Главное Маңызды
23 июн. 2026, 15:46
3192
23 июня 2026 года прошло заседание Контрольного, дисциплинарного и этического комитета Казахстанской федерации футбола, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт КФФ.
22 июн. 2026, 18:57
2438
Бывший главный тренер сборной Казахстана Талгат Байсуфинов объяснил, что стало причиной его ухода с поста главного тренера сборной Казахстана, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Sportarena.kz.
22 июн. 2026, 16:41
1927
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров и ассистентов Премьер-лиги после 14-го тура.
22 июн. 2026, 09:48
1228
Главный тренер «Актобе» Штефан Таркович прокомментировал матч 14-го тура Премьер-лиги против «Астаны» (2:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
22 июн. 2026, 09:36
1145
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян прокомментировал матч 14-го тура Премьер-лиги против «Актобе» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Клубтар төлеп жатқан айыппұлдар қайда кетіп жатыр?

08 июл. 2016, 16:10 | 2022
Осы уақытқа дейін Қазақстан футбол федерациясының Тәртіпті бақылау комитеті бес мәрте бас қосыпты. Жиын барысында комитет мүшелері түрлі шешімдер шығарған. Жаза ретінде ұйым мүшелері клубтарға айыппұл да салған. Бұрнағы күнге дейін комитет қай клубтарға қанша айппұл салды? Клубтар төлеп жатқан ақшалар қайда кетіп жатыр? Kazfootball.kz порталының тілшісі бұл материалда осы сауалдың басын ашып көреді.

Тәртіпті бақылау комитетінің бес жиынының қорытындысы бойынша, 9 клубқа 3 миллион 950 мың көлемінде айыппұл салыныпты. Ең көп опық жеген «Ордабасы» болып тұр. Шымкенттік команда осы уақытқа дейін 1 миллион 300 мың теңге көлемінде айыппұл төлепті.

Одан кейін 950 мың теңге төлеген «Қайрат» клубы жайғасқан. «Астана» 500 мың теңге төлесе, «Ақтөбе» мен «Шахтер» 300 мың, «Ертіс», «Тобыл», «Тараз» клубтары 150 мың теңге көлемінде төлепті.

Клубтардың көбісі негізі айыппұлдарды жанкүйерлердің жат әрекеттері кесірінен төлеп отыр. Мысалы, мұндай әркет үшін «Ордабасы» мен «Қайрат» қазынасындағы 800 мың теңгесінен айырылған.

Сонымен қатар, тәртіпсіздер тізімінде бапкерлер де бар. Бақтияр Байсейітов, Дмитрий Огай, Григорий Бабаянның тәртіпсіздігінен клубтар орта есеппен 150 мың теңге төлеген.

Биылдан бастап Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы әр матчты ғаламторда онлайн көрсететінін баршамыз білеміз. Әткенмен, бұл жағдай да клубтардың қалтасын қағып жатыр. Трансляцияларды бұзған клубтар 150 мың теңгеден айыппұл төлеп отыр.

Бұл тек Премьер-лигада өнер көрсететін клубтардың көрсеткіші. Бұл жерге тағы Қазақстан Кубогы мен Бірінші лиганы қосуға болады. Бұл екі турнирге қатысушыларға 500 мың теңгеден айыппұл салынған.

Клубтарды кенеше сорып алып отырған ақшалар қайда кетіп жатыр? Енді осы сауалдың басын ашып көрсек. Негізі бұл ақшалардың барлығы Қазақстан футбол федерациясының қазынасына түседі. Сол жақта айыппұлдардың қайда жұмсалатыны анықталып отырады.

Біз білетін мәліметтер бойынша, айыппұлдың көп бөлігі төрешілердің қызметіне кетеді екен. Қара қылды қақ жаратын қазылардың қызметі аз тұрмайды.

Мысалы, кездесудің бас төрешісі өз қызметі үшін 196 020 теңге алса, оның көмекшілері 108 900 теңге алады. Төртінші төрешінің жұмысы 54 450 теңгеге бағаланса, қосымша төреші 21 780, матч инспекторына 98 010 теңге беріледі. Бұл тек төрешілердің бір матч үшін алатын жалақысы. Бұған енді олардың жүріс-тұрысы, жатын орнын т.б. шығындарын қосыңыздар. Мұның бәрін де ҚФФ төлеп отырады. Әйтсе де, оның барлығын ҚФФ тек айыппұлмен төлеп отырған жоқ. Клубтар төлеп отырған ақшалар федерацияның тек бір жыртығын жамап отыр.

Клубтардан ҚФФ қазынасына түсіп жатқан ақшалардың бір бөлігі федерация қызметкерлеріне беріледі. Сондай-ақ, бұл ақша негізі еліміздің әр аймағында жас балаларды жаттықтыратын бапкерлердің де нәпақасы екенін айтып кеткеніміз жөн болар.

Салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, биыл клубтарымыз тәртіпті сирек бұзатын болған. Өйткені, өткен жылы дәл осы уақытта командалар 5 миллион теңгедей айыппұл төлеген еді.

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ордабасы 14 26-9 34
2 Қайрат 16 26-11 33
3 Оқжетпес 14 20-13 27
4 Ұлытау 14 13-13 23
5 Ақтөбе 14 18-13 22
6 Астана 14 19-15 22
7 Елімай 14 21-19 20
8 Атырау 14 11-9 18
9 Жеңіс 14 11-16 17
10 Жетісу 14 19-22 15
11 Қызылжар 15 17-22 15
12 Қайсар 15 11-18 14
13 Тобыл 14 13-22 12
14 Ертіс 14 13-19 10
15 Алтай 14 9-15 10
16 Каспий 14 8-19 8
Футболист недели Апта үздігі
Максим Самородов
Максим Самородов
Максим Самородов
Максим Самородов
Нападающий Шабуылшы
10
Поиск по сайту
Наверх