Главное Маңызды
18 мар. 2026, 12:47
111
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров и ассистентов Премьер-лиги после второго тура.
18 мар. 2026, 10:13
156
Главный тренер актауского «Каспия» Пиралы Алиев прокомментировал матч второго тура Премьер-лиги против «Окжетпеса» (1:3), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
18 мар. 2026, 09:55
184
Главный тренер кокшетауского «Окжетпеса» Ринат Алюетов прокомментировал матч второго тура Премьер-лиги против «Каспия» (3:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
17 мар. 2026, 17:59
2676
Главный тренер национальной сборной Казахстана по футболу Талгат Байсуфинов объявил окончательный список игроков на мартовские матчи турнира FIFA Series 2026, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на сайт КФФ.
17 мар. 2026, 16:37
1096
Национальная сборная Кувейта не примет участия в международном товарищеском турнире FIFA Series 2026 в Астане, сообщает корреспондент KazFootball.kz

"Ақтөбе" ресейлік командаға айналып бара жатқан жоқ па?

26 июн. 2016, 10:10 | 2025
Кеше ғаламторды "Ақтөбе" клубының директоры Дмитрий Васильев пен жанкүйерлер арасында болған әңгіме шарлап кетті. Видеоға қарасаңыз командаға жаны ашыған жанкүйерлер ресейлік маманның қызметінен кетуін талап етіп жатыр. Бірақ, Дмитрий Пантелеевич міз бағар емес. Керісінше, жанкүйерлерге дауыс көтеріп, ұрысып жатыр, деп жазады Kazfootball.kz порталы.

Осы бір жағдайдан кейін іштей құлазып қалдық. Негізі еліміздегі ең мықты, қазақи жанкүйерлер "Ақтөбеде" ғой. Бірақ, осы жанкүйерлерді команда басшылары менсінбей жатыр. Былайша айтқанда, жанкүйерлердің жан-айқайын команда басшылары қыстырып жатқан жоқ. Осы жағдайдан соң "Ақтөбе" ресейлік командаға айналып кеткен жоқ па?», - деген ой сап ете қалды.

Негізі "Ақтөбе" былтырғы маусымның өзінде ресейліктердің сынақ орнына айналып кетті. Естеріңізде шығар, Владимир Газзаев келгеннен кейін командаға ресейлік футболшылар бірінің артынан бірі келе бастады. Тіпті, былтыр командаға Ресейден баспасөз қызметкерін де шақырамыз деген мәлімет шықты. Абырой болғанда, бұл облыстан да жұмысты жүргізе алатын маман табылып, клубтың баспасөз қызметін өз қолына алды. 

Биыл Газзаев орнынан кеткеннен кейін жағдай дұрысталатын шығар деп едік. Бірақ, үмітіміз су сепкендей басылды. Клуб басшылары өткен жылдың қазан айында бүкіл клубтың басшылығын ресейлік Дмитрий Васильевке бере салды. Бар былық осы жерден басталды.

Клубқа келіп, басшылардың құлағын бұрап алған соң, Дмитрий Пантелеевич "Ақтөбені" өз отандастарының ордасына айналдырды. Юрий Уткульбаев деген бапкерді шақырды. Оның артынан еріп футболшылар да келді. Қазір команданың негізгі құрамында ойнайтын футболшылардың көбі ресейліктер. Жоғары деңгейдегі ойыншылар болса мейлі екен. Екінші сорттағы ойыншылар. Өзіміздің ойыншылардан тек Дидар Жалмұқан ғана ойнап жүр.

Содан соң директор қазақ журналистеріне шабуыл жасады. Кімді, не үшін екені белгісіз "жау" қылып тастады. Ал, кешегі тірлігі шектен шығып кетті. Шыдамның да шегі бар деп жайдан-жай айтпаған атам қазақ. Кеше "Ақтөбе" жанкүйерлерінің шыдамы шектен шығып, команданы әуежайдан күтіп алды. Дегенмен, әуежайдан аяқдопшылар мен клуб басшылары бірден тым-тырақай болып кетіп қалған.

Жанкүйерлер директордың ізінен қалмай базаға дейін барған. Кездесіпті. Сөйлесіпті. Біз ол жерде болмадық. Тек видеодан көрдік. Дауысының дірілі тым қатты. Тағы да міз бақпайды жарықтық. Кейбір басылымдардың жазуынша, жанкүйерлерге былапыт сөз де айтыпты.

Пантелеевич барлық шектен шығып кеткен сияқты. Бұл азамат клубты толық ресейліктерге толтырмағанынша командадан кеткені дұрыс секілді. Айтпақшы, сол жиында ол – "Венгрлерден өтпей, бірінші алтылыққа енбесек қызметімнен кетемін", - депті. Енді оның қызметінен кетуі үшін амал жоқ "Ақтөбе" командасына мысық тілеу болайын деп тұрған түріміз бар ... Әйтпесе, команда алдағы уақытта толық орыстанып, Қазақстан ең бір мықты футбол қаласынан айырылып қалуы мүмкін. 

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 2 2-0 6
2 Астана 2 4-1 4
3 Оқжетпес 2 4-2 4
4 Ордабасы 2 4-2 4
5 Ұлытау 2 1-0 4
6 Ақтөбе 2 4-2 3
7 Қызылжар 2 2-2 3
8 Ертіс 2 3-3 2
9 Елімай 2 2-2 2
10 Атырау 2 1-1 2
11 Қайсар 2 1-1 2
12 Алтай 2 1-2 1
13 Жеңіс 2 1-3 1
14 Тобыл 2 3-6 1
15 Жетісу 2 3-6 1
16 Каспий 2 2-5 0
Футболист недели Апта үздігі
Асхат Тағыберген
Асхат Тағыберген
Асхат Тағыберген
Асхат Тағыберген
Полузащитник Жартылай қорғаушы
8
Поиск по сайту
Наверх