Главное Маңызды
25 окт. 2026, 09:58
659
Главный тренер «Кызылжара» Виталий Жуковский прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Улытау» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
25 окт. 2026, 09:40
1461
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин дал комментарий после матча 29-го тура Премьер-лиги против «Жениса» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
25 окт. 2026, 09:15
521
Ассистент главного тренера «Жениса» Антон Чичулин прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Ордабасы» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичного клуба:
24 окт. 2026, 23:03
1477
Главный тренер «Тобыла» Мирослав Ромащенко прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Жетысу» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
24 окт. 2026, 22:46
1167
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Тобыла» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Айыр қалпақты ағайын жер қылғанда, поляктар бізді пысқыра ма?

04 сент. 2016, 06:10 | 2059
Ертең Қазақстан Ұлттық құрамасы 2018 жылы Ресейде өтетін Әлем чемпионатына іріктеу кезеңін бастайды. «Астана-Аренада» Талғат Байсуфинов шәкірттері Польша Ұлттық құрамасын қабылдамақ. Соңғы құрлық біріншілігінде ширек финалға дейін барып, болашақ чемпиондарға ғана жол берген поляктарға қарсы жігіттеріміз қандай қару таппақ? Төрт күн бұрын жолдастық кездесуде сүбелі ойын көрсете алмай, өзі үшін де, қарсылас үшін де сенсациялық нәтижені тіркеген Қазақстаннан оң нәтиже күтуге негіз бар ма?

Ұлттық құраманы осы жылы көп мақтап едік. Соңғы он жылдықта жігіттер шет елдің мамандарынан тәлім алып жүргендіктен, әр кезеңде құрамада қаракөз футболшылардың аз екенін сынға алып, сәтсіз нәтижелерді содан да көріп жаттық. Жергілікті, әрі қазақ бапкер баптауымен орын алған осы жылғы қос жеңіс пен тең нәтижеден кейін сүйсінгенбіз. Алайда, әнәукүнгі қырғыздарға қарсы ойын бәрін жоққа шығарғандай.

Байсуфиновтың ұлттық құрама сапына шақырып, матчқа негізгі құрамда шығарған футболшылардың тең жартысы дерлік өз клубтарында жақсы ойын өрнегін көрсете алмай жүргендер немесе жарақатқа байланысты бұрыңғы бабын жоғалтқандар. Қырғыздардың қос голын да еске алыңыз. Негізі, қарсылас футболшыларының алыстан соққы бағыттауына артқы жартылай қорғаушылар мүмкіндік бермеулері тиіс. Дегенмен, бұл матчта осы позицияда ойнаған капитан Самат Смақов, қырғыздардың капитаны Кичинге алыстан емін-еркін соққы бағыттауға мүмкіндік беріп қойды. Ал, екінші голда ешкім қысым жасамаса да қарсыластың аяғына допты «сыйлай» салған Сергей Малыйдың ісін түсіну қиын. Сондай-ақ, қырғыздардың матчтағы алғашқы қауіпті сәті Елдос Ахметовтың қателігінен жасалды. Елдос өз позициясын жоғалтып, қарсылас футболшысына Давид Лорияның айып алаңында допты еркін қабылдауына мүмкіндік берді. Тек, қырғыз футболшысының өз мүмкіндігін пайдалана алмауы ғана қақпамызды голдан аман алып қалды. Өз клубтарында жарытпай жүріп, Ұлттық құрама сапында ешбір футболшы өзгеріп шыға келмейтіндігін Байсуфинов мырза ескерсе екен дейміз. Әрине, жолдастық кездесу екенін түсінеміз. Десек те, тәжірибиесі болса да, ұлттық құрамада ойнауға физикалық қауқары жетпейтін футболшылардан арылу керек секілді.

Қырғызстан Азия футболындағы аутсайдерлердің бірі болса, жерлестеріміздің келесі қарсыласы Еуропада жыл сайын дамып келе жатқан Польша. Эксперименттің сан түрін көріп, арқаны кеңге салып ойнайтын жолдастық кездесу емес, жаһан біріншілігіне қатысуға таластың бастамасы. Франциядағы құрлық додасына қатысып қана қоймай, ширек финалға жеткен ұжым.

Польша Ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінің 16-шы сатысына орналасқан. Мамандар бір ауыздан поляктарды біздің топтың фавориті санауда.

Бұл команданың басты жұлдызы, әрине, Роберт Левондовский екені белгілі. Соңғы 3-4 жылда әлемдегі үздік шабуылшылардың қатарында жүрген "Бавария" футболшысы Еуропа чемпионатында екі мәрте мергендігімен көзге түскен. Әдетте, Польша Ұлттық құрамасы екі шабуылшымен өнер көрсетеді. Левандовскиймен шабуыл шебінде жақында ғана «Наполи» сапына ауысқан 22 жастағы Аркадиуш Милик жұп құрап ойнайды. Бұл футболшы Францияда бір рет доп соққан екен.

Польша Ұлттық құрамасының негізгі қақпашысы Лукаш Фабьянски. Қорғаныс шебінде Лукаш Пищек пен Камиль Гликті атап өтуге болады. Ал, орталық алаңда Гжегож Крыховяк бар. Екі мәрте Унаи Эмеримен Еуропа лигасын бағындырып, осы жылы бапкердің артынан Чемпиондар лигасында топ жаруға ПСЖ құрамына ауысқан ойыншы.

Поляктардадың тізгінін соңғы үш жылда Адам Навалка ұстап келеді. Команда Бразилиядағы әлем біріншілігіне жолдама ала алмаған соң, 2013-ші жылы федерация осы маманға ұлттық құраманы сеніп тапсырған еді. Өте жемісті жұмыс жасауда. Франциядағы жарысқа бару жолында Германиямен бір топқа түсіп, лайықты қарсылық танытты. Өз алаңындағы матчта жеңіске жетті. Одан кейін ширек финал. Үш жолақтылар елінде ешкімнен негізгі уақытта жеңілген жоқ. Португалияға қарсы матчта пенальтиден ғана есе жіберді. Қорғаныста ұқыптылыққа мән беріп, шабуылда Левандовский, Блащиковски секілді жігіттерге еркіндік беретін маман. Қорғаныстан шабуылға қысқа пастар арқылы жылдам өтуді талап етеді.

Қазақстан мен Польша осыған дейін жасыл алаңда үш рет кездесіпті. УЕФА-ға мүше болысымен, ұлттық құраманың алғаш жолыққан командалардың бірі осы Польша. 2003-ші жылдың 6-шы маусымында Познаньда өткен жолдастық кездесуде 0:3 есебімен жеңілген едік. Ал, 2008-ші жылғы Еуропа чемпионатының електік сынында поляктармен бір топқа түсіп, ол кезде Арно Пайперс жігіттері алғашқы ойында Алматыда минимальды есе жібереді. Бүгінге дейін ең сапалы саналатын сол ұлттық құрама Польшадағы матчта алаң қожайындарынан бірінші таймның қорытындысы бойынша 1:0 есебімен айла асырып жатқан. Алайда, екінші таймның басында жергілікті стадионда электр қуаты сөніп, ойын бірнеше минутқа тоқтатылған еді. Осы үзілістен кейін поляктар жауапсыз үш доп соғып, тарихында үшінші мәрте қазақтарға қарсы ойында жеңіс тойын тойлайды.

Араға тоғыз жыл уақыт салып, қос команданың жолы тағы түйісіп отыр. Содан бері Польша футболы айтарлықтай дамыса да, біздің ұлттық құраманың деңгейі өсті деп айта алмаймыз. Жексенбіде Байсуфинов командасына жылдам ойнайтын поляктарға қарсы төтеп беру өте қиынға соғатыны айдан анық. Алайда, тарихымызда тұңғыш рет футболда қырғыздарға жол бергендіктен, ұлттық құраманың жанкүйерлер алдында жинаған абыройы айрандай төгілді. Сондықтан, бұл ойында біз жеңіс дәметпесек те, жүйелі ойын күтеміз.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 29 59-21 68
2 Қайрат 28 57-20 63
3 Астана 28 46-29 52
4 Оқжетпес 29 45-37 51
5 Ақтөбе 28 42-35 45
6 Елімай 28 40-38 44
7 Тобыл 29 40-39 41
8 Ұлытау 29 27-35 35
9 Жеңіс 29 30-39 33
10 Каспий 29 31-42 33
11 Қызылжар 29 29-41 30
12 Атырау 28 22-32 27
13 Алтай 28 28-39 26
14 Ертіс 28 26-42 26
15 Жетісу 29 29-47 26
16 Қайсар 28 24-39 24
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх