Главное Маңызды
03 июл. 2026, 11:10
595
Второй сезон кряду лучшим бомбардиром сезона стал бразильский нападающий «Семея» Андерсон Алвес «Дедезиньо». KazFootball.kz предлагает вашему вниманию лучших бомбардиров Премьер-лиги по футзалу, сезона 2025/2026 гг.
03 июл. 2026, 10:12
1470
Главный тренер «Окжетпеса» Ринат Алюетов прокомментировал матч 15-го тура Премьер-лиги против «Кайрата» (0:5), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
03 июл. 2026, 09:13
3167
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал матч 15-го тура Премьер-лиги против «Окжетпеса» (5:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
02 июл. 2026, 14:00
1388
Воспитанник «Кайрата» и будущий игрок «Челси» Дастан Сатпаев в интервью пресс-службе клуба рассказал о первых шагах в футболе, просмотре в лондонском клубе, матчах против «Реала» и «Интера», чемпионском сезоне с алматинцами и мечте проложить путь в Европу для нового поколения казахстанских футболистов, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
29 июн. 2026, 15:05
1667
Главный тренер «Улытау» Нуркен Мазбаев прокомментировал матч 15-го тура Премьер-лиги против «Ордабасы» (0:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Қазақстан - Польша ойыны туралы ойжота

06 сент. 2016, 20:30 | 2677
Көрші елде 2018 жылы өтетін Әлем чемпионатына іріктеу кезеңін ұлттық құрамамыз тамаша бастады. "Е" тобында бақ сынайтын Қазақстан топ фавориті Польшаның аяғынан шалып, айды аспанға бір-ақ шығарды. Біздің жігіттердің алдында шеберлік көрсетіп, күтіп тұрған үш ұпайды қалтаға салып кетеміз деп жоспарлап келген поляктар "Астана-Аренада" қандай күй кешті? Қырғызстаннан жеңіліп, төрт-ақ күнде өзгеріп шыға келген Бауыржан Исламхан бастаған жігіттер өздерінен шеберлігі жоғары қарсыластарға қарсы қалай тосқауыл қойды? Сол туралы KazFootball.kz порталы ой қозғамақ.

Алғашқы минуттардағы арпалыс

Польшаның қай футболшысын алсаңыз да түгелдей дерлік Еуропаның мықты командаларында доп тебеді. Қазақстан Премьер-лигасынан әрі асып көрмеген отандастарымыздың алдында футболда көргені, жеткен жетістіктері көп. Сондықтан, оларға ойынның басында еркін көсілуге мейлінше ерік бермеуге тиіс едік. Іс жүзіңде солай болды. Қарсылас допты қабылдаған сәтте-ақ біздің жігіттер доп иесіне лап қойды. Левандовскидің адымын Елдос Ахметов аштырмады. Керек кезінде дөрекі ойнап, оңайшылықпен торда допты тулата алмайтынын ескертті. Алайда, ойын басында біздің қорғаныс сыр беріп жатты. Бұрын көп ойнатылмаған Бейсебеков-Ахметов-Малый-Кислицин-Шомко бестігінің, әсіресе Ахметов пен Шомконың қателіктері бірінші таймда қақпамызға екі голдың соғылуына әкеп соқтырды. Алғашқы минуттарда арпалысуға жігер болса да, қарсыласты тұсауға біздің жігіттерде шеберлік те, түсіністік те жетіспеді.

     Исламханның мүлт кетуі

Әлем футболында ойын барысындағы 2:0 есебінен сескенетін бапкерлер аз емес. Осындай басымдылық футболышардың босаңсуына әкеп соқтырады көп жағдайда. Бірінші таймның аяқ жағында ұлттық құраманы тұңғыш рет капитан мәртебесінде алаңға бастап шыққан Бауыржан Исламхан қарсылас қорғаушыларын елемей жүйткіп өтіп, қақпашымен жеке-дара шықса да, мүмкіндікті пайдалана алмаған еді. Өкініштен өзек өртеніп, әттеген-айды айтып бәріміз сан соқтық. Негізі, осы бір сәт матчта шешуші рөл атқарған секілді. Исламхан есепті қысқартып, үзіліске минимальды есеппен аттанар болсақ, екінші таймға поляктар мүлде басқа дайындықпен шығуы әбден мүмкін еді. Поляктар таблодағы есеп керемет деп ойынның екінші бөлігіне матчты артық шығынсыз аяғына дейін жеткізуді ойлап, босаңсып шықты. Бұл алаң қожайындарының бас көтере бастағанын байқамаған қарсылас бапкерінің қателігі. Оны матч соңындағы сұхбатта Адам Навалканың өзі де мойындады. "Қарсылас аяқ астынан өзгеріп шыға келетінін болжау мүмкін емес", - деп. Біздің бағымызға орай, болжамады, сезбеді.

