Қазақстан - Молдова-0:1
Алғашқы ойында Серік Әбдуәлиев шәкірттері Молдова құрамасымен кездесті. Ойынның алғашқы таймында көп шабуылдаған Қазақстан жастар құрамасы қарсылас қақпасынан саңлау таба алмады. Тайм ортасында молдовалықтардың айып алаңының алдында стандарттық жағдай орын алды. Айып добын орындаған Әлішер Сүлейдің соққысын қақпашы тоғыздықтан алып шықты. Бұл алғашқы кезеңдегі ең қауіпті сәттің бірі болатын.
Екінші кезеңде бір шабуылды сәтті пайдаланған қарсыластар кездесудің есебін ашты. 68-минутта салынған голдың авторы-Спатару. Салынған голдан кейін Молдова жастары допты көбірек ұстап, уақытты созуға тырысты. Ал, қалған уақытта жерлестеріміз таразы басын теңестіре алмады.
Біздің құрама сапында ойынның үздігі ретінде қақпашы Станислав Павлов танылды. Енді Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы Беларусь командасы.
| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 30 | 59-23 | 68 |
| 2 | Қайрат | 30 | 60-23 | 65 |
| 3 | Астана | 30 | 48-31 | 54 |
| 4 | Оқжетпес | 30 | 49-38 | 54 |
| 5 | Ақтөбе | 30 | 47-39 | 49 |
| 6 | Елімай | 30 | 43-44 | 45 |
| 7 | Тобыл | 30 | 42-42 | 41 |
| 8 | Жеңіс | 30 | 32-40 | 36 |
| 9 | Ұлытау | 30 | 27-38 | 35 |
| 10 | Қызылжар | 30 | 31-42 | 33 |
| 11 | Каспий | 30 | 32-44 | 33 |
| 12 | Ертіс | 30 | 31-44 | 32 |
| 13 | Атырау | 30 | 27-35 | 30 |
| 14 | Алтай | 30 | 31-42 | 28 |
| 15 | Жетісу | 30 | 31-49 | 27 |
| 16 | Қайсар | 30 | 25-41 | 25 |