Главное Маңызды
06 апр. 2026, 18:14
1553
Главный тренер «Улытау» Нуркен Мазбаев прокомментировал матч четвертого тура Премьер-лиги против «Актобе» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 апр. 2026, 09:33
2392
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч четвертого тура Премьер-лиги против «Каспия» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
06 апр. 2026, 09:19
1539
Главный тренер «Окжетпеса» Ринат Алюетов прокомментировал матч четвертого тура Премьер-лиги против «Жениса» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
05 апр. 2026, 23:00
4438
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал матч четвертого тура Премьер-лиги против «Астаны» (4:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz.
05 апр. 2026, 22:52
2572
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян прокомментировал матч четвертого тура Премьер-лиги против «Кайрата» (0:4), сообщает корреспондент KazFootball.kz.

Ресей бізге жақын, бірақ баруға жол алыс

04 сент. 2016, 04:20 | 1973
“Ұлттық құрамамыз бәлкім осы жолы сәтті өнер көрсетер” - деген тағы бір үміт оты тұтанған сәт. 2018 жылы Ресей төрінде өтетін әлем чемпионатының ірктеу кезеңі басталу алдында. Ертең, яғни 4 қыркүйек күні бас командамыз “Астана-Аренада” Польша құрамасын қабылдайды. Армения, Румыния, Черногория, Польша, Дания құрамаларының арасынан кем дегенде екінші орынды иелену біздің жігіттердің қолынан келеді ме? Әр жолы ұлттық құрамамыз ірі турнирдің іріктеуіне қатысқанда үйде отырып тақымымызды қысамыз, өкініштісі, үмітіміз әлі ақталмай келеді. Бәлкім осы жолы жолымыз болар.

Бұдан бұрын бес мәрте бақ сынағанбыз

Еліміз егемендік алып, жеке ту тіккелі бес әлем біріншілігінің іріктеу сынында бақ сынадық. Бұның алғашқы екі кезегінде Азия құрлығының алыптарымен алыссақ, соңғы үш мәртесінде Еуропаның ең мықтылармен күш сынасып жүрміз. Бір қызығы біздің ең жақсы нәтижеміз іріктеуге ең алғаш қатысқанда тіркелген екен. 1998 жылы Франция жерінде өткен әлем біріншілігінің іріктеу кезеңінде Азия құрлығының атынан қатысып, екінші айналымға өткен болатынбыз. Бірақ екінші айналымда Жапония, Оңтүстік Көрея секілді алпауыттардың алдын ораудың сәті түскен жоқ.

Қазақстан құрамасы 2002 жылғы ғалам біріншілігіне бару үшін де аянып қалған жоқ. Азия құрлығының бірінші іріктеу кезңінде тәп-тәуір өнер көрсетіп, Ирак құрамасымен ұпайы тең түсті. Өкініштісі соққан голдарының есебінен өз тобында екінші орын алып екінші айналымға өте алмаған болатын.

Бәріміз білетіндей 2002 жылы Қазақстан футбол федерациясы УЕФА-ға мүше болып қабылданды. 2006 жылғы чемпионат Германияда өтті. Алғаш рет Еуропа аймағында іріктеуге қатысқан Қазақстан құрамасы жақсы нәтиже көрсете алған жоқ. Германия жерінде өнер көрсету үшін біздің командаға Украина, Түркия, Албания, Грузия, Дания, Грекия құрамаларынан басым түсу керек болған. Өкініштісі, УЕФА-ның жаңа мүшесі атанған Қазақстан 12 кездесуден бар болғаны бір ұпай ғана олжалап, топта соңғы орын алды (сырт алаңда Грузиямен тең ойнады 0:0).

Келесі ғалам біріншілігіне ірктеуде Қазақстан құрамасына жеребе сәтті түспеді. 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасына жол ашатын жалғыз жолдамаға Англия, Украина, Хорватия, Белоруссия, Андорра командаларымен таласты (топта екінші орын алған команда қосымша іріктеуге қатысады). Нәтижесінде, тек алақандай мемлекет Андоррадан ғана басым түсіп, 6 ұпай жинап, топта бесінші орын алды. 

Біздің команда 2014 жылы Бразилияға да бара алған жоқ. Германия, Швеция, Австрия, Ирландия, Фарер аралдары құрамаларымен бір топта өнер көрсетіп, 5 ұпай жинап, бесінші орын алды. Бұл жолы да көш соңында қалған арал мемлекет біздің қоржынға төрт ұпай салды.

Мүмкін осы жолы бағымыз жанар ...

Міне, біздің әлем чемпионатына қатысу жолындағы талпынысымыздың тарихы осылай. Бес мүмкіндік, бес сәтсіздік! Қазақ жанкүйерлері өз командасының ғаламның бірінші додасына баруынан әлі үмітін үзген емес. Әр төрт жылды төрт көзбен асыға күтіп жүреді. Соңғы жылдары қазақ футболында оң өзгерістер орын алуда. Бас командамызда бұрынғыдай жүйесіздік жоқ, ойыншылармыздың әлеуеті де артқан. Ірі есеппен масқара болып ұтылу да жоғалған. Тіптен қуантарлығы құраманың негізін қазақ футболшылар құрайды қазір.

Қазақ жанүйерлерінің жақсы нәтиже күтуіне үш себеп:

1. Қазақ даласында футбол қарқынды дамып келеді. Бұған жыл сайын өтетін Еурододаларда өнер көрсетіп жүрген қазақстандық командалар куә. “Астана” командасы қатарынан екінші жыл Еуропалық турнирдің топтық кезеңінде өнер көрсеткелі отыр. “Қайраттың” қаншалық қуатты командаға айналғанын жарым Еуропа жадына сақтап үлгірді. Ұлттық құрамамыздың көп санды ойыншылары осы екі командадан шақыртылған, демек, олар клубтағы көрсеткіштерін құрамада да көрсете алады деп сенуге болады.

2. Ұлттық құраманың деңгейі бұрынғыдан бір бас жоғары. Жоғарыда айтқанымыздай, елімізде пайда болған екі Еуропалық команда “Астана” мен “Қайраттың” арқасында ұлттық құрама ойыншыларының деңгейі әлдеқайда өсті. Оның үстіне, құрама сапындағы жігіттердің көбі жас, жігерлі жігіттер. Смақов, Лория, Байжанов үшеуінен басқа футболшылардың жастары 23-28 жас шамасында. Барлығының ең бір толысып-жетілген шағы. Әрі барлығы өз елімізде туып-өскен, өз ұландарымыз. Бұрынғыдай келімсектер мен Ресейдің екінші сортты ойыншылары жоқ. Тек Сергей Малый ғана (Украина). 

3. Біздің топта айқын фаворит жоқ. Бұрындары біз түскен топта үнемі бір анық фаворит кездесіп жүрді. Англия, Германия секілді. Ал, бұл жолы ондай қарсылас жоқ. Польша бәрінен мықты көрінгенімен, оларды ұтып тастауға Румынияның да, Данияның да, тіпті, Армения мен Черногорияның да шамасы жетеді. Әрине, қазақтардың да қарап қалмасы сөзсіз. Сол секілді аталған командалардың әрқайсысы бір-бірін жеңіп кетуге әбден мүмкіндіктері бар. Демек біздің топта он ойында да ұпай алып жеке-дара көш бастап кететін команда шыға қоймас. Алты құрама да ұпайдан құр қалмауы мүмкін, бәрінде де мүмкіндік бар.

Қарсыластардан қанша ұпай алуымыз мүмкін?

Польшаға қарсы: 3 немесе 1 ұпай алуға мүмкіндік бар

Польша командасы: бүгінгі күні Еуропаның ең беделді құрамаларының бірі саналады. ФИФА рейтингінде 16-шы орында тұр. Жазда өткен Еуропа чемпионатында ширек финалға дейін жетіп, соңында чемпион болған Португалия құрмасына пенальти сериясында жол берді.

Әлем чемпионатының ең байырғы қатысушыларының бірі саналады. 1930 жылы өткен тұңғыш ӘЧ-ның іріктеуіне қатысқан. Бүгінге дейін 7 мәрте әлем біріншілігінің финалдық кезеңінде бақ сынап, екі рет қола жүлдеге қол жеткізген. Біздің топтағы ӘЧ-да тәжірибиесі ең мол команда. Бірақ, олар соңғы екі чемпионатқа бара алған жоқ. 2010 және 2014 жылдары іріктеуден сүрінді.

Команда сапындағы ойыншылары өте мықты. Барлығы мықты чемпионаттарда доп тебеді. Пищек, Блащиковски, Левандовски, Милик сынды саңлақ орындаушылары бізге алынбас қамалдай көрінуі мүмкін. Бірақ, қазіргі футбол бір футболшының емес, бір команданың өнеріне байланысты. Демек, Варшавада қоржынымыз құр қайтса да, Астана төрінде аларымызды алып қалуымыз керек. Тым құрығанда тең есеп, жеңіп жатсақ тіптен жақсы.

Румынияға қарсы: 3 немесе 1 ұпай

Атағы Польшадан сәл ғана төмен демесеңіз әлеуеті польяктардан бір кем емес. Бұлар да ӘЧ-ның ең байырғы қатысушыларының бірі. Тіпті, екінші дүние жүзілік соғыстан бұрынғы үш әлем чемпионатына (1930/34/38 жылдар) бірдей қатысқан команда. Бұл тұрғыда олар Бразилия, Франция құрамаларымен қатар аталады. Осы күнге дейін 7 финалдық кезеңде ойнаған, ең жақсы нәтижелері 1994 жылғы ширек финал. 

Бұл команда да биыл жазда Францияда өткен Еуроның қатысушысы. ФИФА рейтингінде 24-ші орынды ұстап тұр. Құрамаға шақырту алған ойыншыларының көбі өз чемионаттарында өнер көрсетеді. Еуропаның белді клубтарының намысын қорғайтын ойыншылары да жетерлік. “Наполи”, “Штутгарт”, “Депортиво” сынды танымал командаларда ойнайтын футболшылары да құрмаға көмектесуге дайын.

Астанада бұлардан да ұпай еншілеуіміз керек. Толық үш ұпай алғанымыз дұрыс. Ал, қоржынға бір ұпай түсіп жатса да тақиямызға тар келмейді. Ал, сырт алаңда жігіттер жанын салып жақсы өнер көрсетеді деп сенеміз.

Дания: 3  немесе 1 ұпай

Біздің топтағы әлем біріншіліктеріндегі тәжірибиесі жағынан үшінші орында тұратын команда. Төрт мәрте финалдық кезеңде ойнаған. Ең жақсы көрсеткіші 1998 жылғы ширек финал. 1992 жылы Еуропа чемпионатын ұтып, айды аспанға шығарғанын жанкүйер қауым әлі аңыз етіп айтады.

ФИФА-ның соңғы жаңартылған рейтингінде олар 44-ші орынға тұрақтады. Футболшыларының көбі Еуропаның ең белді клубтарында тер төгеді. Әсіресе бес ірі чемпионатта ойнайтын ойыншылары аз емес. “Лестер Сити” командасының намысын қорғайтын қақпашылары Каспер Шмейхель атақты аңыз үлкен Петер Шмейхельдің ұлы.

Копенгагендегі кездесуден көп үміт күте алмасақта, өз жерімізде жерге қарамаймыз деп сенеміз. Бұл командадан 3 не 1 ұпай алып жатсақ бізге аздық етпейді.

Армения: 4 немесе 3 ұпай

Армяндар негізі бізбен бір деңгейдегі команда. Тарихи орыны да, жетістігі де қазақ елінің аржақ-бержағында. Бұлар да біз секілді ӘЧ-на қатысуға бес рет талпыныс жасап, бесеуінде де сәтсіздікке ұшыраған.

Бүгінде олар футболдан әлемнің 102-ші елі саналады. Қазақстанмен қарайлас. Ал, ойыншылары жайлы айтар болсақ алдымен ауызымызға Генрих Мхитарян түсетіні сөзсіз. Германиядағы керемет көрсеткіштерінің арқасында биыл атақты “Манчестер Юнайтед” клубына ауысты. Одан бөлек қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс Пиззели, Казарян, Мкртчян, Арзуманян сынды футболшыларды атауға болады.

Өзімізбен деңгейлес ел болғандықтан Елордада толық үш ұпай алуға күш салу керек. Ал, сырт алаңда тең нәтиже аздық етпес еді.

Черногория: 4 немесе 3 ұпай

“Қаратаулықтар” да қалпақпен ұрып алатын команда емес біз үшін. Әлем футболында жасы жағынан кенжелердің бірі саналғанымен, әлеуеті жағынан ешкімнен жөн сұрайтындай жағдайда емес. Әлемдік ірі додаларға тәуелсіз ел ретінде 2010 жылдан бері ғана қатысып жүргенімен, жолдан қосылған жолсерік секілді емес, теңбіл доптың төл туысындай тым тамаша өнер көрсетіп жүр. ФИФА рейтингінде бізбен көршілес 95-ші орында орналасқан. Бізді де бір мәрте ұтып кеткендері бар.

Бұларда да Еуропаның ірі біріншіліктерінде доп тебетін ойыншылар жетерлік. Тіпті, “Атлетико Мадридтың” намысын қорғайтын Стефан Савич мамандар тарапынан тым жақсы бағалар алып жүрген қорғаушы. Симеоненің тәлімін алған талант біздің жігіттерге қарсы қорғаныста әлсіз ойнайды деп айта алмаймыз.

Бұл командаға қарсы мүмкіндігіміз де орташа. Астанада аяп қалмасақ, қонақта қолдан келгенін жасайтын боламыз.

Енді осы меже бойынша есептегенде бізде он ойыннан 9-17 ұпай аралығында ұпай жинауға мүмкіндік бар. Бұл әрине ойжота, болжам ғана. Ұлттық құрамамыз он ойынды да өз пайдасына шешіп, отыз ұпай жинап жатса, артық болды демейміз. Егер біз межелегеннен де төмен көрсеткіш көрсетсе де өз жігіттерімізді өзектен тебе қоймаймыз, өткенге салауат айтып, келесі іріктеуге дайындалатын боламыз...

Қуаныш ҚАППАС

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 4 6-0 10
2 Ордабасы 4 7-3 8
3 Елімай 4 7-3 8
4 Оқжетпес 4 7-4 8
5 Астана 4 6-5 7
6 Ертіс 4 6-5 6
7 Қызылжар 4 4-4 5
8 Ұлытау 4 3-3 5
9 Жетісу 4 4-6 5
10 Атырау 4 2-2 4
11 Ақтөбе 4 6-7 4
12 Жеңіс 4 2-4 3
13 Қайсар 4 1-3 3
14 Алтай 4 1-3 2
15 Каспий 4 2-6 1
16 Тобыл 4 3-9 1
Футболист недели Апта үздігі
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Нападающий Шабуылшы
7
Поиск по сайту
Наверх