Главное Маңызды
06 нояб. 2026, 17:40
1634
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу KFF League:
06 нояб. 2026, 17:11
2094
Главный тренер «Кайсара» Талгат Байсуфинов поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Ордабасы», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 нояб. 2026, 09:18
2139
Главный тренер «Аталанты» Маурицио Сарри подвел итоги матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против алматинского «Кайрата» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Football-Italia.net:
06 нояб. 2026, 01:43
3098
Исполняющий обязанности главного тренера алматинского «Кайрата» Жора Арутюнян прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Конференций против «Аталанты» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
05 нояб. 2026, 09:30
2314
Исполняющий обязанности главного тренера «Кайрата» Жора Арутюнян поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против итальянской «Аталанты», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Қайсар Бекенов: "Биыл біз өткен жетістікті қайталап, оны жаңартамыз деп отырмыз"

18 июн. 2016, 07:30 | 1401
"Астана" клубының бас менеджері Қайсар Бекенов Kazfootball.kz порталының тілшісіне команда ішіндегі жаңалықтар мен дүйсенбі күні тартылатын Чемпиондар лигасының жеребесі туралы айтып берді.

— Қайсар Рауфович, "Астана" командасындағы соңғы жаңалық – Агим Ибраими деген футболшының келгені. Еліміздегі кейбір спорттық басылымдар "Марибордың" бұрынғы футболшысы үшін команда екі миллион еуро жұмсады деген хабар таратты. Бұл рас па?

— Жоқ. Агим Ибраими бізге тегін бұйырды. Өйткені, Словенияда маусым аяқталған соң Ибраими командасымен екі жақты келісім-шартты үзді. Содан кейін бұл футболшыға біз ұсыныс тастадық. Абырой болғанда, футболшымен келісімге тез келдік. Енді ол "Астана" сапына тез бой үйретіп, команданың биік белестерді бағындыруына көмектеседі деген ойдамыз.

— Қазір Қазақстан біріншілігінде трансфер қызып тұр. "Астана" құрамын тағы да күшейтетін шығар. Алдағы уақытта қай позицияға, қандай ойыншы алуды жоспарлап отырсыздар?

— Мен бұл сұраққа қазір нақты жауап бере алмаймын. Себебі, бұл сауалға толық жауапты бапкер бере алады. Негізі бізге мықты бір шабуылшы мен қорғаушы керек. Егер, ел ішінен мықты шабуылшы тапсақ, қорғаушыны сырттан шақырамыз. Ал, таба алмасақ, шабуылшыны шет елден қарастарымз.

— Шабуылшының не қажеті бар? Жуниор Кабананга командаға қайта оралды ғой. Әлде бұл футболшыны сатпақ ойларыңыз бар ма?

— Кабананга қазір командада. Станимир Стойлов бұл футболшының шама-шарқын байқап көрмекші. Негізі мықты шабуылшы. Өткен маусымда "алтын голды" соғып, бізді чемпион қылуға ат салысты ғой. Бірақ, оның болашағы бапкерге байланысты. Егер, көңілден шығып жатпаса, командалар жасап жатқан ұсыныстарды қарастырамыз. Бүгінде бұл футболшыға қызығушылық танытып отырған команданың қатары көп.

— Жаз келгеннен бастап команда бапкері мен ойыншылары "Астана-Аренаның" іші ыстық, футбол ойнау мүмкін емес",- деп шағымданып жатыр. Бұл мәселе шешілді ме?

— Шешілуге жақын. Біз өткен аптада "Астана-Арена" стадионының басшыларына хат жаздық. Бірақ, ол жақта қағазбастылық көбейіп кетті. Дегенмен де, "Ертіске" қарсы кездесуде шатыр ашылады деп отырмыз.

— Толық ашылады ма? Өйткені, стадионның шатыры бұзылып қалған деген мәліметті естіген едік ...

— Ол жағын қазір нақты айта алмаймын. Бірақ, қазірдің өзінде "Астана-Арена" стадионының шатыры жартылай ашық тұр.

— Бұйырса, дүйсенбі күні Чемпиондар лигасының жеребесі тартылады. Бұл шараға "Астана" командасының өкілдері қатысады ма?

— Мен жолға дайындалып жатырмын. Бүгін кешке Ньонға жол тартамын, жеребе тарту рәсіміне куә болып қайтамын.

— Биыл "Астана" кәрі құрлықтың басты додасын екінші айналымнан бастайды. Осы орайда болашақ қарсыластарыңызды бір шолып шықсаңыз ...

— Биыл біз бәсекені "чемпиондар" тобынан, яғни екінші айналымнан бастаймыз. Қарсыластарымыз осал емес. Өз елдерінің чемпиондары. "Жальгирис", "Хапоэль", "Олимпия", "Вардар", "Норрчепинг", "Ференцварош", "Крусейдерс", "Зриньски" сынды командалар бұл айналымға бірден шығып, біздің қарсылас атануы мүмкін. Ал, "ТНС", "Валлетта", "Флора", "Санта Колома", "Б36", "Линкольн", "Алашкерт", "Тре Пенне", "Лиепая" секілді командалардың қай-қайсысы бірінші айналымнан өтсе, бізбен жолы түйісуі ықтимал.

— Соңғы сауал, өткен маусымда елордалық ұжым айды аспанға шығарып, топтық кезеңге бір-ақ жеткен еді. Биыл командадан не күтуге болады?

— Биыл біз өткен жетістікті қайталап, оны жаңартамыз деп отырмыз. Команданың негізгі ойыншылары сақталды. Бастама бар. Футболшылар Чемпиондар лигасындағы жеңістін дәмін татып көрді. Енді сол көрсеткішті қайталауға тас-түйін дайын.

— Әңгімеңізге рақмет!

Уалихан Қосанбай

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх