Главное Маңызды
23 февр. 2026, 10:56
922
Главный тренер МФК «Семей» Аслан Смаков поделился ожиданиями перед матчем с французским «Этуалем» в рамках Лиги Чемпионов по футзалу, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
23 февр. 2026, 09:10
409
Главный тренер «Кызылжара» Милич Чурчич прокомментировал товарищеский матч против «Мурас Юнайтед» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
20 февр. 2026, 15:30
990
60 жастағы қазақстандық бапкер Владимир Чебурин жастар құрамасының тізгінін ұстады, деп ҚФФ баспасөз қызметі сілтеме жасап KazFootball.kz порталы хабарлайды.
20 февр. 2026, 09:37
1064
Главный тренер «Кызылжара» Милич Чурчич прокомментировал товарищеский матч против молдавской команды «Бэлць» (0:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 февр. 2026, 09:36
1470
Главный тренер «Кайсар» Андрей Ферапонтов прокомментировал товарищеский матч на сборе в Турции против калининградской «Балтики» (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Еурода ерледік! Колумбиядан не күтеміз?

12 сент. 2016, 13:10 | 1943
Қазақ елі ғалам алдында қауқарлы спорт державасы ретінде мақтануына әбден болады. Шаршы алаңда шойын жұдырығын білеген боксшылар мен боз кілем төріндегі балуандарымыз, зілтемірді төбесінен асыра көтерген ауыр атлеттеріміз еліміздің әлем алдындағы абыройын асқақтатып жүргелі қашан. Осы қатарда ел атағын, ұлт рухын биіктетіп, қазақ даласында қарқынды дамып келе жатқан тағы бір спорт түрі ол - футзал!

ХХ ғасыр жер-әлемнің жауырынын мұздатқан жаһандық жанталастар, аласапыран апаттармен ғана емес ғылым-білімдегі, өнер мен мәдениеттегі жетістіктерімен де есте қалды. Футзал - дәл осы ғасырдың 30 жылдары футболдың қарашаңырағынан отау болып бөлініп шыққан болатын. Алғаш Уругвайда пайда болып, кейін көрші Бразилия жеріне көшкен кіші теңбіл доп өнерінде күні бүгінге дейін Латын америкалықтар мықты саналып келеді. Бұған дәлел, осы күнге дейін жеті мәрте ұйымдастырылған әлем чемпионатының бесеуінде бразилиялықтар бөтенге дес берген жоқ.

Бес адамның бес саусақтай жұмыла күш жұмсауын талап ететін футзал ойыны өзінің жылдамдықты, сезгірлікті, қажырлықты талап ететін тактикасымен, әрі көз арбайтын көркемдігімен көп елдерде қызу қарсы алынып, зор қолдауға ие болып отыр. Осы орайда тұтас әлемді тамсандырған Пеле, Бебето, Роналдо сынды футбол серкелерінің де осы футзалдың шекпенінен шыққанын айта кетейік.

Қазақ футзалы

Бүгінде 100 ден астам елде жалпыласып, 300 миллион адам айналысып отырған футзал ойыны біздің елде де қарқынды дамып келеді. Сөзіміздің дәлелі биыл Сербияда өткен Еуропа чемпионаты. Қарт құрлықтың басты додасында қолаға қол созған ұлттық құрамамыз, араға аз уақыт салып төрт жылда бір болатын әлем чемпионатына жолдама жеңіп алған болатын. Какау бастаған жігіттер өздерінің алғашқы Еуросында-ақ олжа салып қайтты. Біздің жігіттердің бұл жетістігіне ауызын ашып таңғалған Еуропа, өзінің дебюттық чемпионатында-ақ жүлдеге іліккен команданы естеріне түсіре алмай “Қазақстан аңызы” деген ат қойып алды.

Сербиядағы бұл жетістік жайлы көптеп жаздық та, оқыдық та. Сол сайыпқыран командамызды бүгін әлем біріншілігінің бәйгесі күтіп тұр. Біздің команда Колумбияға бару үшін екі кезектен тұратын іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен болатын.

Негізі Еуропаның електік додасы үш кезеңнен тұрады. Бірақ біздің құрамаға біріншісіне қатысудың қажеті болған жоқ. Әуелі рейтингтері төмен 23 құрама алты топта бақ сынап, әр топтың жеңімпазы келесі сатыға өтті. Екінші кезеңде оларға дәрежесі жоғарырақ 22 елдің футзалшылары қосылып, 28 команда жеті топқа бөлінді. Біздің команда бесінші топта Словения, Чехия және Франция футзалшылармен бірге бақ сынап, бірінші орынға ие болды. Ал, үшінші кезеңде осы жеті топтан бірінші, екінші орын алып, екшеліп шыққан 14 құрама Колумбияға баратын соңғы жеті команданы анықтады. Әр топтың жеңімпазы басқа топта екінші орын алған құрамамен жұп құрап, екі ойыннан тұратын кездесу өткізді. Қазақтан құрамасын жеребе 6-шы топта екінші болған Польша футзалшылармен жұптады. Какау шәкірттері сырт алаңда 1:1 есебімен тең ойнап қайтқанымен, Алматыда қарсылас қақпасына жауапсыз жеті гол соғып, поляктардың әлем чемпионатына барсақ деген үміттерін су сепкендей басқан болатын. Ұлттық құрамамыз осы ащы еңбектерінің тәтті жемісі ретінде Колумбия еліндегі кіл мықтының арасынан кім мықтыны анықтайтын бәсі биік бәсекеге қатысу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Колумбияға кімдер кетті

Бас бапкеріміз Какау Колумбияға ақпан айында Сербияда ойран салған оғыландарын бастап кетті деуге болады. Тек қосалқы қақпашы Григорий Шамроның жарақат алуына байланысты, оның орнына Александр Гуровті шақырған екен. 

Жарыс басталуға жақын қалғанда Колумбиядан көңілсіз хабардар алдық. Құрамамыздың ең үздік сұрмергені, Еуропа чемпионатында бес ойында алты гол соққан Серік Жаманқұлов жарақат алып, қатардан шығып қалды. Командадағы гол соғудың қыр-сырын ең жетік меңгерген шабуылшымыздан айырылып қалу командаға кері әсерін тигізбей қоймас. Бірақ, Какау мырза оның орнын жоқтатпайтын тағы бір үздікті табады деп сенеміз. Айтпақшы, құрама сапындағы ең жас футзалшылардың бірі, жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының үздік ойыншысы Арнольд Кнаубды да бір сынап көрудің сәті түскен секілді. 1995 жылы туған жас шабуылшы Сербияға барғанымен, негізгі құрамда ойнай алмаған болатын. Сонымен қатар, күні кеше Эвертон жарақат алып, оның орнын Илья Мун басты. 

Колумбияда бақ сынайтын футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының тізімі:

Қақпашылар:

Игита ("Қайрат")

Александр Гуров ("Қайрат") 

Алаңдағы ойыншылар :

Дінмұхамбет Сүлейменов ("Қайрат")

Шыңғыс Есенаманов ("Қайрат")

Дәурен Нұрғожин ("Қайрат")

Дуглас ("Қайрат")

Лео ("Спортинг", Португалия)

Михаил Першин ("Қайрат")

Павел Таку ("Тұлпар")

Александр Довгань ("Тұлпар")

Арнольд Кнауб ("Тұлпар")

Николай Пенгрин ("Тұлпар")

Александр Гербонос ("Тұлпар")

Илья Мун ("Тұлпар")

Колумбияда қандай нәтиже күтеміз?

Осымен сегізінші мәрте ұйымдастырылып отырған жаһан біріншілігіне 24 құрама қатысды. Әр құрлықтан сараланып алынған саңлақтар енді бір айға жуық уақытта әлемнің жаңа чемпионын анықтап шығатын болады. Бір қызығы, әлем чемпионаты осы күнге дейін жеті мәрте өткен болса да, тек екі-ақ команда чемпион болған екен. Оның бірі осы бәйгені бес рет ұтқан Бразилия құрамасы болса, келесісі Еуропаның жеті дүркін чемпионы Испания командасы. Олардың еншісінде әлем біріншілігінің екі алтыны бар. Осы жолы бұл екеуінің дәстүрін бұзып, жаңа чемпион шығып қалар бәлкім. Ол біздің мақтанышымызға орай, Қазақстан құрамасы болып қалуыда ғажап емес.

Еуропа біріншілігіндегі керемет ойындарынан кейін жанкүйер қауымның құрамадан қалайда жақсы нәтиже күтетіні сөзсіз. Чемпион атанып қайтама деген үміт де жоқ емес жанкүйер жадында. Жігіттерден бұндай биік белесті талап етпесек де, кемінде Еуродағы нәтижеден төмендемей қайтса деген үміт бар. Өйткені, бұл Қазақстан құрамасы қатысқалы отырған алғашқы ірі дода емес. Сонау ғасыр басында Гватемала жерінде өткен әлем біріншілігінде біздің команда өнер көрсеткен болатын. Бірақ, ол кезде Еуропаның емес, Азия елдерінің ортақ намысын жыртып жүрген едік. Ол кездегі нәтижемізбен мақтана алаймыз әрине. Бразилия, Португалия, Гватемала командаларымен бірге "А "тобында бақ сынап, соңғы орыннан көрінген болатынбыз.

Біздің топқа тек жеңімпаздар жиналған

Біз бұл жолы "Е" тобында өнер көрсетеміз. Қарсыластарымыз Аргентина, Коста-Рика және Соломон аралдары. Қазақ жанкүйерлері үшін Аргентина болмаса, қалған екі ел сәл бейтаныс сезілуі мүмкін. Тіпті, Соломон аралдары жайлы естіп көрмеген жандар да табылатыны сөзсіз. Бірақ, бұл үш құрама да футзал спортымен тұрақты айналысып жүрген, тәжірибиелі командалар.

Бір қызығы біздің үш қарсылас та өз аймақтарындағы соңғы біріншіліктердің чемпионы. Атап айтқанда, Аргентина құрамасы 2015 жылығы Америка кубогының жеңімпазы болса, Коста-Рика 2014 жылғы Солтүстік Америка және Кариб аралдарының чемпионы. Ал, Соломон аралдары командасы биыл өткен Мұхит аймағы елдері арасындағы біріншілікте топ жарған екен. Бұған Қазақстанның Еуропаның қола жүлдегері екенін қоса кетейік. Сонымен, біздің топ тек чемпиондар мен жүлдегерлер жиналған топ болып шықты. Бәсеке көрігі қызары сөзсіз.

Аргентина

Біздің топтың ең белдісі де, беделдісі осы - Оңтүстік америкалықтар. Атағы үлкен футболда дүрілдеп тұрған аргентиналықтарды сырттай қарағанда ешкім Қазақстанмен немесе Коста-Рикамен деңгейлес деп ойлай қоймас. Өйткені, біздің құрама әлем жұртшылығы үшін әлі де бейтаныс, жас команда ғой. Оның үстіне олар ФИФА рейтингінде 5-ші орында тұр. Бұған қоса, соңғы құрлық чемпиотанының жеңімпазы деген атақтары тағы бар. Қалай десекте, біздің топта Аргентина құрамасының ойыны басқалардан озық секілді сезіліп тұрғаны сөзсіз.

Аргентина командасы осыған дейінгі барлық әлем біріншіліктерінде бақ санаған. Бірақ, нәтижелері ойдағыдай емес, жеті мәрте финалдық кезеңде ойнағанымен, соның ешқайсысында жүлделі орынға жете алмаған. Ең жақсы көрсеткіштері 2004 жылы Тайваньда төртінші орынға табан тіреген екен. Ал, қалғанында жарыс жолынан ерте шығып қалып отырған. Соңғы турнирде 1/4 финалда Бразилияға есе жібрген екен.

Бірақ, бұл жолы олар Америка чемпионы деген атақты арқалап келіп отыр. Оның үстіне соңғы жылдары футзалда деңгейлері өсе бастағаны көрініп тұр. 2012 жылғы әлем біріншілігінде сегіздікке кіргенін айттық, құрлық чемпионатын ұтқанын айттық. Ендеше, бұл құрамадан кез-келген қауіпті күтуге болатынын Какау шәкірттері естен шығармайды деп үміттенеміз. ФИФА рейтингінде бізден алда тұрғанына қарамастан, біздің жігіттер жеңіске жетер деген сенім басымырақ бізде.

Коста-Рика

Солтүстік Америка және Кариб аралдары елдерінің ортақ намысын қорғауға келіп отыр. Әлем чемпионатының финалдық кезеңінде үш мәрте бақ сынағанымен, ешқайсысында топтық кезеңнен әрі аса алмаған. 2012 жылы Тайландта өткен әлем біріншілігінде Украина, Парагвай, Тайланд құрамаларымен бір топта өнер көрсетіп, ең соңғы орында қалып қойған екен.

