Главное Маңызды
05 дек. 2025, 17:12
43
Главный тренер МФК «Семей» Аслан Смаков на предматчевой пресс-конференции дал комментарий к сегодняшнему ответному матчу 1/8 финала Лиги Чемпионов по футзалу против польского МФК «Пяст», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу семейского клуба:
05 дек. 2025, 16:33
88
Главный тренер «Кызылжара» Милич Чурчич прокомментировал продление контракта с петропавловской командой, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
02 дек. 2025, 12:10
1381
Полузащитник алматинского «Кайрата» и сборной Беларуси Валерий Громыко в интервью порталу Football.by рассказал о рекордном сезоне, Лиге Чемпионов, отборе ЧМ-2026, перелетах, пенальти и признании в родной стране, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
28 нояб. 2025, 14:26
822
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал матч общего этапа Лиги Чемпионов против «Копенгагена» (2:3), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
27 нояб. 2025, 11:11
937
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров и ассистентов казахстанских клубов в еврокубках.

Сауатты қорғаушыны қайдан аламыз?

06 июн. 2016, 06:50 | 1906
​Өткен жолы біз ел футболындағы қақпашылар мәселесін көтерген болатынбыз. Бұл жолы қорғаушыларға тоқталып өткенді жөн санап отырмыз.

Ел футболында тасқамал қорғаушылар бұрыннан болған. Көп болмаса да мынау деп ауыз толтырып айтатын қорғаушылар бар еді. Сейілдә Байшақов Кеңес кезінде қазақ футболын жақсылап таныстырып берді. Ал, тәуелсіздік алғалы бері, құрама командамыз сапына қорғаушылар көп алынды. Алайда, көбісінің қателіктерінен қақпамызға гол кіріп жатты. Сонымен, Қазақстан құрамасында жалпы барлығы 80-ге жуық қорғаушы ойнапты. Олардың ішінде шет елдік командалардан шақырылған легионерлер де баршылық. 90-шы жылдардың басында құрамамыз үшін "Майнц-05" командасының футболшысы Петр Нойштедтер екі ойын өткізген. Оның ұлы осы күні Ресей азаматтығын алып, көрші мемлекеттің құрамасына ойнауға бел шешті. Бізге де ойнай алатын еді негізі. Легионер қорғаушылардың тізімі одан әрі былай жалғаспақ - Сергей Жуненко ("Ротор", 2 ойын), Алексей Попов ("Амкар", 4 ойын), Виталий Артемов ("Шахтер"-2 Украина, 5 ойын), Олег Мусин ("Сокол", 6 ойын), Константин Энгель ("Ингольштад"-Германия, 11 ойын), Ренат Дубинский ("Шинник", 13 ойын), Дмитрий Ляпкин ("Химки", 15 ойын), Александр Фамильцев ("Томь", 35 ойын) және Александр Кучма ("Рух"-Польша, 37 ойын).

Құрама сапында қай қорғаушы көп еңбек сіңірді деген сауалға біз олардың өткізген ойынымен бағалағанымыз жөн. Бұл тізімде әрине көш басында Самат Смақов тұр. Ол құрама жейдесін 73 кездесуде киіп шыққан. Саматтың құрамада тек қорғаушы емес, түгел ұжымның жүрегі екенін де айта кетуіміз керек. Ол өзінің әріптестеріне капитан ретінде рух беретін футболшы. Сербияға қарсы өткен кездесуде қаптал арқылы шабуыл жасаған Милош Красичті тырп еткізбей ұстағанын білетін шығарсыздар.

Ал, құрама сапында Саматтың алдында тағы бір елеулі қорғаушы болды. Азияда жүрген шағымызда бас команданың қорғанысын Игорь Авдеев ұстайтын. Ол бастаған жігіттер талай ойынды нөльмен аяқтады. Және Авдеев Қазақстан құрамасының тарихында ең көп гол салған қорғаушы екенін де айта кетейік, Авдеев қарсылас қақпасын 6 мәрте дәл көздеген. Кейінірек, ол Украинаға қарсы өткізген ойында өз қақпамызға доп соғып алған шағы да болды. Жалпы, Авдеевтің тасқамал қорғаушы екенін тәжірибиелі жанкүйерлер естен шығармаған болар деп білеміз.

