Асхат Тағыберген: "Келесі жылы Еуропа Лигасында сәтті ойын көрсетуге тырысамыз"
- Асхат, жеңіс құтты болсын! Қызылордалықтар осы жеңісті 20 жыл күтті ғой.
- Иә, осы Кубокты 20 жыл күттік. Енді қызылордалықтарға келесі жылы, Құдай қаласа, Еуропа Лигасында сәтті ойын көрсетуге тырысамыз. Барлық қызылордалық жанкүйерлерді және арнайы Қырымбек Көшербаев ағамызды осы жеңіспен шын жүрекпен құттықтаймын!
- Соңғы минутқа дейін жеңіліп жаттыңыздар және бір ойыншыға кем ойнадыңыздар. Сендіңіздер ме жеңіске жететіндеріңізді?
- Әрине, сендік! Қызыл қағаз алғаным үшін барлық жанкүйерлерден кешірім сұраймын! Дегенмен, достарым бар екенін сездім, олар ойынды алып шықты.
- Жанкүйерлердің қолдауы сезілген шығар.
- Әрине, көріп отырғаныңыздай, Қызылордадан 5 мыңдай адам келген шығар. Осыны 20 жыл күтіп, мерейтойға жеттік деп ойлаймын.
- «Қайсар» тұңғыш рет еурокубокта ойнайын деп жатыр. Бұл туралы не айтасыз?
- Қалай айтсам, толқып та тұрмын. Енді, Құдай қаласа, Қызылордаға бір еуропалық командасын алып келеміз деп ойлаймын.
Сейіл Қожатай
| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 28 | 58-20 | 67 |
| 2 | Қайрат | 28 | 57-20 | 63 |
| 3 | Астана | 28 | 46-29 | 52 |
| 4 | Оқжетпес | 28 | 42-37 | 48 |
| 5 | Ақтөбе | 28 | 42-35 | 45 |
| 6 | Елімай | 28 | 40-38 | 44 |
| 7 | Тобыл | 28 | 39-38 | 40 |
| 8 | Ұлытау | 28 | 27-34 | 35 |
| 9 | Каспий | 28 | 31-39 | 33 |
| 10 | Жеңіс | 28 | 29-38 | 32 |
| 11 | Атырау | 28 | 22-32 | 27 |
| 12 | Қызылжар | 28 | 28-41 | 27 |
| 13 | Алтай | 28 | 28-39 | 26 |
| 14 | Ертіс | 28 | 26-42 | 26 |
| 15 | Жетісу | 28 | 28-46 | 25 |
| 16 | Қайсар | 28 | 24-39 | 24 |