Главное Маңызды
06 нояб. 2026, 17:40
1634
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу KFF League:
06 нояб. 2026, 17:11
2094
Главный тренер «Кайсара» Талгат Байсуфинов поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Ордабасы», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 нояб. 2026, 09:18
2139
Главный тренер «Аталанты» Маурицио Сарри подвел итоги матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против алматинского «Кайрата» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Football-Italia.net:
06 нояб. 2026, 01:43
3098
Исполняющий обязанности главного тренера алматинского «Кайрата» Жора Арутюнян прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Конференций против «Аталанты» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
05 нояб. 2026, 09:30
2314
Исполняющий обязанности главного тренера «Кайрата» Жора Арутюнян поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против итальянской «Аталанты», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Александр Кислицын: "Ертістен" өз еркіммен кеттім"

18 июн. 2016, 06:00 | 2154
Қазақстан біріншілігіндегі қазірше соңғы трансферлердің бірі – Александр Кислицын болып тұр. Маусымның бірінші айналымын павлодарлық "Ертіс" клубының сапында өткізген қорғаушы кеше "Оқжетпес" клубымен келісім-шартқа отырды. Осы орайда Kazfootball.kz порталының тілшісі қорғаушының өзіне хабарласып, жұмыс орнын не себепті ауыстырғанын анықтап көрді.

— Александар "Ертіс" сапынан не үшін кеттіңіз?

— "Ертістен" мен өз еркіммен кеттім. Команда басшыларымен, бапкерлерімен ешқандай да кикілжіңге келген жоқпын. Соңғы уақытта алаңға шамалы аз шығып жүрдім (3 матчқа шықты – ред). Сол үшін команда ауыстырып, өз бағымды басқа ұжымда сынап көрсем деймін.

— Биылғы маусымда "Ертісте" Сіз ойнайтын позицияда Елдос Ахметов өнер көрсетіп жүр. Мүмкін бәсекелестік жағынан Сіз әріптесіңізге жеңіліп қалған шығарсыз ...

— Бесекелестік бойынша мен Елдостан жеңілдім деп айта алмаймын. Маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарын жақсы өткіздім. Чемпионатқа жақсы дайын болдым. Бірақ, бапкер ойындарға шығармады. Мүмкін, мен Димитар Димитровтың ойын стиліне сай келмеген шығармын. Дегенмен, менің команда бапкерлеріне ешқандай өкпе-назым жоқ. Павлодарда жақсы уақыттарды бастан кештім. Қазір онда керемет ұжым жиналды. «Ертіске» сәттілік тілеймін.

— "Оқжетпес" сапына ауысу туралы ұсыныс қалай пайда болды?

—  "Ертіспен" екі жақты келісім-шартты үзгеннен кейін көкшетаулық команданың басшылары хабарласып, ұсыныс жасады. Алдымен келіссөздер ауызша өтті. Кеше Көкшетауға келіп, ресми шартнамаға қол қойдым. Бұйырса, "Оқжетпес" сапында жыл соңына дейін өнер көрсетемін. Келісімге тез келгеніміз үшін команда басшыларына алғыс айтқым келеді.

— Көкшетаулық команда биыл тәп-тәуір өнер көрсетіп келеді. Алдағы уақытта бұл командадан не күтуге болады? Үздіктердің қатарына қосылатын мүмкіндігі бар ма?

— Мүмкіндік қашан да бар. Тек сол берілетін сәтті дұрыс пайдалану керек. Тіл-көзім тасқа, биыл "Оқжетпес" сәтті өнер көрсетіп жатыр. Владимир Муханов керемет команда жасақтады. Бұйырса, біз үздіктердің қатарына кіріп қаламыз деген ойдамын.

— Владимир Муханов командасына допты көп бақылауды үйретеді. Жалпы, Сіз бұл маманның жұмыс істеу мәнерімен таныссыз ба?

— Владимир Васильевичтің қол астында мен бұған дейін өнер көрсеткен жоқпын. Бірақ, бұл маманның еліміздегі ең таңдаулы бапкерлердің қатарында екеніне еш күмәнім жоқ. Рас, допты көп бақылауға тырысады. Шабуылдан қорғанысқа тез шығып кетуді талап етеді. Бірінші күннің өзінде "Оқжетпес" мені керемет құшақ жайып қарсы алды. Жаңа командаға мен тез сіңісіп кетемін деп отырмын. Өйткені, командадағы көптеген жігіттерді жақсы танимын. Өз тарапымнан «Оқжетпестің» ары қарай сәтті өнер көрсетуіне елеулі үлесімді қосып, команданың жоғары сатыдан көрінуіне септігімді тигіземін деп уәде беремін.

— Әңгімеңізге рақмет. Жаңа командаңызда сәттілік тілмейіз!

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх