Главное Маңызды
06 нояб. 2026, 17:40
1598
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу KFF League:
06 нояб. 2026, 17:11
2060
Главный тренер «Кайсара» Талгат Байсуфинов поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Ордабасы», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 нояб. 2026, 09:18
2105
Главный тренер «Аталанты» Маурицио Сарри подвел итоги матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против алматинского «Кайрата» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Football-Italia.net:
06 нояб. 2026, 01:43
3064
Исполняющий обязанности главного тренера алматинского «Кайрата» Жора Арутюнян прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Конференций против «Аталанты» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
05 нояб. 2026, 09:30
2280
Исполняющий обязанности главного тренера «Кайрата» Жора Арутюнян поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против итальянской «Аталанты», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Аула футболында балаларды кәсіби бапкерлер жаттықтырады

04 июл. 2016, 12:46 | 1846
Қазақстан футбол федерациясы елімізде балалар мен жасөспірімдер және бұқаралық футболды дамыту мақсатында Қазақстанда 2016-2026 жылдары футболды дамыту стратегиясының жобасы («Футбол жолы 2026» стратегиясы) аясында жұмысты бастап кетті.

Астана қаласының аулаларында 8 жастан жоғары балаларға футбол сабақтары тегін жүргізіледі. Қазақстан футбол федерациясы жаттықтырушыларды іріктеп, олардың еңбекақысы мен қажетті спорт жабдықтардың шығынын төлейді.

Болашағынан мол үміт күттіретін жас бапкерлер Ербол Мұсабаев пен Павел Халезов ұлдар мен қыздарға футболдың қыр-сырын меңгеріп, спорттың жаңа түрі - фристайлды үйренуге көмектеседі. Балаларға сыйлық ретінде ойын жейделері мен доптар таратылды.

- Бүгін алғашқы жаттығу болды. Балалар жаттықтырушымен танысты. Ауламызда футбол секциясы ашылды. Балалар жазғы демалыс кезінде жаттықтырушылардың бақылауында болады. Менің балама ұнайды деп ойлаймын. Енді футболды кәсіби деңгейде меңгермек. Бапкердің айтуымен қарсыласын алдауды,  ойын комбинацияларын ұйымдастыруды үйренеді деп ойлаймын, - дейді ата-аналардің бірі Елена Артемьева.

- Қазақстан футбол федерациясы «Футбол жолы 2026» бағдарламасының жобасын аясында аула футболын дамытпақ. Әрі қарай аптасына үш рет жаттығу жүргіземіз. Балалар біздің бақылауымызда болады. Көзге түскен балаларды футбол орталықтары мен балалар және жасөспірімдердің спорт мектептеріне жібереміз. Бапкермен жаттығу балаларға да қызықты болады деп ойлаймын. Өйткені, әртүрлі жаттығулар жасайды, - дейді бапкер Павел Халезов.

- Аулада күн сайын футбол ойнаймыз. Футболға келетін балалар көп. Өзіміз ойнағанда қызық үшін ойнаймыз, ал жаттықтырушы қателіктерімізді көрсетіп, шеберлігімізді шыңдауға көмектеседі. Достарымды шақырамын, - дейді футбол ойнауға келген Рауан Еркінбек. 

Мекенжай:

1. Есіл ауданы, Сауран көшесі 5а, Сарайшық көшесі 34

2. Алматы ауданы, Абылайхан көшесі 49/3, Жұбанов көшесі 10

Осы аптада елорданың тағы төрт алаңында футбол секциясы ашылады. Спорт орталықтарында жұмыс істеуге тағы екі жаттықтырушы шақыртылады. Яғни, футболмен жаттығатын балалардың 120-ға артады. 

ҚФФ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх