Главное Маңызды
23 июн. 2026, 15:46
3260
23 июня 2026 года прошло заседание Контрольного, дисциплинарного и этического комитета Казахстанской федерации футбола, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт КФФ.
22 июн. 2026, 18:57
2444
Бывший главный тренер сборной Казахстана Талгат Байсуфинов объяснил, что стало причиной его ухода с поста главного тренера сборной Казахстана, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Sportarena.kz.
22 июн. 2026, 16:41
1936
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров и ассистентов Премьер-лиги после 14-го тура.
22 июн. 2026, 09:48
1231
Главный тренер «Актобе» Штефан Таркович прокомментировал матч 14-го тура Премьер-лиги против «Астаны» (2:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
22 июн. 2026, 09:36
1150
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян прокомментировал матч 14-го тура Премьер-лиги против «Актобе» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Бірінші алтылыққа кім лайық?

26 июн. 2016, 10:40 | 2122
Футболдан ел біріншілігі қызып жатыр. Бірінші айналымнан кейін оқ бойы озып, үздіктердің қатарынан үміткерлер мен аутсайдерлер де белгілі болып тұр. Бірақ, бірінші алтылыққа кіруі мүмкін деген алтыншы ұжым әлі анықталмады. Kazfootball.kz порталы бұл материалда бірінші алтылыққа қай клубтың кіруі мүмкін екенін анықтап көреді.

Екінші айналымның аяқталуына төрт тур ("Атырау" мен "Тобыл" үшін бес ойын) қалды. Бұрғаны күні бірінші алтылықта болатын бес команда белгілі болып тұр. Олар – «Астана», «Қайрат», «Ертіс», «Оқжетпес» және «Ордабасы». Сонымен қатар, биылғы жылдың аутсайдерлері де айқындалып қалды. Биыл премьер-лигада ойнау құқығын сақтап қалу үшін «Тараз» бен «Ақжайық» таласатын секілді.

Ал, әзірше алғашқы алтылықты түйіндейтін алтыншы команда белгісіз болып тұр. Оған «Атырау», «Тобыл», "Ақтөбе", «Жетісу» және "Шахтер" командалары үміткер. Бұл бестіктің ішінде қай клубтың бірінші алтылыққа қосылатын мүмкіндігі жоғары? Осы сұрақты қарастырып көрейік енді.

Бірінші кезекте бірінші алтылыққа «Атырау» командасының қосылу мүмкіндігі жоғары. Қазір «мұнайшылар» негізгі 6-шы орында тұр. 7-ші орында келе жатқан «Тобылдан» екі ұпайы көп. Бірақ, команданың алдағы күнтізбесіне қарайтын болсақ, қарсыластар қарымды. Келер турда олар «Ордабасыға» қонаққа барса, одан кейін «Ақтөбені» өз алаңында қабылдайды. Содан кейін елордада «Астанаға» қарсы кездесуге келіп, екінші айналымды «Жетісумен» өз алаңдарында аяқтайды. Тағы бір айта кететін жайт, бұл ойындардың арасында «Атырау» өз алаңында «Тобылмен» кейінге шегерілген бір ойынды өткізу керек. Қазір команда футболшыларының көңіл күйі жақсы. Соңғы төрт матчта он ұпай алды. Тек ауыр жарақат алған Ұлан Қонысбаев пен Алдан Балтаев жоқ демесеңіз, қалған ойыншылардың барлығы қатарда. Стойчо Младенов командасына әзірше тек қорғаушы Берік Айтбаев қосылып отыр.

Үздік алтылықтан қостанайлық «Тобылдың» да үміті зор. Қазір Омари Тетрадзе шәкірттерінің еншісінде 21 ұпай бар. 18-ші тур аясында «Тобыл» жамбылдық «Тараздан» жеңіліп, жағдайларын тағы нашарлатып алды. Ал, күнтізбеге қарайтын болсақ, қостанайлық ұжымның қарсыластары «Ертіс», «Қайрат», Оқжетпес» және «Ақжайық» екенін көресіздер. Оралдық командадан үш ұпай алуға болады. Бірақ, алғашқы үш ұжымнан ұпай алу қиындау болайындеп тұр. Одан бөлек, «Атыраумен» өтетін кездесу бар. Сондақтан, Тетрадзе тәлімгерлері биылғы маусымда бірінші алтылыққа кіреді дегенге сену қиындау болып тұр.

Мықтылардың қатарына қосылып қалуы ықтимал деген клубтардың тағы бірі «Ақтөбе». Біркездері қазақ футболының бетке ұстар командасы болып жүрген клуб бірінші айналымды бесінші орында аяқтаған еді. Алайда, екінші айналымда екі ғана ұпай жинап, қақпаларына 19 гол жіберіп алған команда сегізінші орынға сырғып кетті. Дейтұрғанымен, жоғары тұрған екі командаға қарағанда «Ақтөбенің» күнтізбесіндегі ойындары шамалы жеңілдеу. Алдағы уақытта бұл клуб «Ақжайық», «Атырау», «Шахтер» және «Ордабасы» командаларымен кездеседі. Бұл ойындарда төрешілер «тыңнан түлен» тартып жатса, Юрий Уткульбаев командасы бірінші алтылыққа еніп кетуі әбден мүмкін.

Математикалық есеп бойынша «Жетісу» командасының да үздік алты команданың қатарына қосылуға мүмкіндіктері бар. Бұрғаны күні талдықорғандық ұжым тоғызыншы сатыда. Еншілерінде 19 ұпай бар. Алда «Қайрат», «Оқжетпес», Ақжайық» және «Атырау» командаларымен күш сынасады.

Ал, қарағандылық "Шахтердің" кішкене болса да мүмкіндігі болғанымен, ол командаға алғашқы алтылық керек емес секілді...

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ордабасы 14 26-9 34
2 Қайрат 16 26-11 33
3 Оқжетпес 14 20-13 27
4 Ұлытау 14 13-13 23
5 Ақтөбе 14 18-13 22
6 Астана 14 19-15 22
7 Елімай 14 21-19 20
8 Атырау 14 11-9 18
9 Жеңіс 14 11-16 17
10 Жетісу 14 19-22 15
11 Қызылжар 15 17-22 15
12 Қайсар 15 11-18 14
13 Тобыл 14 13-22 12
14 Ертіс 14 13-19 10
15 Алтай 14 9-15 10
16 Каспий 14 8-19 8
Футболист недели Апта үздігі
Максим Самородов
Максим Самородов
Максим Самородов
Максим Самородов
Нападающий Шабуылшы
10
Поиск по сайту
Наверх