Главное Маңызды
20 авг. 2026, 23:16
368
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал первый матч раунда плей-офф Лиги Европы против «Андерлехта» (0:3), сообщает корреспондент KazFootball.kz:
20 авг. 2026, 23:03
243
Главный тренер «Андерлехта» Витор Бруну прокомментировал гостевой матч раунда плей-офф Лиги Европы против «Кайрата» (3:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz.
20 авг. 2026, 11:01
563
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров Кубка Казахстана после ответных матчей ½ финала.
20 авг. 2026, 09:05
235
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин прокомментировал ответный матч полуфинала Кубка Казахстана против «Алтая» (2:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 авг. 2026, 22:06
424
Главный тренер «Жениса» Владимир Слишкович прокомментировал ответный матч полуфинала Кубка Казахстана против «Кайсара» (3:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Бас бапкерсіз жолдастық кездесулерді жоспарлап жүрген кім?

29 янв. 2016, 08:00 | 2217
Кеше футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының 2016 жылғы наурыз және тамыз айларында жолдастық кездесу өткізетіні белгілі болды. Бірақ, баршаңызға аян, қазір футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері жоқ. Бас бапкердің келісімінсіз жолдастық кездесулерді кім белгіледі? Бұл материалда Kazfootball.kz порталының тілшісі осы сауалды ашып көруге тырысады.

Негізі, жолдастық кездесулерді қашан және кіммен өткізу керектігін бас бапкер шешетін дүние. Футбол федерациясының басшылары тек жолдастық кездесуге қатысатын елдермен келісімге келу керек. Бірақ, бізде басқаша. Қазір құраманың бас бапкері жоқ. Дегенмен, осы жылы жолдастық кездесу өткізетін қарсыластарымыз белгілі. Тіпті, күніне дейін. Мұны кім жоспарлап, кім шешіп жүр?

Әдетте жолдастық кездесулер бас бапкердің мақұлдауымен, келісімімен өтпейтін ба еді? Барлық құрамаларда осы жүйе. Ал, біз бас бапкерден бұрын, жолдастық кездесу өткізетін қарсыластарымызды анықтап қойдық.

Қазір Қазақстан құрамасының бас бапкеріне үміткер мамандардың тізімін Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов мырза жасап, келіссөздерді де өзі жүргізіп жүрген көрінеді. Өйткені, футбол федерациясында қызмет атқаратын адамдардың өзі алдағы уақытта құрама тізгінін кім ұстайтынын білмейді.

Демек, жолдастық кездесулердегі қарсыластарымызды да Ерлан Тоқтарханұлының өзі анықтады деп топшылауға болатын секілді. Өйткені, бұл мәселе де құпия түрде шешілді.

Бұл қаншалықты дұрыс? Біздің құраманың болашақ бапкері федерация президентінің бұл шешімін қалай қабылдайды? Алда келетін маманның өзінің тактикасы, өзінің бір ойлағаны да бар шығар. Соны жолдастық кездесулерде шыңдап көргісі де келетіне де анық. Өз тактикасына қарсыласты да ыңғайлап таңдауы мүмкін. Сонда қарсыласты өзгертеміз бе?

Мейлі, жолдастық кездесу өткізетін құрамаларды бекітіп қойды. Енді оны өзгерте алмаса керек. Бірақ, осы жерде көкейге тағы бір сұрақ сап ете қалды. Қырғызстан мен Грузияға қарсы жолдастық кездесуді өткізудің қажеті қанша?

Бұл екі құрамамен Қазақстан бұған дейін жолыққан. Грузия құрамасымен үш мәрте кездесіп, бір рет тең түсіп, бір рет ұтылып, бір мәрте ұтқан. Ала қалпақты ағайындармен біздің құрама 7 мәрте ойнап, 5 рет жеңіске жетсе, 2 мәрте итжығыс түскен.

Біз Қырғызстан, Грузия секілді құрамаларға қарағанда Орталық не Батыс Еуропа құрамаларымен кездессек қалай болады? Ол құрамалардан үйренеріміз де көп. Әлде, әрбір жолдастық кездесуде үшінші не төртінші сорттағы құрамаларды таңдап, “баяғы жартас, сол жартас” күйінде қала береміз бе?

Бұл да бір ойланарлық мәселе ...

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ордабасы 22 43-16 52
2 Қайрат 21 42-15 48
3 Астана 21 34-22 39
4 Оқжетпес 22 35-29 36
5 Ақтөбе 22 32-26 35
6 Елімай 21 31-26 32
7 Ұлытау 22 18-24 28
8 Жеңіс 21 21-24 26
9 Тобыл 21 23-28 25
10 Каспий 22 24-31 23
11 Қызылжар 22 24-32 23
12 Атырау 21 15-21 20
13 Қайсар 21 16-24 20
14 Алтай 22 20-33 19
15 Жетісу 22 24-38 19
16 Ертіс 21 20-30 17
Футболист недели Апта үздігі
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Вратарь Қақпашы
1
Поиск по сайту
Наверх