Главное Маңызды
02 дек. 2025, 12:10
1358
Полузащитник алматинского «Кайрата» и сборной Беларуси Валерий Громыко в интервью порталу Football.by рассказал о рекордном сезоне, Лиге Чемпионов, отборе ЧМ-2026, перелетах, пенальти и признании в родной стране, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
28 нояб. 2025, 14:26
810
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал матч общего этапа Лиги Чемпионов против «Копенгагена» (2:3), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
27 нояб. 2025, 11:11
925
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров и ассистентов казахстанских клубов в еврокубках.
26 нояб. 2025, 17:23
924
Петропавловский «Кызылжар» объявил о продлении контракта с 44-летним сербским наставником Миличем Чурчичем, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
26 нояб. 2025, 15:34
1892
66-летний казахстанский специалист Вахид Масудов не станет главным тренером талдыкорганского «Жетысу», сообщает корреспондент KazFootball.kz.

Самат Отарбаев: “Мен әлі соңғы сөзімді айтқан жоқпын”

25 дек. 2015, 19:17 | 2946
Еліміздегі жас, әрі талантты қақпашылардың бірі – Самат Отарбаев. Алайда, «Ордабасы» клубының қақпа күзетшісі өткен маусымда алаңға мүлде шыққан жоқ болатын. Содан соң, жанкүйерлер арасында: «Самат қатты жарақат алған», «Самат футболды біржолата қойып кетеді», - дегенге саятын әңгімелер шығып жатты. Осы орайда «ҚазФутбол» порталының тілшісі Самат Отарбаевтың өзіне хабарласып, мән-жайды анықтап көрген болатын.

- Самат, өткен маусымда "Ордабасы" сапында неге ойнамадыңыз?

- Өткен маусымда «Ордабасы» сапында ойнамау себебім – біздің командамызда Қазақстан  премьер-лигасындағы үздік қақпашылар болды. Бапкердің де көзқарасы бойынша мені жас әрі тәжірибесі аз деп сенім білдермеді. Сол себепті негізгі құрамға іліне алмай, өз тәжірибиемді қосалқы командада ойнап шыңдауға тырыстым.

- Соңғы кездері Сізді жарақатына байланысты футболмен біржолата қош айтысады деген ақпарат шықты. Сол рас па?

- Иә, менде жарақат болған. Бірақ, қәзір денсаулығым Құдайға мың да бір шүкір жақсы. Мынадай ақпаратты сізден және бірінші рет естіп тұрмын. Футболмен қоштасуды ойлаған да жоқпын. Мен әліде жаспын. Статистикаға сүйенетін болсақ қақпашылар кеш ашылады дейді. Сондықтан, меніңше жарқын болашағым әлі алда. Мен әлі соңғы сөзімді айтқан жоқпын ...

- Қазір денсаулығыңыз қалай? Жарақатыңыздан толық айықтыңыз ба?

- Тағы да айта кетейін, денсаулығым Құдайға шүкір, жақсы. Мен ешқандай операция жасатқаным жоқ. Жай ғана кішкентай спорттық жарақат. Ол жарақаттан әлдеқашан айығып шықтым.

- «Ордабасы» командасына маусымның екінші бөлігінде жаңа бапкер келді. Екі бапкер - Кумыков пен Байсейітовтің жұмысында қандай айырмашылықтар бар?

- Кәсіпқой футболшы болған соң бапкер ауысуы бізге жат нәрсе емес. Көп жағдайда мұндай нәрсе командаға жаңа күш, жаңа әсер береді. Әрине, әр бапкердің өзінің стильі, өзінің футболға деген көзқарасы болады. Виктор Балютович бас бапкер болып жұмыс істеп тұрған кезінде біз көбінесе стандарттық жағдайларға мән бердік. Иә, ол жүйе де жемісін алып келді. Бірақ, ол кісі маған сенім артпады. Мүмкін мен ол маманды сендіре алмадымба білмедім, негізгі құрамнан шығып қалдым. Ал, Бақтияр Даниярұлы бапкер болғаннан кейін біз бұрынғы «Ордабасының» ойынына қайта оралдық. Доппен көп жұмыс істеп, теxникалық тұрғыда жақсы ойнай бастадық. Дегенмен де, екі бапкерден де көп нәрсе үйрендік.

- Команданың өткен маусымдағы көрсеткіші көңіліңізден шықты ма?

- Егер шынымды айтсам, көңілімнен шықпады. Сонымен қатар, менің биыл командаға кішкентай да болса үлес қоса алмағаныма өкінемін. Әр жыл сайын біз бір саты жоғарылап келе жатқанбыз. Естеріңізде болса, былтыр біз 4-ші орын алған едік. Биыл 3-ші орын алу деген ой бар еді. Бірақ, бұл мақсатқа жете алмадық. Бәрі өзіміздің қолымызда болды. Кей матчтарда міндетті түрде жеңу керек болатын. Төртінші орынмен біз Еуропа лигасына жолдама алдық. Енді Еуроаренада жанкүйерлерімізді қуантамыз деп ойлаймын.

- "Ордабасыда" Сізден бөлек тағы екі қақпашы - Бойченко мен Сидельников болды. Бұл қақпашылармен негізгі құрамға таласу қиын емес пе?

- Жоқ, қиын емес. Керісінше, ол екеуі де өте тәжірибелі қақпашы және адамгершілік тұрғыдан жақсы жігіттер, ағалар. Олардан мен өзімнің мықты қақпашы болуым үшін көп нәрсе үйрендім деп айта аламын. Жаттығуда бас бапкерге мен оларға қарағанда өзімді жақсы жағымнан көрсетуге тырысамын. Ол жігіттер менен асып түседі. Сол үшін де бапкерлер маған әлі толық сенбей жүрген шығар деген ой келеді. Дегенмен, әр командада бәсекелестік жақсы болу керек. Сонда ғана команданың да, футболшының да деңгейі өседі.

- Сізге басқа командалардан ұсыныс түспеді ме? Келер маусымда команда ауыстыру туралы ойлаған жоқсыз ба?

- Ұсыныстар түсіп жатыр. Қазірдің өзінде менде бірнеше ұсыныс бар. Бірақ, мен әлі де ойланудамын. Команда ауыстыру да көкейде жүр. Енді оның барлығын уақыт көрсетеді. Бұйырса, келер маусымның басында тұрақты шешімге келемін деген ойдамын.

- Болашақтағы жоспарларыңыз туралы айтып өтсеңіз...

- Уақыттың алдына түсіп жүгірмей-ақ қояйық. Футболға қатысты жоспарларым көп. Ашып айтқым келмейді. Барлығы да Жаратушымыздың қолында ғой. Алда не боларын өз уақытында білеміз. Ең бастысы деніміз сау болсын.

- Рақмет. Алдағы уақытта тек сәттілік тілеймін.

Уалихан Қосанбай

Фотолар  "vesti.kz" және "prosportkz.kz" сайттарынан алынды

 

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 26 53-19 59
2 Астана 26 66-30 57
3 Тобыл 26 45-25 54
4 Елімай 26 47-31 48
5 Ақтөбе 26 39-29 43
6 Жеңіс 26 37-30 36
7 Ордабасы 26 37-28 35
8 Оқжетпес 26 37-43 35
9 Қызылжар 26 25-32 27
10 Ұлытау 26 20-41 23
11 Қайсар 26 24-42 22
12 Жетісу 26 19-43 21
13 Атырау 26 22-45 19
14 Тұран 26 25-58 16
Футболист недели Апта үздігі
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Вратарь Қақпашы
77
Поиск по сайту
Наверх