    Біздің бапкердің білгірлігі

Матч басындағы футболшылар тізіміне қарап Талғат Байсуфиновқа түсіністікпен қарадық. Қолда барға қанағат. Қырғыздардың жылдамдығына ілесе алмаған ардагер футболшыларды шығармағанына іштей алғыс айттық. Десек те, өткір шабуыл өтіндегі Сергей Хижниченкоға келгенде айтар уәж болды. Екі жылдан бері Ұлттық құрама жейдесінде қарсылас қақпасының торында доп тулатпаған, бүгінде екінші алтылықтағы командаларға гол соғып жүрген Сергейдің орнына бабы келісіп жүрген жас Роман Муртазаевты шығару керек еді ойладық. Ол ойымыз бірінші таймда толықтай ақталды. Сергейдің қатысуымен поляктардың қақпасының алдында бірде-бір қауіпті сәт туған жоқ. Алайда, екінші тайм.. 51-ші минутта Шомконың пасынан кейін шабуылшы айып алаңында асқан шеберлік көрсетті. Әуедегі допты асып-саспай, асықпай қабылдап алып, салқынқандылық танытып, атылып шыққан қақпашының екі аяғының ортасынан допты өткізе салды. 8 минуттан кейін Байжановтың пасын да голға ұластыра білді. Бірінші таймда ойыны жүрмей, бір-екі рет ойыннан тыс қалып қана есте қалған шабуылшыны ойыннан алмай, екінші таймға да сеніп шығарғаны бапкердің футболшыға толықтай сенімді болғаны. Негізі, матчқа қатыстырған бүкіл футболшысы түптеп келгенде сенімді толықтай ақтады.

  Поляктардың пасықтығы

Қазақ даласына Роналду, Лэмпард, Джеррард, Ибрагимович сынды футболда аты аңызға айналған шеберлер келіп біздің жігіттермен сынға түскен. Бірақ, ешбірі, тіпті өзін барған жердің құдайы санайтын Златанның өзі кешегі Левандовски секілді көкірек көтермеген еді. Қарсыласын шынтақпен ұрып, мұрнын қанатып, мойыннан қылғындырып білгенін істеді. Ал, орталық қорғаушы Гликтің жерде жатқан Исламханды аяқпен тебуін түсіну мүмкін емес. Қатардағы футболшы емес, капитанға солай істеуі бүкіл бір мемлекетке түкіру. Нағыз пасықтық.

Төрешінің "төрелігі"

Қаны түрік нидерланд төрешісі Сердар Гезюбююкке айтар сын көп. Әрине, Байсуфинов шәкірттерінің де дөрекі ойнаған сәттері аз болған жоқ. Бірақ, футболда ондай оқиғалар әрбір матчта орын алады. Бәрі ары кетсе сары қағаздың айналасы. Ал, мұрнын шүйіріп, біздің жігіттердің төбесінен қарап жүрген Левандовскиді алаңнан қуатын толықтай жөні бар еді. Атағынан қаймықты. Гликтің тірлігі таза қызыл қағаз. Тіпті, бірнеше матчқа футболдан шеттетуге де болады. Бас қазының басты қателігі поляк футболшылары тәртіп бұзса сабырға шақырып, ал біздікілер бұзса, сумаң етіп қолын қалтасына салып, сары қағаз алумен болды.

   "Астана-Арена" - бізге құт

"Астана-Арена" қаншама қуанышты сәттердің куәсі болды. "Шахтёрдың" "Селтикті" селт еткізуі, "Астананың" қаншама жеңісі. Былтырғы Чемпиондар лигасы. Ешбір ойында "Астана" футболшыларының жүздері жерге қараған жоқ. Осы бір жақсы үрдіс ұлттық құрамаға да көшсе екен деп тілейміз. Станимир Стойлов командасы секілді Талғат Байсуфиновтың жігерлі жігіттері де келген қарсыласқа дәл кешегідей есе жібермесе тамаша. Әзірше бастама жаман емес ...

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ордабасы 15 27-9 37
2 Қайрат 17 29-12 36
3 Оқжетпес 15 21-16 27
4 Елімай 15 23-19 23
6 Астана 15 21-17 23
6 Ұлытау 15 13-14 23
7 Ақтөбе 15 18-14 22
8 Атырау 15 11-11 18
9 Жетісу 15 20-22 18
10 Жеңіс 15 13-18 18
11 Қайсар 16 13-19 17
12 Қызылжар 16 17-24 15
13 Тобыл 15 16-23 15
14 Каспий 15 10-19 11
15 Ертіс 15 14-21 10
16 Алтай 15 10-18 10
Футболист недели Апта үздігі
Максим Самородов
Максим Самородов
Максим Самородов
Максим Самородов
Нападающий Шабуылшы
10
Поиск по сайту
Наверх