Главное Маңызды
06 нояб. 2026, 17:40
1652
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу KFF League:
06 нояб. 2026, 17:11
2111
Главный тренер «Кайсара» Талгат Байсуфинов поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Ордабасы», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 нояб. 2026, 09:18
2156
Главный тренер «Аталанты» Маурицио Сарри подвел итоги матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против алматинского «Кайрата» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Football-Italia.net:
06 нояб. 2026, 01:43
3115
Исполняющий обязанности главного тренера алматинского «Кайрата» Жора Арутюнян прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Конференций против «Аталанты» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
05 нояб. 2026, 09:30
2331
Исполняющий обязанности главного тренера «Кайрата» Жора Арутюнян поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против итальянской «Аталанты», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Ғафуржан Сүйімбаев: "Психологиялық тұрғыдан бұл жеңіс - біз үшін өте маңызды"

12 июн. 2016, 14:40 | 1623
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев "Ордабасы" - "Ертіс" кездесуінен кейін KazFootball.kz порталына ойын туралы өз пікірін білдірді:

- Шымкентте күн ерекше ыстық болды. Бұл ойынның өтуіне өзіндік кедергі келтірді. Бірінші таймда қақтығыстар көп болып, комбинациялық футбол көрсете алмадық. Екінші таймда біз өз ойынымызды тауып, паспен көп ойнадық. Негізі  психологиялық тұрғыдан бұл жеңіс - біз үшін өте маңызды. Өйткені, біз бұған дейін үш ойында қатарынан жеңілдік. Матч алдында психологиялық дайындығымыз шамалы төмендеу болған еді. Алайда, алаңға шыққан кезде жанкүйерлер бізді желпіндіріп тастады. Соның арқасында біз бұл маңызды жеңіске қол жеткіздік. 

- Командаға жаңадан қосылған Гогита Гогуаның ойыны туралы не айта аласыз? Бұл ойыншы командаға бірден сіңісіп кете алды ма?

- Гогита командаға бірден сіңісіп кетті. "Ордабасы" ойыншылары да бұл футболшыны құшақ жайып қарсы алды. Сол үшін де ол ешқандай қиналмай, команданың ойын жүйесіне қосылды. Жоғарыда айттым ғой, бірінші таймда қақтығыстар көп болды. Сол себепті ол бірінші таймда көсіліп өнер көрсетті деп айта алмаймын. Есесіне, екінші таймда біз допты бақылауға көшкенде Гогуа орталық алаңдағы нағыз ондыққа айналып, біздің команданың шабуылын үйлестірді. Жалпы, "Ордабасы" үшін бұл ең бір сәтті жасалған трансфер болды деп есептеймін. Алдағы уақытта да Гогита Гогуа бізге көп көмегін тигізетін шығар деген сенім бар.

- Алдағы "Қайратпен" болатын ойын туралы кішігірім ойыңызбен бөлісіп өтсеңіз ...

- "Қайрат" клубымен өтетін ойындар қашан да қиын болды. Оның үстіне алматылық команда енді қарқын ала бастады. Бүгін сырт алаңда "Шахтерді" 5:0 есебімен жеңіпті. Бірінші айналымда біз бұл команданы жеңген едік. Аз да болса іштерінде кектері сақталып қалған шығар. Бірақ, біз бұл ойында мүмкіндігінше толық үш ұпайды алуға тырысамыз.

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх