Главное Маңызды
06 нояб. 2026, 17:40
1640
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу KFF League:
06 нояб. 2026, 17:11
2100
Главный тренер «Кайсара» Талгат Байсуфинов поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Ордабасы», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 нояб. 2026, 09:18
2145
Главный тренер «Аталанты» Маурицио Сарри подвел итоги матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против алматинского «Кайрата» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Football-Italia.net:
06 нояб. 2026, 01:43
3104
Исполняющий обязанности главного тренера алматинского «Кайрата» Жора Арутюнян прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Конференций против «Аталанты» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
05 нояб. 2026, 09:30
2320
Исполняющий обязанности главного тренера «Кайрата» Жора Арутюнян поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против итальянской «Аталанты», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Еркебұлан Тұңғышбаев: "Ордабасы" қазір қарқын алып келеді"

16 июн. 2016, 12:10 | 2263
"Ордабасы" клубының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев Kazfootball.kz порталының тілшісіне "Қайрат" клубына қарсы өткен матч туралы өз ойымен бөлісті:

— «Қайратқа» қарсы кездесулер қай командаға да, қашан да өте қиын болады. Өйткені, команда жоғары деңгейлі футболшылардан құралған. Біз үшін де оңай болды дей алмаймын. Дейтұрғанмен, біз жақсы, тартысты кездесу өткіздік. Жеңіске де жетуге болатын еді. Бірақ, екінші таймда біз шамалы босаңсып қалдық.

— Расында, екінші таймда "Ордабасы" ойыншылары қорғанысқа көп көңіл бөліп кетті. Үзіліс кезінде бапкер қандай кеңестер айтты?

— Асықпай, өз ойынымызды ойнауды сұрады. Қақпамызға гол жіберіп алмауды айтты. Өкінішке орай ойынның соңына қарай біз екі гол жіберіп, үш ұпайды уыстан шығарып алдық.

— "Ордабасы" қазір турнир кестесінде бесінші сатыда тұр. Бұл орынға көңілдеріңіз толады ма?

— Жоқ. Біздің мақсат – мүмкіндігінше жоғары сатыдан көріну. "Ордабасы" қазір қарқын алып келеді. Бұйырса, екінші айналым аяқталғанша жағдайымызды бұдан да жақсартып, жүлдегерлер қатарына қосылу үшін жақсы өнер көрсетуге тырысамыз.

— Жыл басында Бақтияр Даниярұлы команда чемпиондыққа таласады деген болатын. Бапкер сол сәтте шамалы семіздеу айтып қоймады ма? Себебі, қазір "Ордабасы" көш басында келе жатқан ұжымдардан әжептеуір алыстап кетті ғой.

— Әр бапкер өз алдына тек жоғары мақсаттарды қояды ғой. Біздің бапкер бірінші кезекте бізді жігерлердіру үшін солай деп айтты. Біріншілік әлі бел ортасына жеткен жоқ. Алдағы уақытта біз үздіктер қатарына қосылып қалуымыз әбден мүмкін.

— "Ертіс" және "Қайрат" секілді қарымды қарсыласқа қарсы өткізген соңғы екі ойында Сіздер төрт ұпай алдыңыздар. Сіздер үшін мұны жақсы көрсеткіш деп айтсақ болады ма?

— Болады. Себебі, біз турнир кестесінде екінші және үшінші орында тұрған, мықты ұжымдармен кездестік. Қанағат. Бұл екі ойын біздің команда жігіттерінің психологиялық жағдайын жақсартып берді. Ары қарай осы қарқынмен жалғастарымыз, бұйырса.

— Биылғы маусымда Сіз команданың негізгі футболшысына айналдыңыз. Жалпы қазір көрсетіп жүрген өнеріңізге өзіңіз ризасыз ба?

— Футболда ешқашан тоқмейілсіп, бір орында тоқтап қалуға болмайды. Биыл маған бапкер сеніп, негізгі құрамға қойып жүр. Мен сенімнен шығып жатырмын деген ойдамын. Бірақ, ешқашан өз ойыныма көңілім толмайды. Үнемі шеберлігімді арттыру үшін жаттығу жасаймын. Оның үстіне "Ордабасы" сапында мықты футболшылар көп жиналды. Шамалы осалдық көрсетсең, орныңнан айырылып қалуың мүмкін. Биылғы маусымда біздің бапкер ондай мысалдың талайын көрсетті.

— "Қайраттың" жанкүйерлері қашанда мықты қолдау көрсететінін жақсы білеміз. Алматыда шымкенттік жанкүйерлердің қолдауы білінді ме?

— Әрине. Менің ойымша, стадионға жиналған жанкүйерлердің 40-50 пайызы "Ордабасыны" қолдады. Мұндай жағдай бізге қатты көмектесті. Жалпы, шымкенттік жанкүйерлер бізді кез-келген уақытта, барлық қалада қолдайды. Сол үшін де жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді.

— Еркебұлан, соңғы сұрағым болсын, осы ойыннан кейін Азат Нұрғалиев командадан кетеді деген сыбыс шықты. Соңғы ойында капитанды командадан жақсы шығарып салдыңыздар ма?

— Азаттың басқа командаға ауысуы туралы әлі ешқандай ақпаратты білмеймін. Бірақ, капитан бүгін керемет ойын өткізді.

— Әңгімеңізге рақмет!

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх