Главное Маңызды
29 янв. 2026, 17:39
400
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин подвел итоги матча восьмого тура общего этапа Лиги Чемпионов против лондонского «Арсенала» (2:3), сообщает корреспондент KazFootball.kz:
29 янв. 2026, 16:20
259
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров и ассистентов казахстанских клубов в еврокубках сезона 2025/2026 гг.
29 янв. 2026, 09:14
1088
Главный тренер «Арсенала» Микель Артета прокомментировал матч восьмого тура общего этапа Лиги Чемпионов против «Кайрата» (3:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба.
28 янв. 2026, 23:57
1550
KazFootball.kz представляет Вашему вниманию стартовые составы команд на матч восьмого тура общего этапа Лиги Чемпионов:
28 янв. 2026, 20:11
3701
Главный тренер сборной Казахстана Талгат Байсуфинов поделился своим видением развития национальной команды, рассказал о поставленных целях и планах подготовки к предстоящим официальным матчам, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу КФФ:

Польшаның Қазақстандағы тыңшысы

04 сент. 2016, 15:50 | 2140
Қазақстан премьер-лигасында польшалық бір футболшы ғана өнер көрсетеді. «Атырау» сапында шабуылшының қызметін атқарып жүрген Пшемыслав Трытко Қазақстан-Польша кездесуінің алдында поляктың laczynaspilka.pl футбол порталына арнайы сұқбат берген еді. Аталмыш порталдағы сұхбаттың атауы «Біздің тыңшы Қазақстанда» деп аталады. Сізlдердің назарларыңызға сол сұқбаттың толық аудармасын ұсынбақпыз:

— Пшемыслав, Қазақстанға ауысар алдында біздің ұлттық құрама осы елмен бір топқа түскені жайлы ойладыңыз ба?

— Шынымды айтсам, бұл жайтқа мән берген емеспін. «Коронамен» қоштасуым өте қиынға соқты. Кельцеде мен өзімді жақсы сезінетінмін, себебі есте қаларлық сәттерді бастан кештім. «Коронада» өткізген екі жарым жыл мәңгілік жадымда қалмақ. Қазақстанға ауыспас бұрын көп ойландым. Алайда, жаңа қадамға баруды жөн санадым. Әрине, бұл елмен әлі толықтай таныс емеспін, бірақ, көпшілік айтатындай бұндағы өмір жаман емес. Ерекшілегі, бір қаладан екінші қалаға бару үшін жолда көп уақыт өткізесің. «Атыраудан» ұсыныс түскен кезде қаржылық жағын қарастырдым. «Коронадағы» жалақыммен салыстырғанда мұндағы табысым айтарлықтай жоғары.

—  Польша чемпионаты мен Қазақстан чемпионатын салыстыра аласыз ба?

— Екі чемпионаттың да деңгейі бір деп айтар едім. Осал командалар да, аузын айға білеген мықты ұжымдар да бар. Қазақстанда бапкерлер әртүрлі жүйені қолданады, бірақ қол астына жоғарғы деңгейлі футболшылар жинақталмай оң нәтижеге қол жеткізу қиын. Әрине, Қазақстанда да шебер футболшылар жоқ емес. Каньяс, Исламхан, Кабананга, Гоу секілді ойыншылар басқа аяқдопшылардың арасында ерекше көзге түседі. Өткен маусымда «Астана» Чемпиондар лигасына қатысса, биыл Еуропа лигасының топтық кезеңіне түсті. Бұл үлкен жетістік. Астананың негізгі футболшылары ұлттық құраманың тірегі. Қазақтар футболға көптеп ақша бөлуде. Ұлттық құрамадан да үлкен нәтижелер күтіп отыр. Бірақ, ұлттық құрамасы жайлы біздердей көп жазбайды, көп талқыламайды. Бәлкім, жетістіктің аз болғандығынан шығар. Еуропа чемпионатына іріктеу барысында Қазақстан бір мәрте ғана Латвиямен болған ойында жеңіске жетті.

— Стадиондары қалай?

— Қазір Қазақстанда инфраструктураға да қаржы бөлініп жатыр. Негізі Қазақстандағы кешендермен салыстарғанда біздің стадиондар заманауи.

— Қазақтар біздің ұлттық құрамадағы қай футболшыдан сескенуде?

— Бірінші кезекте, бундеслиганың нағыз сұрмергені Роберт Левандовскийден. Неміс кубогы мен бундеслигадағы екі ойындағы екі хет-тригінен кейін Робертты тоқтатуды қиынға соғатынын түсініп отыр. Левандовский әлемдегі жоғарғы деңгейлі шабуылшы. Сондықтан, одан тек Қазақстанда ғана сескенбейді. Жалпы алғанда, бүгінгі командамыз мықты. Соңғы Еуропа чемпионатындағы ширек финал осының айғағы. Астанада үш ұпай алатынымызға сенімдімін. Тіпті, жергілікті жасыл алаң да бұған кедергі болмауға тиіс. Қазақстанға қарсы дайындық барысында бапкерлер тарапынан бұл жайт ескеріліп, жасанды төсенішке арнайы дайындалды деп ойлаймын.

— Футбол Қазақстандағы ең танымал спорт түрі ме?

— Бүгінгі таңда қаншалықты танымал екенін білмеймін, себебі жергілікті жанкүйерлер хоккей, бокс секілді спорттарды да қызыға қарайды. Бірақ, өзіңіз білетіндей футболды барлық жерде де көреді.

— Қазақстандағы ауа-райы жайлы не айтасыз?

— Негізі мұнда ыстық, әрі қапырық. Алайда, мен Қазақстанға ауа-райына шағым айту үшін емес, футбол ойнау үшін келдім. «Атыраумен» тоғыз айға келісім-шартқа отырғанмын, оның мерзімі аяқталған соң не боларын көре жатармыз. Әрбір күніме қуаныштымын, алаңда барымды салып ойнауға тырысамын.

Аударған: Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 26 53-19 59
2 Астана 26 66-30 57
3 Тобыл 26 45-25 54
4 Елімай 26 47-31 48
5 Ақтөбе 26 39-29 43
6 Жеңіс 26 37-30 36
7 Ордабасы 26 37-28 35
8 Оқжетпес 26 37-43 35
9 Қызылжар 26 25-32 27
10 Ұлытау 26 20-41 23
11 Қайсар 26 24-42 22
12 Жетісу 26 19-43 21
13 Атырау 26 22-45 19
14 Тұран 26 25-58 16
Футболист недели Апта үздігі
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Вратарь Қақпашы
77
Поиск по сайту
Наверх