Главное Маңызды
24 окт. 2026, 13:15
579
Защитник «Ордабасы» Сергей Малый в поединке 23-го тура против «Актобе» (3:1) провёл свой 300-й матч в казахстанской Премьер-лиге, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 окт. 2026, 10:00
361
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров и ассистентов Премьер-лиги после 23-го тура.
22 окт. 2026, 22:41
2840
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал матч второго тура Лиги Конференций против «Панатинаикоса» (1:5), сообщает корреспондент KazFootball.kz:
22 окт. 2026, 22:23
1328
Главный тренер «Панатинаикоса» Якоб Нееструп подвел итоги матча второго тура общего этапа Лиги Конференций против «Кайрата» (5:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz.
21 окт. 2026, 15:50
1653
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал предстоящий матч второго тура общего этапа Лиги Конференций против греческого «Панатинаикоса», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба.

"Қазақстан" жастары тағы да жеңіске жетті

09 авг. 2016, 18:51 | 1802
Футбол жанкүйерлерін өте қызықты матч күткен еді. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бразилиялық жоба «Крузейро» командасымен кездесті. Бірінші минуттан командалар шабуылға ден қойды, Алдымен, «Крузейро» командасының ойыншысы Дмитрий Бачек айып добынан қауіпті соққы бағыттады. Кейін жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Андрей Ульшин соққысын қақпашы қайтара білді.

Келесі шабуылда Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алға шықты. Есеп ашқан Денис Красноперов болатын. Жылдам гол өткізіп алғаннан кейін «Крузейро» командасының ойыншылары есепті теңестіруге ұмтылды. Алайда, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қорғаушылары сауатты қорғана алды. Александр Кузнецов шәкірттері араға бірнеше минут есепті еселеді. Мәди Жақыпбаев айып алаңына еніп, Еркебұлан Сейдахметке пас тастады. Ол өз кезегінде өз мүмкіндігін ұтымды пайдаланды. Есеп – 2:0.

Араға аз уақыт салып «Крузейро» ойыншысы Равиль Ибрагимов бірнеше ойыншыны алдап өтіп, қақпаға тура соққы бағыттады. Оның соққысын қақпашы Данил Устименко тойтарды. Кейін оның командаласы Дмитрий Бачек гол соғатын ұтымды сәтті пайдалана алмады. Абзал Оразбаев соққысы да көздеген мақсатына жетпеді.

Ал, Александр Кузнецов шәкірттері жақсы қарымта шабуыл ұйымдастырды. Руслан Маханның алыстан  бағыттаған  соққысы қақпа маңдайшасынан кері қайтты. Дегенмен Руслан Махан өз дегеніне жетіп,  «Крузейро» қақпашысы Ернар Сайлауов қорғаған қақпаға гол соға алды. Ол бұрыштамадан ойнатылған доппен айып алаңына еніп, қақпаға дәл соққы жасады. Бірінші тайм 3:0 есебімен аяқталды.

Екінші таймда Александр Кузнецов шәкірттері қарқынан тоқтатпады. «Крузейро» футболшылары да шабуылын бәсеңдеткен жоқ. Алайда, екінші таймдағы жалғыз голды Денис Красноперов соқты.

Қазақстан – «Крузейро» (Қазақстан) - 4:0 (3:0)

Голдар: Красноперов 6, Сейдахмет 14, Махан 28, Красноперов 45.

Қазақстан: Устименко, Әйтім, Ілиясов, Совет, Сағнаев, Ульшин, Жақыпбаев, Красноперов, Қашкен, Сейдахмет, Махан.

«Крузейро» (Қазақстан): Сайлауов, Эмиров, Руссков, Бектай, Жұпқазиев, Ибрагимов, Нұрбол, Жанбаев, Бачек, Қараман, Оразбаев.

Төрешілер: Чеховский, Якбаров, Филипчук, Лесив - (барлығы - Қазақстан)

Шымкент. «Намыс» стадионы. 9 тамыз, 2016 жыл.

ҚФФ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 28 58-20 67
2 Қайрат 28 57-20 63
3 Астана 28 46-29 52
4 Оқжетпес 28 42-37 48
5 Ақтөбе 28 42-35 45
6 Елімай 28 40-38 44
7 Тобыл 28 39-38 40
8 Ұлытау 28 27-34 35
9 Каспий 28 31-39 33
10 Жеңіс 28 29-38 32
11 Атырау 28 22-32 27
12 Қызылжар 28 28-41 27
13 Алтай 28 28-39 26
14 Ертіс 28 26-42 26
15 Жетісу 28 28-46 25
16 Қайсар 28 24-39 24
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх