Алдан Балтаев: "Жарақатымның қаншалықты ауыр екені әзірге белгісіз болып тұр"
— Жағдайым, шүкір жақсы. Бірақ, көңіл-күй түсіп кетті. Командама көмектесе алмайтыныма ызаланып жүрмін. Қазақстанда алдын ала тексеруден өттім. Дегенмен, операцияны шет елде жасатамын. Сол үшін қазір виза жасатып жатырмын.
— Операцияны қай елде жасататын болдыңыз?
— Италияда. Римде жақсы емхана бар. Сол жерде жасатамын.
— Алаңға шамамен қанша уақытта ораласыз?
— Бұл сұраққа қазір нақты жауап бере алмаймын. Жарақатымның қаншалықты ауыр екені әзірге белгісіз болып тұр. Римде тағы тереңдетілген тексерістен өтемін. Содан кейін белгілі болып қалар.
— Соңғы бір айдың ішінде "Атырау" екі ойыншысынан айырылды. Осы жағдайдан кейін команда бірінші алтылыққа ене алады ма?
— Іліну керек. Қазір трансферлік үзіліс. Команда жаңа футболшыларды алатын шығар. Біз жарақатты әдейі алған жоқпыз. Егер, қатарда болсақ, бұл мақсатты орындау үшін аянып қалмайтын едік.
— Әңгімеңізге рақмет. Тез сауығып кетуіңізге тілектеспін.
Уалихан ҚОСАНБАЙ
| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 30 | 59-23 | 68 |
| 2 | Қайрат | 30 | 60-23 | 65 |
| 3 | Астана | 30 | 48-31 | 54 |
| 4 | Оқжетпес | 30 | 49-38 | 54 |
| 5 | Ақтөбе | 30 | 47-39 | 49 |
| 6 | Елімай | 30 | 43-44 | 45 |
| 7 | Тобыл | 30 | 42-42 | 41 |
| 8 | Жеңіс | 30 | 32-40 | 36 |
| 9 | Ұлытау | 30 | 27-38 | 35 |
| 10 | Қызылжар | 30 | 31-42 | 33 |
| 11 | Каспий | 30 | 32-44 | 33 |
| 12 | Ертіс | 30 | 31-44 | 32 |
| 13 | Атырау | 30 | 27-35 | 30 |
| 14 | Алтай | 30 | 31-42 | 28 |
| 15 | Жетісу | 30 | 31-49 | 27 |
| 16 | Қайсар | 30 | 25-41 | 25 |