Әлем чемпионаттарындағы осындай сәтсіздіктеріне қарамастан көршілес Колумбияға көп үміт арқалап келіп отыр. Қанша дегенмен өз аймағының чемпионы деген атақпен әлем чемпионатына қатысу бөлекше ғой. ФИФА рейтингінде бізден тура он саты төмен 19-шы қатарға орналасқан екен. Әрине, бұларда бізге оңайлықпен бағына салатын команда емес, Қазақтарға қалай да үлкен күш шығаруға тура келеді. Деседе, бұларға қарсы ойында бізге тек жеңіс керек.

Соломон аралдары

Бұл команда ФИФА түзген соңғы рейтингте 45-ші орында тұр. Шет жатқан Мұхит аймағы елдері арасында бес мәрте чемпион атанған. Колумбияға мұхит аймағы атынан қатысқалы отырған жалғыз команда. Әрине, ол аймақтың футзалын Оңтүстік Америка елдерімен немесе еуропалық командалармен салыстыруға келмес, десек те, олар да намысты қолдан бермеу үшін келгені сөзсіз.

Өз құрлығының бес дүркін чемпионы деген атағына қарамастан, бұл құрама әлем чемпионатына екі-мәрте қатысқан. Тіптен өкініштісі екі мүмкіндігінде де қарсыластарына ірі есппен ұтылып, еңселері түсіп қайтқан екен.

2008 жылы Бразилияда өткен әлем біріншілігінде "А" тобында өнер көрсетіп, төрт ойында қақпаларына 69 доп жіберіп алыпты. Бразилиядан 0:21 есебімен ұтылса, Ресеймен өткен матчта тіпті 2:31 деген орасан зор есеп тіркелген екен.

2012 жылғы чемпионатта жолдары тағы Ресеймен түйісіп 0:16 есебімен есе жіберсе, Колумбиядан 3:11 есебімен ұтылыпты. Бірақ, үшінші қарсыластары Гватемаланы 4:3 есебімен тізе бүктірген екен.

Бұларға қарап соломондықтарды осы жолы да масқара ұтылыстарға жол бергелі келді деп ойласақ, қатты қателесеміз. Жоғардағы нәтижелерге қарап отырсақ, олардың ақырындап жақсы ойнап келе жатқанын байқаймыз. Бірінші кезекке қарағанда екіншісінде тәп-тәуір ойнапты, жеңіске де жетіпті. Демек, өздерінің үшінші мүмкіндіктерінде барын салатын болады. Бірақ, Қазақстан құрамасы бұлардан оңай ұпай алады деп ойлаймыз.

Топтан шықсақ бізді кім тосып тұр?

Егер өз тобымыздан бірінші болып шықсақ "D" тобының екінші орын алған командасымен кездесеміз. Ол команда Украина болып қалуы әбден мүмкін. Ал, екінші орын алсақ онда "F" тобының жеңімпазымен жолығамыз. Ал, ол Испания құрамасы болу мүмкіндігі жоғары. Егер үшінші орынды қанағат тұтсақ, онда не D" тобының, не "А" тобының жеңімпазымен жолымыз түйіседі. Ол не Бразилия, не Португалия болып қалуы мүмкін.

Төрт жылда бір келетін жаһандық додаға жол тартқан жігіттерімізге сәттілік жолдас болсын дейміз. Еліміздің көк туын жеңіс шыңында желбіретіп қайтыңдар! Алға, Қазақстан! Жеңіс күтеміз! 

Қуаныш ҚАППАС

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 26 53-19 59
2 Астана 26 66-30 57
3 Тобыл 26 45-25 54
4 Елімай 26 47-31 48
5 Ақтөбе 26 39-29 43
6 Жеңіс 26 37-30 36
7 Ордабасы 26 37-28 35
8 Оқжетпес 26 37-43 35
9 Қызылжар 26 25-32 27
10 Ұлытау 26 20-41 23
11 Қайсар 26 24-42 22
12 Жетісу 26 19-43 21
13 Атырау 26 22-45 19
14 Тұран 26 25-58 16
Футболист недели Апта үздігі
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Вратарь Қақпашы
77
Поиск по сайту
Наверх