Кабанангаға «Карабюкспордан» басқа бірнеше клуб қызығушылық білдіріп отыр
Бүгін бірнеше отандық спорт порталдары «Астана» клубының конголық шабуылшысы Жуниор Кабананга Түркияның «Кардемир Карабюкспорт» клубына ауысатыны туралы жарыса жазды. Ал, Карабюк қаласының намысын қорғайтын клубтың басшысы Феридун Танкутер «Yeni Karabük» порталына келіссөздер аяқталуға жақын екендігін де айтыпты.
Сонымен қатар, бүкіл әлемдегі трансферлік нарықты бақылап отыратын Transfermarkt.de порталы да Кабананганы «Карабюкспорт» қатарына қосып қойды. Тіпті трансфердің құнын 1 миллион еуроға бағалады.
Бірақ, 26 жастағы шабуылшы әлі ресми ешқандай да клубтың қатарына ауысқан жоқ. Дегенмен де, бұл футболшыға бірнеше клубтан ұсыныс түскен. Қазіргі уақытта клуб басшылары мен футболшы бұл ұсыныстарды қарастырып жатыр. Бұл туралы Kazfootball.kz порталының тілшісіне «Астана» клубының бас менеджері Қайсар Бекенов айтып берді.
— Қазір Кабананга «Астана» сапында. Жаттығу жиындарын өтізіп жатыр. Түркияның «Карабюкспор» клубының ұсыныс түскені рас. Келіссөздер де жүргіздік. Бірақ, бүгінгі таңда Жуниорға «Карабюкспордан» бөлек тағы бірнеше клуб ұсыныс жасап отыр. Нақты қай клубтар екенін айта алмаймын. Біз ол ұсыныстарды да қарастырып жатырмыз, - дейді бас менеджер.
Сурет: vesti.kz
| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 30 | 59-23 | 68 |
| 2 | Қайрат | 30 | 60-23 | 65 |
| 3 | Астана | 30 | 48-31 | 54 |
| 4 | Оқжетпес | 30 | 49-38 | 54 |
| 5 | Ақтөбе | 30 | 47-39 | 49 |
| 6 | Елімай | 30 | 43-44 | 45 |
| 7 | Тобыл | 30 | 42-42 | 41 |
| 8 | Жеңіс | 30 | 32-40 | 36 |
| 9 | Ұлытау | 30 | 27-38 | 35 |
| 10 | Қызылжар | 30 | 31-42 | 33 |
| 11 | Каспий | 30 | 32-44 | 33 |
| 12 | Ертіс | 30 | 31-44 | 32 |
| 13 | Атырау | 30 | 27-35 | 30 |
| 14 | Алтай | 30 | 31-42 | 28 |
| 15 | Жетісу | 30 | 31-49 | 27 |
| 16 | Қайсар | 30 | 25-41 | 25 |