Авдеев, Смаковтардан бөлек орташа деңгейде құрамамызда бірнеше футболшылар өнер көрсетті. Атап өтетін болсақ: Фархадбек Ирисметов, Максим Жалмағамбетов, Александр Киров, Александр Кислицин, Егор Азовский. 

Соңғы жылдардың бедерінде құрамамызға көптеген қорғаушылар шақыртылды. Олардың ішінде екеуі ерекше көзге түсті. Ренат Абдулин мен Илья Воротниковтың ойыны көптеген қазақстандық жанкүйердің зығырданын қайнатты. Одан кейін Марк Гурман бар. Аталған футболшылардың қателіктерінен қақпамызға ондаған гол енді.

Енді соңғы кездері шығып келе жатқан жастарымызға көңіл аударсақ. Ермек Қуантаев, Елдос Ахметов, Тимур Рудосельский, Берік Айтбаев, Абзал Бейсебеков секілді жастар бар. Алайда, олар кезінде "лимит" ережесі бар кезінде алаңға шығып, жастайынан үлкен ойынды көріп өскен жігіттер. Ендігі жастардың ойын тәжірибиесі қалай болар екен деген ой туындайды. Мысалға, Қазақстан премьер-лигасының 14-ші тур ойынында алаңға шыққан қорғаушылар жайында сөз қозғап өтсек. 12 командамызда алаңға шыққан қорғаушылардың 80 пайызы легионерлер екен. Қытайға кеткен Қазақстан құрамасының қорғаушыларының ішіндегі Берік Айтбаев мүлде қосалқы құрамда қалып кеткен. Ал, Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Виктор Дмитриенко, Ғафуржан Сүйімбаев, Елдос Ахметов, Сергей Малыйлар алаңда түгел өнер көрсеткен.

Бапкерлердің сөзін аңдысақ, елімізде Қазақстан төлқұжаты бар орталық қорғаушылар тапшы. Ал, ел футболының келбеті болып саналатын "Астана" мен "Қайрат" Марин Аничич пен Евгений Постников, Жарко Маркович пен Бруно Суарес секілді ойыншыларға сенім артады. Футбол таланттарын топтап шығаратын "Тараздың" өзінде орталық қорғаушының бірі румыниялық Йоан Мера. Олар жақын арада екінші орталық қорғаушы ретінде ресейлік Антон Григорьевті шақыртпақ.

Міне, осындай мәселе туындағанын көз көріп отыр. Қазақстан Ұлттық құрамасына дейінгі U-17, U-19, U-21 секілді командаларында да орталық қорғаушымен үлкен мәселелер туындауда. Сондықтан, қорғаныс арқылы өнер көрсететін Қазақстан футболының құрамаларына сауатты қорғаушылар керек. Бұл мәселені осы қазірден өсіп келе жатқан жасөспірімдерден бастау керек екендігі анық аңғарылады. Бұл мақаламыз жаттықтырушылар мен бапкерлердің құлағына алтын сырға болып қала берсін.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 26 53-19 59
2 Астана 26 66-30 57
3 Тобыл 26 45-25 54
4 Елімай 26 47-31 48
5 Ақтөбе 26 39-29 43
6 Жеңіс 26 37-30 36
7 Ордабасы 26 37-28 35
8 Оқжетпес 26 37-43 35
9 Қызылжар 26 25-32 27
10 Ұлытау 26 20-41 23
11 Қайсар 26 24-42 22
12 Жетісу 26 19-43 21
13 Атырау 26 22-45 19
14 Тұран 26 25-58 16
Футболист недели Апта үздігі
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Вратарь Қақпашы
77
Поиск по сайту
Наверх