Главное Маңызды
20 нояб. 2026, 16:03
610
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов рассказал о работе в талдыкорганском клубе, оценил прошедший сезон и поделился мнением о лимите на легионеров, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Sport-hub.kz.
18 нояб. 2026, 16:29
1803
Насколько серьёзным тренерским приобретением стал шотландский специалист Питер Левен для «Елимая», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
18 нояб. 2026, 09:35
1886
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров Суперлиги по футзалу после 14-го тура.
17 нояб. 2026, 16:48
7522
62-летний нидерландский специалист Джон ван ’т Шкип покинул должность главного тренера национальной сборной Казахстана, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
17 нояб. 2026, 14:33
3708
Что изменилось в казахстанском футболе после прихода иностранных специалистов на ключевые должности в КФФ и насколько оправдались ожидания от их работы, сообщает корреспондент KazFootball.kz.

"Астананың" еуропадағы ойындарда сырт алаңда жеңіске жетпегеніне екі жыл болды

15 сент. 2016, 18:30 | 2061
«Астана» екінші жыл қатарынан Никосияға сапар шегіп отыр. Естеріңізде болса отандастарымыз өткен жылы Чемпиондар лигасының плей-офф сатысында дәл осы АПОЭЛмен кездескен еді. Ал, биыл Еуропа лигасының топтық кезеңінде қарсыластар қайта жолығады.

Осы ойын жайлы біз түрлі ақпараттарды саралай отырып, сандар арқылы сөйлетіп көрсек.

Командалар арасындағы үшінші матч.

2015 жылғы тамыз айындағы кездесуден бергі бұл ойын үшінші матч болайын деп тұр. Алдыңғы екі ойында «Астана» қарсыласқа жеңіліп көрген жоқ. Өз алаңында 1:0 есебімен жеңіске жетті. «Астана-Аренадағы» ойында Бауыржан Джолчиев 14-ші минутта есеп ашқан. Сол гол жеңіс әкелді.

"Астана" (Астана, Қазақстан) — АПОЭЛ (Никосия, Кипр) – 1:0 (1:0)

Гол: Джолчиев, 14 (1:0)

"Астана": Эрич, Аничич, Илич, Постников, Максимович, Жуков (Бейсебеков, 85), Кетевоама (С.Мужиков, 90+2), Шомко, Каньяс, Нөсербаев (к) (Кабананга, 68), Джолчиев.

Қосалқы құрам: Логиновский, Ахметов, Дедечко, Щёткин.

АПОЭЛ: Ватерман, Карлан, Антониадес, Иньяки Астис, Мариу Сержиу, Эфрем (Штилич, 63), Александру (к) (Пионтковский, 46), Макридис (Сотириу, 85), Нуну Мораиш, Де Винсенти, Леал.

Қосалқы құрам: Кодина, Жуан Гильерме, Хараламбидес, Дьямас

Ескертулер:  Шомко, 78 - Де Винсенти, 14

Төрешілер: Виктор Кашшаи, Дьёрдь Ринг, Венцель Тот (барлығы - Венгрия)

18.08.2015. Астана, "Астана Арена". 30 000.

Ал, сырттағы ойында отндастарымыз айып добынан гол жіберіп алды. Семир Штилич 60-шы минутта қос ойын бойынша таразы басын теңестірді. Енді жағдай қалай болар екен деп тұрғанда Неманья Максимович есепті 1:1 қылып кетті.

АПОЭЛ (Кипр, Никосия) — "Астана" (Астана, Қазақстан) – 1:1 (0:0)

Голдар:  Штилич, 60 (1:0), Максимович, 84 (1:1)

АПОЭЛ: Ватерман, Карлан (Жуан Гильерме, 83), Антониадес (Пионтковский, 85), Иньяки Астис, Мариу Сержиу, Штилич, Макридис (Хараламбидес, 55), Нуну Мораиш (к), Де Винсенти, Леал, Вандер.

Қосалқы құрам: Кодина, Александру, Сотириу, Дьямас

"Астана": Эрич, Аничич, Илич, Постников, Максимович, Жуков (Бейсебеков, 89), Кетевоама, Шомко, Каньяс, Нусербаев (к) (Кабананга, 68), Джолчиев.

Қосалқы құрам: Логиновский, Е.Ахметов, С.Мужиков, Дедечко

Ескертулер: Де Винсенти, 32, Хараламбидес, 61, Вандер, 87 - Илич, 37, Шомко, 63, Каньяс, 72, Аничич, 87

Төрешілер: Мартин Аткинсон, Стивен Чайлд, Стюарт Барт (барлығы - Англия)

26.08.2015. Никосия, GSP Stadium.

2+1. Бұл сандардың құпиясы оңай. АПОЭЛ еурокубоктық ойындарда өз алаңында биыл жеңіліп көрген жоқ. Екі жеңіс, бір тең нәтиже. Кипрліктер Еуропа лигасына Чемпиондар лигасының плей-офф раундында жеңілгеннен кейін түсіп отыр.

2. АПОЭЛ Еуропа лигасының топтық кезеңінде бұған дейін екі рет ойнаған. Бірақ сол екі ретте де топтан шыға алмаған. Бәлкім биыл олар ер кезегі үшке дейін деп шығып та қалар?

1. «Астана» өткен жылы өзінің тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті. Бұл көрсеткіш жалпы Қазақстан футболы үшін де тұңғыш болатын. Ал, енді олар биыл тұңғыш рет өз тарихтарында Еуропа лигасының топтық кезеңінде бақ сынамақ.

5+5. Бұл сандар «Астана» жайлы сөз қозғамақ. Бір қызығы елордалық команда 2014 жылы сырт алаңда швецияның «АИК» командасын 3:0 есебімен ұтқаннан кейін Еуропада бірде-бір мәрте жеңіске жетіп көрмепті. Яғни сырт алаңдағы 10 ойынның бесеуінде жеңілген, бесеуінде тең түскен.

3500. Дәл осыншама шақырым екі қаланың арасында тұр. Никосия мен Астана қалаларының арасы жақын емес.

Бапкерлер жайлы:

Данияда туылған Томас Кристиансен 1992 жылы «Барселонада» өнер көрсеткен. Испаниялық командамен УЕФА Суперкубогының иегері де атанған. Сонымен қатар, Испания құрамасында екі ойын өткізіп, біреуінде гол да соққан. Кипрдің Ларнака қаласының АЕК командасымен тамаша маусым өткізгеннен кейін, бұл бапкер осы жазда АПОЭЛ тізгінін ұстады.

Ал, Станимир Стойлов «Астана» командасымен Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды. Болгария ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы болған Стойлов бұрын Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде бапкер ретінде өнер көрсетті. Ол кезде Станимир болгарияның «Левски» командасының бас бапкері болатын.  

Сандар мен мәліметтерден бөлек айтарымыз, Никосия қаласында ауа-райы өте тамаша, стадион да ойын өткізуге толықтай дайын. «Астана» командасында Юрий Логвиненко мен Агим Ибраими жарақаттарына байланысты Кипрге келе алмады. Команда құрамында қазір 20 футболшы бар. Чемпионатта «Қайраттан» жеңілгеннен кейін елордалық футболшылар осы матчта қалай да ұпай аламыз деп құлшынып отыр.

Нағи БАҚЫТБЕКОВ

Никосия, КИПР

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх