Главное Маңызды
02 мая 2026, 21:20
537
Главный тренер «Иртыша» Кирилл Альшевский прокомментировал матч восьмого тура Премьер-лиги против «Кайрата» (0:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
02 мая 2026, 20:34
1341
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал матч восьмого тура Премьер-лиги против «Иртыша» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz:
02 мая 2026, 19:48
736
Главный тренер «Окжетпеса» Ринат Алюетов прокомментировал матч восьмого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
02 мая 2026, 19:14
1572
Главный тренер «Кызылжара» Милич Чурчич прокомментировал матч восьмого тура Премьер-лиги против «Окжетпеса» (0:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
02 мая 2026, 09:09
1878
Главный тренер «Каспия» Ерлан Шойтымов прокомментировал матч 1/8 финала Кубка Казахстана против «Ордабасы» (0:3), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Бапкерін босатқандардың бәсекесі

20 мая 2016, 12:35 | 1902
Он екінші турда көш бастап жүрген командалардың тартысы өтпек. Елордада “Астана” мен “Ордабасы” кездессе, “Оқжетпес” қайта күшіне еніп келе жатқан “Қайратқа” қонаққа барады.

12-тур. 21 мамыр.

“Ақтөбе” – “Тараз”

23-ші сәуір күні Алматыда “Қайратқа” 3:0 есебімен жеңілгеннен кейін “Ақтөбе” жеңіліс дегенді білмей келеді. Ал, өз алаңында өткізген ойындарда ақтөбеліктер маусым басталғалы бері жеңіліп көрген жоқ. Бұл жолы да сол статистика жалғасын табатын шығар. Бірнеше ойынды жіберген Самат Смақов алаңға оралмақ. “Тараз” сапында жақсы жаңалықтар бар. Команданы украиналық бапкер Юрий Максимов қабылдады. Бапкерлік жұмыста тәжірибиесі аздау болған Нұрмат Мырзабаев орнын украин маманына босатып берді. Талай команданы тығырықтан шығарған Максимов “Тараз” жастарын жақсылап жөнге салса, турнирлік кестенің соңғы сатысынан көтеріліп кетуі де ғажап емес. Алайда, жаңа бапкер келе салып команда жеңіске жетеді дегенге сену қиын. Дей тұрғанымен, жергілікті футболшылар бапкер көзіне көріну үшін алаңда қолдан келгеннің барлығын жасауға барады. Әдетте бапкер ауыстырған команда бірден жақсы ойнап кетеді. Дегенмен, жамбылдықтардың бұл жолы қарсыласқа шамасы жете қоймас. Тең нәтижеге қол жеткізуге болатындай. “Ақтөбенің” басты қаруы пенальти орын алып жүрмесе, кездесу есебі 0:0 болып тіркелетіндей елестейді.

“Астана” – “Ордабасы”

Чемпионатта жеңілмеген команда қалмады. Бұл тұжырымдаманы біз соңғы 11-ші турдан кейін айта бастадық. “Атырауға” қонаққа барған елордалықтар 1:0 есебімен жеңіліп қайтты. Жаңбырлы ауа-райы мен сапасы сын көтермейтін жасыл алаң “Астана” ойыншыларын қолды-аяқтан түгел матап тастады. Олар алаңда еркін қимылдай алмады. Енді Станимир Стойлов шәкірттері “Астана-Арена” стадионында “Ордабасыны” қабылдайды. Бұл ойын нағыз сынақ болмақ. Қазақстан чемпионы тегеурінді қарсыласты қалай тұқыртар екен. Шабуылы күшті шымкенттіктер қорғанысты шымшып-шымшып алатын әдеті бар. Демек, осы матчы турдың орталық кездесуіне баласақ болатындай.

