Главное Маңызды
25 окт. 2026, 21:39
32
Главный тренер «Атырау» Самат Смаков прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Иртыша» (2:3), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
25 окт. 2026, 21:35
32
Главный тренер «Иртыша» Ерлан Шойтымов прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Атырау» (3:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
25 окт. 2026, 09:58
876
Главный тренер «Кызылжара» Виталий Жуковский прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Улытау» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
25 окт. 2026, 09:40
1789
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин дал комментарий после матча 29-го тура Премьер-лиги против «Жениса» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
25 окт. 2026, 09:15
670
Ассистент главного тренера «Жениса» Антон Чичулин прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Ордабасы» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичного клуба:

Самат Отарбаев: "Құрамаға шақырту алу әрқашан қуанышты жағдай"

07 июн. 2016, 08:40 | 1797
​Соңғы сәтте құрамаға шақырту алған Самат Отарбаев болашағынан зор үміт күттіретін қақпашы. Осы жақында ғана біздің сайт бетінде қақпашылар мәселесі көтерілген. Онда неге қазақ қақпашылары жоқ деген мәселе қарастырылған болатын. Енді міне, құрамадағы жалғыз қаракөз қақпашымыз Самат Отарбаев біздің сауалдарымызға жауап берді:

- Сіздердің сайттарыңызды жиі қарап тұрамын. Қақпашылар жайлы жазып жатасыздар. Ол дұрыс. Өзіміз жайлы пікір оқыған бізге де қызықты. Сын түзелмей, мін түзелмейді. Қақпашылық қызметте болуды кейбіреулер футболдағы ең оңай шаруа деп ойлауы мүмкін. Бірақ ол - қасаң пікір. Күнделікті төгіліп жатқан тер ақталса деген ой ғана бізде.

- Самат, әрине, қақпашы болу ол оңай шаруа емес. Нағыз жүйкенің ойыны. Дегенмен, әңгімемізді одан әрі Сіздің құрамаға қайта оралуыңыздан бастасақ.

- Ұлттық құрамаға қайта оралғаныма қуаныштымын. Бапкерлерге, олардың көмекшілеріне, қақпашылар бапкерлеріне рахметімді айтқым келеді. Елімізге танымал қақпашы Олег Воскобойников мені көп уақыт жаттықтырды. Жалпы қақпашы болып, осындай деңгейде өнер көрсетіп жүргенім сол кісінің еңбегі десем артық емес. Қытайға қарсы кездесуге келіп отырғаныма дән ризамын. Ал, Ұлттық құрамаға оралу әрқашан қуанышты жағдай.

- Басты командамызға үш қақпашы шақырту алдыңыздар. Сізден бөлек, Стас Покатилов пен Давид Лория бар. Ертеңгі ойын алдында араларыңызда бәсекелестік пайда болған шығар.

- Бәсекелестік ол әрқашан жүретін құбылыс. Спорт болған соң сол. Оған етіміз үйренген. Құрамада бәсекелестік өте үлкен. Менің Стас Покатилов пен Давид Лорияның қасында тәжірибием аз. Олар үлкен футбол мектебін көрген адамдар. Бәсекелестік деген ол тек алаңда, жаттығу кезінде болады. Ал, былай өмірде біз үш қақпашы бір үйдің баласындаймыз. Бір-бірімізге көмектесіп, ақыл-кеңестерімізбен бөлісіп тұрамыз. Мен Давидті бұрыннан сыйлаймын. Оның да маған деген пікірі жылы. Үнемі жаттығуда көмектесіп тұрады. Стас та Ресей чемпионатында көрген-білгенін айтып тұрады. Маған аталған екі қақпашының тәжірибиесі керек. Мен олардан үйренгенге еш арланбаймын.

- Құрамада қақпашылар бапкері Юрий Новиков қой. Ол кісімен бұрын жұмыс жасап па едіңіз?

- Ол кісімен бұрын-соңды қызметтес болмаппын. Бірақ, өткен жылы "Қайсарға" ауысып, осы кісінің қоластында жаттығып көргім келген. Бірақ, мүмкіндік болмай қалды. Енді мінекей құрамада кездесіп отырмыз. Юрий Алексеевич жаттығулары өте қызықты, әрі пайдалы деп ойлаймын. Көп уақыт жұмыс істемесек те, Новиковтың тек жақсы қақпашы емес, сонымен қатар жақсы бапкер екенін байқап қалдым.

- Қытай құрамасы жайлы қандай ақпарат бар. Олармен ойын қандай маңызға ие және құрама жанкүйерлері бұл матчтан қандай нәтиже күтсін?

- Қытай құрамасы ФИФА рейтингісінде бізге қарағанда әлдеқайда жоғары тұр. Олармен ойнау біз үшін мәртебе десек те болады. Бірақ матч кезінде барша команда жеңіс үшін жұмыс жасайды. Қытайды жеңу біздің жанкүйерлерге де, біздің өзімізге де керек. Бапкерлер Әзірбайжан мен Грузияға қарсы өткен кездесуде жіберген қателіктерді бейнеқайталаудан көрсетіп берді. Біз сол бапкерлер айтқан үдеден шығуымыз керек. Ал, өз басым барша қазақстандықтарды келіп жеткен қасиетті рамазан айымен құттықтағым келеді.

- Соңғы кездері баспасөз беттерінде көп көрінбей жүрсіз? Оның сыры неде?

- Иә, расымен де. Соңғы кездері жырқылдап баспасөзге шыға бергім келмейді. Мені тілшілер жақсы жағынан түсінер деген үміттемін. Егер сұқбат бергім келмей, "жоқ" деп жатсам түсіністікпен қараңыздар. Себебі, жұлдыз ауруына ұшырап, баспасөзден түспей кетсем, ол да менің спорттық өміріме әсерін тигізеді. Мен алдымен көп еңбектеніп, футболға, қақпашылық өнерге бар күшімді салайын. Бір нәтижеге жетейін. Содан кейін сұқбат беруге де болар.

- Әңгімеңізге рақмет!

Нағи БАҚЫТБЕКОВ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 29 59-21 68
2 Қайрат 28 57-20 63
3 Астана 28 46-29 52
4 Оқжетпес 29 45-37 51
5 Ақтөбе 28 42-35 45
6 Елімай 28 40-38 44
7 Тобыл 29 40-39 41
8 Ұлытау 29 27-35 35
9 Жеңіс 29 30-39 33
10 Каспий 29 31-42 33
11 Қызылжар 29 29-41 30
12 Атырау 28 22-32 27
13 Алтай 28 28-39 26
14 Ертіс 28 26-42 26
15 Жетісу 29 29-47 26
16 Қайсар 28 24-39 24
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх