Главное Маңызды
06 нояб. 2026, 17:40
1508
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу KFF League:
06 нояб. 2026, 17:11
1974
Главный тренер «Кайсара» Талгат Байсуфинов поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Ордабасы», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 нояб. 2026, 09:18
2019
Главный тренер «Аталанты» Маурицио Сарри подвел итоги матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против алматинского «Кайрата» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Football-Italia.net:
06 нояб. 2026, 01:43
2978
Исполняющий обязанности главного тренера алматинского «Кайрата» Жора Арутюнян прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Конференций против «Аталанты» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
05 нояб. 2026, 09:30
2192
Исполняющий обязанности главного тренера «Кайрата» Жора Арутюнян поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против итальянской «Аталанты», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Бахыт Сарыбаев: "Біздің орталықтың негізгі мақсаты - "Тараз" командасының негізгі құрамына ойыншылар дайындау"

12 авг. 2016, 02:00 | 2049
"Тараз" футбол орталығының басшысы Бахыт Асқарұлы Сарыбаевпен орталықтың бүгіні мен ертеңі жайлы сұқбатты назарларыңызға ұсынамыз.

- Бахыт Асқарұлы «Тараз» футбол орталығының негізгі жұмысы жайлы оқырмандарға ақпарат бере отырсаңыз?

- Жалпы, біздің футбол орталығының негізі 2009 жылы қаланғанымен, 2012 жылдан бастап толық қанды жұмыс істей бастадық. Қазіргі таңда құдайға шүкір, бізде түрлі жастағы 450 бала тәрбиеленеді. Олар мұнда 6-7 жастан бастап қабылданады. Құрамымызда 15 жаттықтырушы бар. Отыратын жеріміз «Жастар» стадионының базасында. Біздегі ең үлкен топ 1998 жылы туылған балалар болса, ең кішілері 2004 жылғы жасөспірімдер. 

- Құрамдарыңызда қанша команда бар және қандай жетістіктермен қуанта аласыз?

- Бізде жеті жас ерекшелігі бойынша, жеті команда жасақталған. Олар жастар мен жасөспірімдер арасындағы түрлі жарыстарда жүлдемен оралып жүргендігін мақтанышпен айта аламын. Биылғы жылғы чемпионат әлі аяқталмағанымен, біздің командалар қазірдің өзінде жақсы нәтиже көрсетіп, бәсекенің ақтық сындарына дейін жолдама алды. Біздің орталықтың негізгі мақсаты - «Тараз» командасының негізгі құрамына ойыншылар дайындау. Сондай-ақ, қазіргі уақытта «Тараз» командасы сапындағы Абзал Таубай, Әлішер Сүлей сынды футболшылар біздің түлектеріміз. Ал, қосалқы құрамда ойнап жүрген қазіргі ойыншылардың барлығы біздің орталықтың балалары. Өткен жылы өздеріңіз білетіндей "Тараздың" қосалқы құрамы ел біріншілігінде бірінші орын алды. Биыл да олардан үміт зор. 

- Жыл сайын қандай да бір турнирлер, іс-шаралар өткізіп отырасыздар ма?

- Әрине, ол дәстүрлі түрде өтеді. Жыл сайын түрлі республикалық турнирлерге қатысамыз және өзіміз де ұйымдастырып отырамыз. Мәселен: биылғы жылы «Қазфосфат» кубогы үшін турнир, Жапар Сауырғалиевке арналған турнирді сәтті өткіздік. Қазір өздеріңіз білесіздер Бауыржан Исламханның жүлдесі жолындағы жарыстар жүріп жатыр. Бұның барлығы да Жамбыл футболының дамуы үшін өткізіліп отырған шаралар. 

- Сіздердің қандай да бір іс–шаралар, жарыстар өткізу үшін демеушілеріңіз барма? Әлде барлық ойындар мемлекет есебінен қаржыландырылады ма?

- Сұрағыңыз орынды. Бұны айтпай кетпеске болмас. Мәселен: жаңағы «Казфосфат» кубогы жолындағы жарысты өткізуге компания директоры Мұқаш Ескендіровтың демеушілік жасағандығын айта кету керек. Сондай-ақ «Шолақтау» кен орнының басшысы Мұратқали Сәрсеновке де алғысымыз шексіз. Ал, ТИГУ-ректоры Ерболат Саурықов пен «Дантист» ЖШС-нің басшысы Шухрат Юнусовтың арқасында біздің 20 бала биыл Ақмола облысындағы Зеренді жеріне барып демалып келді. Балалар үшін барын беріп отырған бұл азаматтарға алғыстан басқа айтарым жоқ.

- Бүгінгі таңда футбол орталықтарында қандай да бір мәселелер барма?

- Енді мен үлкен проблема деп айтпас едім. Бірақ, болашақта шешуге тиісті мәселелер жоқ емес деп ойлаймын. Өйткені, кейде футбол алаңдарының жоқтығынан қиналамыз, жаттығу залдары да көп керек. Ең бастысы аудандарда филиалдарымыз ашылса, нұр үстіне нұр болар еді. Себебі, нағыз талантты балалар ауылдардан шығып жатыр. Мұнда отырып алып, біз оны көрмеуіміз мүмкін. Егер осындай өзекті мәселелер дұрыс шешілсе, Жамбыл жері әлі талай жастарды дүниеге әкеледі деп сенемін.

- Әңгімеңізге рахмет!

"Тараз" ФК

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх