Главное Маңызды
06 апр. 2026, 18:14
1515
Главный тренер «Улытау» Нуркен Мазбаев прокомментировал матч четвертого тура Премьер-лиги против «Актобе» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 апр. 2026, 09:33
2373
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч четвертого тура Премьер-лиги против «Каспия» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
06 апр. 2026, 09:19
1528
Главный тренер «Окжетпеса» Ринат Алюетов прокомментировал матч четвертого тура Премьер-лиги против «Жениса» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
05 апр. 2026, 23:00
4419
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал матч четвертого тура Премьер-лиги против «Астаны» (4:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz.
05 апр. 2026, 22:52
2557
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян прокомментировал матч четвертого тура Премьер-лиги против «Кайрата» (0:4), сообщает корреспондент KazFootball.kz.

Менменсіген поляктардың мысын бастық

05 сент. 2016, 10:30 | 2432
Қазақ жанкүйерлері ұлттық құраманың Польшаға қарсы ойынын асыға күткені бекер емес екен. Еуропа футболының ең үздіктерінің бірі “Астана-Аренадан” бар болғаны бір ұпай ғана олжалап қайтты. Мың жерден мықты дегеніңізбен поляктар тіпті сол бір ұпайдың өзіне де зар болып қалуы әбден мүмкін еді. Қалай десекте, бүгін қазақ жанкүйерлерінің қуана беруіне себеп жеткілікті.

2018 жылы Ресей жерінде өтетін әлем чемпионатына Еуропада іріктеу турнирі басталды. Е тобында өнер көрсететін Қазақстан Ұлттық құрамасы өз алаңында Польша командасын қабылдады. Әлемнің 16-шы сатысында тұрған команда мен 96-шы сатыға жайғасқан құраманың қайсысының мықтырақ екенін жақсы білетін жұртшылық қонақтардың қиналмай үш ұпай алатынына анық сенген болатын. Олар тіпті Қазақстан құрамасының ойынды өз алаңында өткізетіні де көмектесе алмайды деп ойлаған. Бірақ, ақиқат бәрін жоққа шығарды.

Қазақстан Ұлттық құрамасын алаңға Бауыржан Исламхан капитан ретінде алғаш рет бастап шықты. Қырғыздармен болған ойында сәл сәтсіз өнер көрсеткен Самат Смақов пен Виктор Дмитренко бүгін қосалқы құрамда қалыпты. Олардың орнына шыққан Серікжан  Мужыков пен Александр Кислицын командаға керекті көмектерін бере білді. Командадағы тағы бір өзгеріс ойынға киіп шыққан формада болды. Анығырақ айтқанда, ұлттық құраманың бүгінгі формасы бұрынғыдай көк немесе сары реңде емес, қайта қырғыздарға қарсы кездесуде киген көкшіл солғын реңді киім болды. Сәті түскенде сөз ете кетейік, жаңа форманың жайсыз жері нөмір қадалған тұсы сәл сапасыз матадан тігілген болу керек - тым тез терлеп кететінін байқадық. Біздің командадағы әр футболшының арқасындағы және кеудесіндегі нөмір жазылған тұсы терге малшынып жүрді. Бұл кемшілік ойыншыларға жайсыздық тудыруы мүмкін деген оймен жазып отырмыз.

Енді ойын барысына келер болсақ, қонақтар бұл ойынға өздерінің ең күшті құрамымен шықты. Қазақ еліне тек жеңіс үшін келгендерін ойын алдында бас бапкері де, футболшылары да, тіпті, жанкүйерлері де жасырған жоқ. Олардың кейбірі қарсыласымызды оңай олжаға айналдырамыз деп де даурыққан болатын. Қонақтар ойынды шынымен жоғары қарқында бастады. Әлемнің жарық жұлдыздарына қарсы жергілікті ойыншылардың алғашқыда сәл тартына ойнайтынын оларда ерте пайымдаса керек, алғашқы толқынмен алдыға лап қойды. Әрі сол ұмтылыстарының жемісін де көрді. Соңғы кездері сәтсіз өнер көрсетіп жүрген Дмитрий Шомконың осал тұсын ерте тапты. Ойынның сегізінші минутында оң қапталдан келген допты Роберт Левандовский мен Якуб Блащиковский өзара жөнелткенде, біздің Шомко да, Кислицын де аңырып қалған болатын. Шомконың екі аяғының арасынан сытылып шыққан допқа Кислицын тым ауыр қозғалды, ол бұрылып үлгіргенше Блащиковский допты айып алаңына жеткізіп болған еді. Ал, допты қақпа алдында күтіп алуы керек болған Малый да, Ахметов да жер сыйпап қалды. Соңынан жүгірген Бейсебековтан бұрын допқа жеткен Капусткаға қақпаны дәл көздеу түкте қиындық тудырған жоқ. Гол соғылды. Есеп 0:1!

Осыдан кейін жанкүйер қауымның аз уақытқа футболды қоя тұрып, ережесіз жекпе-жек немесе күрес ойындарын тамашалауына тура келді. Әлемнің үздік шабуылшысы Левандовский өзінің күрестен де құржаяу емес екенін көрсетті. Ахметовтың езуін қанатып, Исламханға қарсы қылқындыру әдісін “әдемі” жасай білді. Есесіне бас төреші поляктардың капитанына оның боз кілемде емес, жасыл алаңда жүргенін ескертіп, сары қағаз көрсетуіне тура келді. Өз капитанының арасына түскен Малый да сары қағазбен жазаланды.

Неге екенін қайдам, осы ойында Ахметов пен Левандовскидің жұлдызы жараспай-ақ қойды. Екеуара әлденеше қақтығыстан кейін Ахметов өзіне қарсы дөрекі ойнап жүрген Левандовскийді шынтақпен қатты қағып ескерту жасаған, бірақ, төреші байқап қалып, оған да сары қағаз “сыйлап” жіберді. Осы текетірестің соңы польшалықтың жеңісімен аяқталды. Кездесудің 38-ші минутында айып алаңымызда Елдос Робертті аяғынан теуіп құлатып, қақпамызға пенальти әкелді. Левандовскидің сәтті орындаған соққысына Стас Покатилов сәтсіз секірді. Есеп 0:2!

Осыдан кейін ойын тағдыры шешіліп қалғандай көрінген сырт көзге. Бірақ біздің жігіттердің де айтары бар екен. Исламхан бастаған біздің команда алдыға атойлады. Сол капитанымыз өзі бірнеше қорғаушының арасынан сытылып өтіп қақпашымен бетпе-бет келген болатын, өкініштісі, соңғы соқыссы сәл қиыс шығып, доп қақпа бағанасын сүйкеп өтті. Осыдан кейін Бауыржан адамның ойы түгіл түсіне де кірмейтін керемет пасымен айып алаңындағы Байжановты тапқан, Мақсат та мүлт кетпей допты әуелете қақпа алдындағы Қуатқа жеткізді, ал Исламбектің баспен жасаған соққысы қақпашының қолына тиіп, қақпа маңдайшасын жандай ұшты. Тағы да гол соғудың сәті түспеді.

Бірінші тайм осылай аяқталды да, футболшылар демалуға кетті. Екінші таймда Байсуфинов бапкердің тың идеясын естіп шыққан біздің жігіттер ойын барысын мүлдем өзгертіп жіберді. Ойынның 50-ші минутында орталық алаңда допқа таласта жеңіп шыққан Байжанов аяғындағы допты сол қапталдағы Шомкоға бере қойды, өз кезегінде “астаналық” қорғаушы айып алаңындағы Хижниченконы керемет пасымен дәл тапты, соңғысы саспай допты қабылдап, қарсылас қақпашысының ауының арасынан ары асырып жіберді. Гол, есеп 1:2!

Осы голдан қуат алған қазақстандықтар алдыға ентелеуін қойған жоқ. 58-ші минутта біздің жігіттер керемет комбинация көрсетті. Өзара сегіз мәрте пас алмасып келіп, қақпашының тура қасында тұрған Хижниченконы тура таба қойды. Ал, осы тұста “Тобыл” шабуылшысының дубль авторы атануына қарсыластар кедергі келтіре алған жоқ. Есеп теңесті - 2:2!

Осы сәттегі пас алмасу барысы: Хижниченко→ Байжанов→ Хижниченко→ Мужыков→ Исламхан→ Бейсебеков→ Байжанов→ Хижниченко!

Үзілісте шәкірттеріне керекті кеңесті бере білген Талғат Маруанұлы ойын тақтасындағы алғашқы жүрісті өзі жүрді. Танымайтын жанкүйерлерге бүгінгі ойынымен нағыз төбелесқұмар жігіт ретінде көрініп, кейін жарақат алған Ахметовтың орынына Ренат Абдулинді жіберді.

Осыдан кейін жеңеміз деп желпініп келген қонақтар тайлы-тұяғымен шабуылға шығып, шыбын жанымызды шырқыратар деп қауіптенген едік. Бірақ ондайға біздің футболшылар мүмкіндік бере қойған жоқ. Екінші таймда тіпті Покатиловтың мықтылығын шын сынайтын аса қауіпті сәтті көрген де жоқпыз. Қайта бірінші таймда Милик біздің қақпаның маңдайшасын екі мәрте дәл көздегені бар болатын. Ал, ол жігіттің алаңда бар екенін біз тек кездесудің 76-шы минутында ғана есімізге алдық. Сол қапталдан әуелеп келген допқа бірінші жеткен Левандовский баспен қағып Миликті қақпашымен жеке шығарғандай көрінген. Бірақ осы тұста жүрген Малый мен Абдулинның кедергі келтіруімен әлсіз шыққан соққыны Покатилов еш қиналмай қолына алды.

Кездесу алдында Байсуфинов өзі айтқандай, біздің команда тек тең ойын үшін ойнамайтынын 69-шы минутта алаңға Мақсат Байжановтың орынына Азат Нұрғалиев кіргенде байқадық. Жүгірісіне жан жетпес Азат Мақсатқа қарағанда қорғаныстан гөрі шабуылға бейім екенін бәріміз білеміз. Демек бапкердің ойы қорғанысқа жамбастап жату емес, шабуылдағы тізгінді өз қолымызда ұстау екені көрініп тұрды. Жігіттерде бапкер үмітін жерде қалдырған жоқ. Орайы келгенде қауіпті сәттер ұйымдастыра білді. Өкініштісі, айып алаңына жеткен пастың тұсынан табыла кететін шебер шабуылшы кемдік ете берді. Кездесудің 79-шы минутында Исламхан жарақат алып, алаңдағы орнын Асхат Тағыбергенге босатты. Кез-келген бапкер үшін ең қиын жағдай ойыншысы жарақат алып мәжбүрлі түрде тактикалық жүріске бару болып табылады. Бүгін біздің бапкер бір емес екі футболшысын мәжбүрлі алмастырды. Егер Елдос бен Бауыржан жарақат алмағанда, бапкер басқалай жүріс жүріп, жеңісті жұлып әкетерме еді кім білсін.

Үш ұпай үшін ойнаймыз деген поляктар ойынның соңғы он минутында да айтарлықтай жойқын шабуыл жасай қойған жоқ. Біз оларды осы тең есепке қанағат етеді деп ойлаймыз. Өйткені командалар осы есепке лайық ойын көрсетті.

Қазақстан - Польша - 2:2 (0:2) 

Голдар: Капустка 9 (0:1), Левандовский (п) 45 (0:2), Хижниченко 51 (1:2), Хижниченко 58 (2:2)

Ескерту алғандар: Малый 19, Ахметов 43, Байжанов 56, Хижниченко 70, Исламхан 74 — Левандовский 18, Зелиньский 28, Пищек 53, Глик 73

Қазақстан: Покатилов, Малый, Кислицын, Қуат, Ахметов (Абдулин 61), Исламхан (Тағыберген 79), Мужыков, Байжанов (Нұрғалиев 69), Шомко, Хижниченко, Бейсебеков

Польша: Фабьяньский, Милик, Левандовский, Крыховяк, Рыбус, Глик, Блащиковский, Саламон, Зелиньский, Пищек, Капустка (Линетты 83)

Бас төреші: Сердар Гэзюбююк (Нидерланды)

4 қыркүйек. Астана. «Астана Арена». 

Ойынның статистикасы:

Допқа иелік ету: 42% — 58%
Cоққылар: 7 — 17
Қақпаға тура бағытталған соққылар: 3 — 7
Ойын ережесін бұзу: 27 — 5
Қақпа бағанасы: 1 — 2
Ойыннан тыс қалу6 — 2
Бұрыштама3 — 2
Сары қағаз: 6 — 4
Алмастыру: 3 — 1.  

Қуаныш ҚАППАС

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 4 6-0 10
2 Ордабасы 4 7-3 8
3 Елімай 4 7-3 8
4 Оқжетпес 4 7-4 8
5 Астана 4 6-5 7
6 Ертіс 4 6-5 6
7 Қызылжар 4 4-4 5
8 Ұлытау 4 3-3 5
9 Жетісу 4 4-6 5
10 Атырау 4 2-2 4
11 Ақтөбе 4 6-7 4
12 Жеңіс 4 2-4 3
13 Қайсар 4 1-3 3
14 Алтай 4 1-3 2
15 Каспий 4 2-6 1
16 Тобыл 4 3-9 1
Футболист недели Апта үздігі
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Нападающий Шабуылшы
7
Поиск по сайту
Наверх