Главное Маңызды
06 нояб. 2026, 17:40
1427
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу KFF League:
06 нояб. 2026, 17:11
1897
Главный тренер «Кайсара» Талгат Байсуфинов поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Ордабасы», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 нояб. 2026, 09:18
1946
Главный тренер «Аталанты» Маурицио Сарри подвел итоги матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против алматинского «Кайрата» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Football-Italia.net:
06 нояб. 2026, 01:43
2904
Исполняющий обязанности главного тренера алматинского «Кайрата» Жора Арутюнян прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Конференций против «Аталанты» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
05 нояб. 2026, 09:30
2117
Исполняющий обязанности главного тренера «Кайрата» Жора Арутюнян поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против итальянской «Аталанты», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Бағдат Қайыров: "Біз ойынымызды енді тауып келе жатқан сияқтымыз"

14 сент. 2016, 14:05 | 1177
"Оқжетпеспен" (0:3) болған матчтан соң "Ақтөбе" футбол клубының қорғаушысы Бағдат Қайыров ойын туралы өз ойымен бөлісті:

- "Оқжетпеске" қарсы ойын қиын болды. Бірақ, бірінші алтылықта оңай ойындар болмайды. Біріншіден бас бапкердің айтқанын толықтай орындауға тырыстық. Тез гол соға білдік, содан соң ойнау жеңіл болды. Біз сенімді ойнай бастадық. Екінші таймда қарсылас шаршап қалды, біз қарқынымызға қарқын қосып, қарсыластан басым болдық. Бастысы өз жағымызда қорғанысты жақсы ұстап, қарымта шабуылмен ойнаймыз деген ой болды. Тек үш гол емес, одан да көп гол соғуға болатын еді. "Оқжетпестің" де мүмкіндіктері болды, гол жіберіп қоюымыз да мүмкін еді. Жалпы жақсы ойын болды деп ойлаймын. 

- Сіздің қапталыңызда Юрин, Мангуткин, Хайруллин үштігі өнер көрсетті. Осы үш ойыншыны тұсап ұстап қиын болмады ма? 

- Бапкерлер матчқа дайындалған кезде әр қарсыласты, әр ойыншыны талқылайды. Сол кезде әр ойыншыға кімге қалай ойнау керектігі түсіндіріледі. Оған қоса өзім де дайындалам. Аталған ойыншыларға қарсы тұру маған оңай болмады. Жеңген соң, өз ойыныңды жақсы бағалайсың ғой. Жақсы ойнап шықтым деп ойлаймын. 

- Екінші кезеңде "Ақтөбенің" ойыны жүріп келе жатыр. Команда ойынының өрге басуына қандай себептер әсер етіп жатыр? 

- Біздің негізгі мақсатымыз - алғашқы алтылыққа кіру болды. Сол мақсатты орындаған соң, командадан жүк түскендей болып, әрі қарай ойыннан ләззат алып ойнай бастадық. Маусым басында жаңа командаға өз ойынын табу үшін уақыт керек деген әңгімелер айтылды ғой, міне қазір ойынымызды енді тауып келе жатқан сияқтымыз. Бір жағынан сол кезде жарақат алған ойыншылар болды. Сол ойыншылардың барлығы жарақаттан айығып, командаға қосылды. Сол себепті, командада бәсекелестік артып, әр ойыншы орнын сақтап қалу үшін тырысып жатыр. 

- Бүгінгі ойын бірінші айналымда тіркелген  4:1 есебіне лайықты жауап болды ма? 

- Иә, лайықты жауап бере алдық. 

- Жол алыстығы психологиялық жағынан қиын болмады ма? 

-Жоқ, мен оған үйренгенмін, себебі мен бірінші лигада ойнап жүргенде автобуспен 15-16 сағаттап жол жүретінбіз, менің оған етім үйренген. 

- Бүгінгі ойын команда үшін сәтті болды. Бірақ, алда "Астана" және "Қайрат" командаларымен ойындар күтіп тұр. Команда осы ойындарда барын салып, қарсыласты тұқырту үшін тырысатыны анық. Сол ойындарға өзіңіздің ойыңыз қандай? 

- Жақын арада бізге чемпиондықтан үмітті "Астана" мен "Қайрат" командалары келеді. Екі қарсылас та мықты. Қалай болғанда да екі ойында да жеңіс үшін ойнайтын боламыз. Себебі, біз өз жанкүйерлеріміздің алдында үнемі жеңіске ойнауға тырысамыз. Қазіргі уақытта біздің команда күш-қуаты толысып, бабына еніп келе жатыр. Психологиялық тұрғыда да көтеріліп келе жатырмыз. 

ФК "Ақтөбе"

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх