Главное Маңызды
25 окт. 2026, 09:58
528
Главный тренер «Кызылжара» Виталий Жуковский прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Улытау» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
25 окт. 2026, 09:40
1204
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин дал комментарий после матча 29-го тура Премьер-лиги против «Жениса» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
25 окт. 2026, 09:15
425
Ассистент главного тренера «Жениса» Антон Чичулин прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Ордабасы» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичного клуба:
24 окт. 2026, 23:03
1366
Главный тренер «Тобыла» Мирослав Ромащенко прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Жетысу» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
24 окт. 2026, 22:46
1059
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Тобыла» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Мақсат Байжанов: "Жігіттердің жеңіске деген жігеріне риза болдым"

05 сент. 2016, 20:30 | 2598
Қазақстан Ұлттық құрамасы сапындағы ең тәжірибиелі футболшылардың бірі Мақсат Байжанов Польша құрамасына қарсы кездесуден кейін KazFootball.kz порталымен ойын туралы өз пікірімен бөлісті.

 — Мақсат, Сіз кеше Қазақстан Ұлттық құрамасы сапындағы жалғыз тіреуіш жартылау қорғаушы болдыңыз. Поляктар сапында бұл қызметті Гжегож Крыховяк пен Петр Зелиньски атқарды. Орталық алаңда бұл екі ойыншыға қарсы тұру қаншалықты қиын болды?

 — Польша құрамасына қарсы матч тек мен үшін емес, жалпы құрама үшін қиын болды. Әрине, орталық жартылай қорғаушының қызметі қиын ғой. Дегенмен, маған команданың барлық ойыншылары көмектесті. Исламбек Қуат, Серікжан Мужыков және Бауыржан Исламхан төртеуіміз орталық алаңда жақсы түсінісіп ойнадық. Қорғанған сәтте қорғаушылар өз қызметін жақсы атқарып, шабуыл шебіндегі футболшылар артқа қайтып отырды.

 — Үзіліс кезінде не болды? Командамыз екінші таймға адам танымастай өзгере шықты ғой ...

 — Айтарлықтай ештеме (күліп). Әдеттегідей жиналыс. Тынығып алдық. Жігіттермен сөйлесіп алдық.

 — Бұл құрама сапында ең тәжірибиелі ойыншы Сіз болдыңыз. Үзілісте жігіттерді Сіз де біраз қамшылап алған шығарсыз?

 — Польшаға қарсы Бауыржан Исламхан бірінші мәрте капитандық қызметті атқарды. Басында шамалы қобалжығанын байқадым. Кейін үйреніп кетті. Үзіліс кезінде негізі бапкерлер кеңес айтты. Одан кейін капитан. Сосын мен де жігерлендірдім. Жігіттердің жеңіске деген жігеріне риза болдым. Бірақ, тең түсіп қалдық. Дандайсымай-ақ қояйын. Осы көрсеткішке де шүкір дейміз. Ендігі ойындарда бұйырса нәтиже бұдан да жақсы болады деген сенімдеміз.

 — Сіз осы уақытқа дейін құрама сапында бірнеше бапкерлермен жұмыс істедіңіз. Өзіңіздің тәжірибиеңізге сүйене отырып, Талғат Маруанұлының қай жағынан мықты екенін айтып берсеңіз ...

 — Әр бапкердің өз стильі болады. Біреуі тәртіпке ден қояды. Енді бірі тактика деп доппен көп жұмыс істетеді. Ал, Талғат Маруанұлының бойынан мұның барлығын табуға болады. Мықты жігерлендіреді. Әрбір футболшымен жеке жұмыс істейді. Сонымен қатар, біз Нұркен Мазбаевтың жұмысын атап кеткеніміз дұрыс болар. Қарсыластың тактикасын бізге жілік шаққандай шағып берді. Сондықтан, біз алаңға шыққанда поляктардың қай жері мықты, қай жері осал екенін оңай біліп отырдық.

Уалихан Қосанбай

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 29 59-21 68
2 Қайрат 28 57-20 63
3 Астана 28 46-29 52
4 Оқжетпес 29 45-37 51
5 Ақтөбе 28 42-35 45
6 Елімай 28 40-38 44
7 Тобыл 29 40-39 41
8 Ұлытау 29 27-35 35
9 Жеңіс 29 30-39 33
10 Каспий 29 31-42 33
11 Қызылжар 29 29-41 30
12 Атырау 28 22-32 27
13 Алтай 28 28-39 26
14 Ертіс 28 26-42 26
15 Жетісу 29 29-47 26
16 Қайсар 28 24-39 24
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх