 26
9 Тобыл 21 23-28 25
10 Каспий 22 24-31 23
11 Қызылжар 22 24-32 23
12 Атырау 21 15-21 20
13 Қайсар 21 16-24 20
14 Алтай 22 20-33 19
15 Жетісу 22 24-38 19
16 Ертіс 21 20-30 17
Футболист недели Апта үздігі
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Вратарь Қақпашы
1
Поиск по сайту
Наверх