Бауыржан Исламхан: "Балалар үшін әрбір алған медаль, әрбір алған жүлде маңызды деп білемін"
- Сіз де осы балалар секілді кішкентай кезіңізден доп тептіңіз? Бүгінгі жарысты ұйымдастырудағы негізгі мақсатыңыз қандай?
- Дұрыс айтасыз, өзім де осындай кішкентай турнирлерде талай доп тептім, осындай турнирлерден шықтым. Тараз қаласының жасыл алаңдарында ойнадым. Осы жерде футболшы ретінде қалыптастым десем де болады. Туған жерге келіп, жыл сайын осындай турнир өткізуді ұйғарып отырмын. Жастар өссін, Қазақстанның туын желбіретсін, кім біледі болашақта осы тұрған ойыншылар ішінен бізден де мықты футболшылар шығатын шығар. Әзірге, он команда қатысқанымен, болашақта олардың саны өсетініне мен сенімдімін.
- Бұл жарыстан не күтесіз? Қазір балалар үшін не маңызды?
- Әрине, балалар үшін әрбір алған медаль, әрбір алған жүлде маңызды деп білемін. Себебі, кезінде өзіміз де қолымызға кубок ала қалсақ, оны басымызға көтеріп, қуанғаннан төбеміз көкке көтерілетін. Қазір өздеріңіз көріп тұрғандай Ақтөбе, Шымкент, Алматы қалаларынан командалалар келді. Олардың басшыларына да алғысым шексіз. Бізді сыйлап, біздің шақыртуымызды қабыл алғандарына. Бұл турнирдің әзірге бастамасы жаман емес. Көріп тұрсыздар осында 200-ден астам футболшы жүр. Оның ауқымы әлі де кеңейеді. Осы турнирді ұйымдастыруға ат салысқан барлық ағаларыма алғыс айтамын.
"Тараз" ФК
| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 30 | 59-23 | 68 |
| 2 | Қайрат | 30 | 60-23 | 65 |
| 3 | Астана | 30 | 48-31 | 54 |
| 4 | Оқжетпес | 30 | 49-38 | 54 |
| 5 | Ақтөбе | 30 | 47-39 | 49 |
| 6 | Елімай | 30 | 43-44 | 45 |
| 7 | Тобыл | 30 | 42-42 | 41 |
| 8 | Жеңіс | 30 | 32-40 | 36 |
| 9 | Ұлытау | 30 | 27-38 | 35 |
| 10 | Қызылжар | 30 | 31-42 | 33 |
| 11 | Каспий | 30 | 32-44 | 33 |
| 12 | Ертіс | 30 | 31-44 | 32 |
| 13 | Атырау | 30 | 27-35 | 30 |
| 14 | Алтай | 30 | 31-42 | 28 |
| 15 | Жетісу | 30 | 31-49 | 27 |
| 16 | Қайсар | 30 | 25-41 | 25 |