Главное Маңызды
06 нояб. 2026, 17:40
1433
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу KFF League:
06 нояб. 2026, 17:11
1902
Главный тренер «Кайсара» Талгат Байсуфинов поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Ордабасы», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 нояб. 2026, 09:18
1950
Главный тренер «Аталанты» Маурицио Сарри подвел итоги матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против алматинского «Кайрата» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Football-Italia.net:
06 нояб. 2026, 01:43
2908
Исполняющий обязанности главного тренера алматинского «Кайрата» Жора Арутюнян прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Конференций против «Аталанты» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
05 нояб. 2026, 09:30
2121
Исполняющий обязанности главного тренера «Кайрата» Жора Арутюнян поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против итальянской «Аталанты», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Марат Хайруллин: "Көкшетаулық жанкүйерлерден кешірім сұраймын"

12 сент. 2016, 22:32 | 1254
Көкшетаулық "Оқжетпес" командасының жартылай қорғаушысы Марат Хайруллин "Ақтөбе" (0:3) клубына қарсы өткен кездесуден кейін KazFootball.kz порталының тілшісіне ойын туралы өз пікірін білдіріп, жеңіліске ұшырғандары үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады.

— Марат, бүгін біз "Оқжетпесті" мүлде танымай қалдық. Командаға не болды?

— Шынымды айтсам, командаға не болғанын мен қазір дөп басып айта алмаймын. Бірақ, біз бұл ойында өзіміздің тіпті орташа деңгейдегі ойынымзды көрсете алмадық. Әр-түрлі себеп айтып, ақталуға да болатын еді. Дегенмен, менің ақталғым келмейді. Бүгін біз - ұтылдық. Сол үшін де көкшетаулық жанкүйерлерден кешірім сұраймын.

— Негізі ойын кеше өту керек еді. Матчтың кейінге шегерілгені футболшылардың психологиясына әсер етті ме?

— Мүмкін. Тағы қайталап айтамын, ақталатын себеп көп. Ол үзіліс. Матчтың кейінге шегерілгені. Матч алдында автобуспен Астанаға келгеніміз. Алайда, бүгін біз өзімізге тән ойынды көрсете алмадық.

— Бірінші таймда төреші Жасұлан Молдақараев соққан голды есепке алмады. Егер сол доп есепке алынғанда матчтың нәтижесі басқаша болар ма еді?

— Ол жерде төреші ойын ережесі бұзылды дегенді алға тартты. Мен ол жағдайды қазір нақты айта алмаймын. Себебі, дұрыс көрмедім. Ол эпизодты талқылау үшін бір көріп алу керек. Егер сол кезде біз есепті теңестіргенде, мүмкін ойынның есебі басқаша болар еді.

— Бірінші таймда қарсыластың айып алаңында Сізге қарсы ойын ережесі бұзылды. Сол жерде Куаджа допты емес, Сіздің аяғыңызды тепкендей болды ...

— Иә, ол жерде қорғаушы тура менің аяғымнан тепкен еді. Төреші бұл жерде де шешімді "Ақтөбенің" пайдасына шешті.

— Бүгін жеңіске жеткендеріңізде Сіздер үшінші орынға шығатын едіңіздер. Бірақ, ұпайдан шашау шығарып алдыңыздар. Енді "Оқжетпестің" үздік үштіктің қатарына қосылу мүмкіндігі қандай?

— Жүлдегерлер қатарына қосылу мүмкіндігіміз өте жоғары. Біздің бір ойынымыз бар. Бірақ, бір ойын артық деп босаңсып қалмауымыз керек. Команда ойыншыларының барлығы оны жақсы біледі.

Уалихан Қосанбай

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх