Қуаныш Қарақұлов "Мақтаарал" клубының бапкерлер қатарына қосылды
Қуаныш Қарақұлов футболшы кезінде "Жігер" (Шымкент), "Қайрат" (Алматы), "Атырау" (Атырау), "Оқжетпес" (Көкшетау) және "Ордабасы" (Шымкент) секілді клубтардың намысын қорғаған. Ал, бапкерлек қызметке 2013 жылы ауысқан. Ол кезде Қарақұлов "Ордабасы" клубының аға бапкері атанып, Виктор Пасульконың көмекшісі болған еді.
Бүгін Қуаныш Қарақұловтың шымкенттік ұжыммен келісім-шарт мерзімі аяқталғаны белгілі болды. Енді бұл маман Бірінші лигада өнер көрсететін "Мақтаарал" клубы сапында жұмыс істейтін болады.
— "Ордабасымен" келісім-шартым аяқталды. Содан кейін, "Мақтаарал" клубынан ұсыныс түсті. Мен көп ойланбастан бірден келісімімді бердім. Бұйырса, енді Шайзидин Кенжебаевтың көмекшісі боламын. Менен бөлек, клубқа көмекші қызметіне Павел Евтеев те келді. Осы маман екеуміз бірігіп жұмыс істейтін боламыз, - дейді бапкер Kazfootball.kz тілшісіне берген сұқбатында.
Сурет: vk.com
| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 30 | 59-23 | 68 |
| 2 | Қайрат | 30 | 60-23 | 65 |
| 3 | Астана | 30 | 48-31 | 54 |
| 4 | Оқжетпес | 30 | 49-38 | 54 |
| 5 | Ақтөбе | 30 | 47-39 | 49 |
| 6 | Елімай | 30 | 43-44 | 45 |
| 7 | Тобыл | 30 | 42-42 | 41 |
| 8 | Жеңіс | 30 | 32-40 | 36 |
| 9 | Ұлытау | 30 | 27-38 | 35 |
| 10 | Қызылжар | 30 | 31-42 | 33 |
| 11 | Каспий | 30 | 32-44 | 33 |
| 12 | Ертіс | 30 | 31-44 | 32 |
| 13 | Атырау | 30 | 27-35 | 30 |
| 14 | Алтай | 30 | 31-42 | 28 |
| 15 | Жетісу | 30 | 31-49 | 27 |
| 16 | Қайсар | 30 | 25-41 | 25 |