“Жетісу” – “Шахтер”

Талдықорғандық команда өткен турда “Ақжайықты” жеңіп, бір желпініп қалды. Алмас Құлшынбаев шәкірттері үшін қызықтың көкесі осы турда болмақ. Олар үшін чемпионаттағы басты бәсекелес “Шахтер” қонаққа келмек. Демек, “кеншілерге” бірде-бір ұпай бермеуге тырысу қажет. Ал, қарағандылықтар біріншілікте тірнектеп жинаған тоғыз ұпайдың жетеуін сырттағы матчтарда жинаған. Яғни Йозеф Вукушичтің командасы алаң талғамай ойнайтын ұжымдардың қатарынан деген сөз. Бұл факторды есепке алып, асықпай-аянбай өз шабуылдарын өрбіте білсе талдықорғандықтар тілеулеріне жетуі мүмкін. Душан Савич пен Бауыржан Тұрысбектен басқа аяқдопшылар гол соқса, тіпті тамаша болар еді.

“Ертіс” – “Ақжайық”

Өткен турда жеңіліс тапқан “Ертіс” осы турда жанкүйерлерден кешірім сұрамақ. “Қайратқа” Алматыда жеңілу негізі аса қатты ұялатындай дүние емес. Дегенмен, керекуліктер өз алаңында “Ақжайықты” қабылдамақ. Бұл кешірім сұрауға арналған тамаша мүмкіндік шығар. Ойын фавориті анық алаң иелері. Жарақатынан айыққан Гогита Гоуга бірінші минуттан алаңға шығар болса, барлығы жақсы өрбуі керек. Ал, “Ақжайықтың” жағдайын осы күні ешкімнің басына бермесін. Қиын қаржылық жағдайды бастан өткеріп жүрген оралдық ұжымға ойын дағдарысы да келіп жеткендей.

“Қайрат” – “Оқжетпес”

“Қайрат” қатарынан екінші ойынды өз алаңында өткізбек. Өткен турда чемпионат көшбасшысы “Ертісті” жеңсе, бұл жолы да алғашқы үштіктің өкілі қонаққа келіп отыр. Көкшетаулық команда өз алаңында “Тобылды” ұта алмады. Соңғы минуттарда қорғанысы сыр берді. Владимир Мұқанов командасы жалпы айтқанда соңғы кездері сүреңсіз. Ойынынан өң қашқандай. Тып-тыныш “өз алаңымыз” деп “Астана-Аренада” жүре беру керек пе еді? “Оқжетпес” ойындарын Шучинскіде өткізе бастағалы бері жеңіс дегенді ұмытты. Бұл жолы “Қайрат” та қарап қалмасы белгілі.

“Тобыл” – “Атырау”

“Атырау” сырт алаңда “Ақтөбеге” жеңілгеннен кейін бас бапкер Никитенконы орнынан босатты. Әзірге бапкердің орны бос тұр. Команда жақын арада шет елден білікті маман шақыртатын шығар. “Атырау” алғашқы үштікке ұмтылып жүрген команда. Ал, олар қазіргі мәлімет бойынша он ойында небәрі алты гол соққан. “Бапкерін босатқандардың бәсекесі” деген жарнамамен өтетін бұл ойынның нәтижесі турнирлік кестенің орталық бөлігіне қатты әсерін берері хақ.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 8 12-3 18
2 Ордабасы 7 12-6 15
3 Оқжетпес 8 12-8 15
4 Елімай 7 12-7 13
5 Астана 7 11-9 12
6 Жетісу 8 9-9 12
7 Қызылжар 8 10-7 11
8 Ұлытау 7 7-7 11
9 Ақтөбе 7 8-8 10
10 Атырау 7 5-5 7
11 Жеңіс 7 3-8 7
12 Ертіс 8 8-11 6
13 Қайсар 8 4-8 6
14 Тобыл 7 7-13 5
15 Алтай 7 3-6 4
16 Каспий 7 3-11 1
Футболист недели Апта үздігі
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Нападающий Шабуылшы
7
Поиск по сайту
Наверх