Главное Маңызды
20 окт. 2026, 09:25
44
Главный тренер сборной Казахстана по футзалу Рикардо Какау прокомментировал предстоящий матч первого тура квалификации Чемпионата Мира-2028 против Беларуси, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу КФФ:
19 окт. 2026, 09:00
986
Ассистент главного тренера «Иртыша» Валерий Бельгибаев прокомментировал матч 23-го тура Премьер-лиги против «Кайрата» (0:5), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
18 окт. 2026, 23:23
1301
Главный тренер «Астаны» дал комментарий после перенесенного матч 23-го тура Премьер-лиги против «Каспия» (2:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
18 окт. 2026, 22:41
1043
Главный тренер «Каспия» Руслан Эсатов прокомментировал перенесенный матч 23-го тура Премьер-лиги против «Астаны» (2:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
18 окт. 2026, 22:34
1090
Главный тренер «Улытау» Нуркен Мазбаев прокомментировал перенесенный матч 23-го тура Премьер-лиги против «Елимая» (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Тимур Досмағамбетов: "Ордабасы" командасында чемпион болуды армандаймын"

27 янв. 2020, 14:58 | 965
"Ордабасы" командасының жартылай қорғаушысы Тимур Досмағамбетов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында команданың жаңа ойыншылары туралы және келесі маусымдағы басымдықтар туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

- Демалыс уақыты қалай өтті?

- Жыл бойына арпалыспен өткен қиын маусымнан кейін отбасыммен Таиландта демалып, күш жинадым. Маған және менің отбасыма бұл елде демалу өте ұнайды. Содан кейін, дәстүр бойынша жаңа жылды ата-аналарыммен бірге қарсы алдым.

- Өткен маусымды қалай бағалайсыз?

- Өткен маусымды сәтті деп санаймын, команда маусымдағы барлық міндеттерді орындады. Құрамадағы мықты футболшылардың мүмкіндігі жоғары еді. Чемпионаттың соңына дейін күрестік. Дегенмен соңғы бес турдағы жағдайды ескерсек, турнирлік кестеде үшінші орын біздің команда үшін сәтті болды деп ойлаймын.

- Жиынға қандай көңіл-күймен келдіңіз?

- Шынымды айтсам, мен үшін алғашқы жиындарға дейін екі ай үзіліс - көп. Кез-келген жағдайда біз спорттық формаңызды жоғалтқымыз келмейді. Өз бетіңмен қанша жаттықсаң да, командамен бірге жүргендей болмайды. Жеке жаттығумен, ұжым болып жасаған дайындықты салыстыруға келмейді. Оны барлық футболшылар түсінетін шығар.

- Келесі маусымға қандай үміт артасыз?

- Әрине, тек оңынан болсын деп үміт етеміз. Біріншіден, клуб басшылығы алдына қойған барлық міндеттерді орындау алуы керек. Әрине, басты арманым "Ордабасы" сапында ел чемпионы атанып, Шымкент футболының тарихында чемпион болды деген атпен қалсам деймін. Сонымен қатар, Еуропа Лигасында сәтті өнер көрсету.

- Команданың жаңадан келгендерін қалай бағалайсыз? Бұрын біреумен таныс болдыңыз ма?

- Жаңа ойыншылар командаға әлі толық келген жоқ. Дегенмен қазір қатарымызға қосылған Сергей Хижниченкомен бұрыннан таныстығымыз қалыптасқан ежелгі достармыз. Ал, Александр Симчевичпен 2018 жылы "Ордабасы" жиынында таныстық. Сол себепті осы екі жігітпен жақсы таныспыз. Олар бұған дейін де "Ордабасыда" ойнап, шымкенттік жанкүйерлерге жақсы таныс болған ойыншылар.

- Өткен маусыммен салыстырғанда қорғаныс желісі өзгереді. Жаңа ойыншылармен өзара түсіністікті қалай тез жолға қоюға болады?

- Қорғаныс саласындағы өзгерістерге келер болсақ, қандай да бір түсініспеушілік орын алады деп ойламаймын. Себебі жаттықтырушының талаптары барлығына бірдей болады. Талап қатаң болған жерде тәртіп бар. Әрине, ортақ тіл табысу керек, өйткені біз барлық ойын жағдайларында бір-бірімізді қорғап жүруге міндеттіміз. Футбол - ұжымдық ойын. Команданың бірлігі ұлы жеңістерге бастама болады. Сөз соңында жанкүйерлерімізге арнайы сәлем жолдағым келеді. Біз қашан да өз жеңісімізбен, тамаша ойындарымызбен оларды қуантуға күш саламыз. Сол үшін де қазір жан-жақты бағытта жұмыс жасап жатырмыз!

"Ордабасы" ФК

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 28 58-20 67
2 Қайрат 28 57-20 63
3 Астана 28 46-29 52
4 Оқжетпес 28 42-37 48
5 Ақтөбе 28 42-35 45
6 Елімай 28 40-38 44
7 Тобыл 28 39-38 40
8 Ұлытау 28 27-34 35
9 Каспий 28 31-39 33
10 Жеңіс 28 29-38 32
11 Атырау 28 22-32 27
12 Қызылжар 28 28-41 27
13 Алтай 28 28-39 26
14 Ертіс 28 26-42 26
15 Жетісу 28 28-46 25
16 Қайсар 28 24-39 24
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх