Бауыржан Тұрысбек "Жетісумен" келісім-шартын ұзартты
05 февр. 2016, 09:40
|
2570
24 жастағы жартылай қорғаушы өткен маусымның бірінші бөлігін Сербияның "Раднички Ниш" клубының қатарында өткізіп, маусымның екінші бөлігінде Талдықорғандық "Жетісу" клубының сапына қосылған болатын. Бірақ, 2015 жылдың соңында 24 жастағы футболшының "Жетісу" клубымен келісім-шарт мерзімі аяқталған.
Дегенмен де, Бауыржан Тұрысбек "Жетісу" сапынан басқа клубқа кеткен жоқ. Керісінше маусымдағы бірінші оқу-жаттығу жиындарын талдықорғандық клуб қатарында бастап, бапкерлердің бақылауынан өткен. Ал, жиын соңында клуб басшылары футболшымен бір жылдық келісім-шарт жасауды жөн санапты.
Сурет: vk.com
Турнирная таблица
Турнирлік кесте
| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 30 | 59-23 | 68 |
| 2 | Қайрат | 30 | 60-23 | 65 |
| 3 | Астана | 30 | 48-31 | 54 |
| 4 | Оқжетпес | 30 | 49-38 | 54 |
| 5 | Ақтөбе | 30 | 47-39 | 49 |
| 6 | Елімай | 30 | 43-44 | 45 |
| 7 | Тобыл | 30 | 42-42 | 41 |
| 8 | Жеңіс | 30 | 32-40 | 36 |
| 9 | Ұлытау | 30 | 27-38 | 35 |
| 10 | Қызылжар | 30 | 31-42 | 33 |
| 11 | Каспий | 30 | 32-44 | 33 |
| 12 | Ертіс | 30 | 31-44 | 32 |
| 13 | Атырау | 30 | 27-35 | 30 |
| 14 | Алтай | 30 | 31-42 | 28 |
| 15 | Жетісу | 30 | 31-49 | 27 |
| 16 | Қайсар | 30 | 25-41 | 25 |
Футболист недели
Апта үздігі
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту