Главное Маңызды
25 окт. 2026, 09:58
484
Главный тренер «Кызылжара» Виталий Жуковский прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Улытау» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
25 окт. 2026, 09:40
1110
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин дал комментарий после матча 29-го тура Премьер-лиги против «Жениса» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
25 окт. 2026, 09:15
380
Ассистент главного тренера «Жениса» Антон Чичулин прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Ордабасы» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичного клуба:
24 окт. 2026, 23:03
1328
Главный тренер «Тобыла» Мирослав Ромащенко прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Жетысу» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
24 окт. 2026, 22:46
1015
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Тобыла» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Қазақстан ФИФА рейтингінде 83-ші орынға көтерілді

15 сент. 2016, 14:04 | 7923
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтары одағының (ФИФА) жаңарған рейтингінде 13 орынға жоғарылап, рекордтық көрсеткішіне түзету енгізді. Отандық құрама тамыз-қыркүйек айының нәтижесі бойынша 83-ші орынға көтерілген.

Ел футболы тарихындағы ең үздік көрсеткіш осыдан бір ай бұрын тіркелген болатын. Нәтиже 97-ші орын болатын. Ал, ең төменгі нәтиже 1996 жылғы мамыр айындағы рейтингтен көрініс табады. Ол жолы ұлтты құрама 166-шы сатыда болған.

ФИФА рейтингі 1993 жылдан бері түзіліп келеді. Сол арқылы ұлттық құрамалардың өсу деңгейін, көрсетіп келе жатқан нәтижелерін бағамдауға болады. Рейтинг тарихында көш тізгінін 7 ұлттық құрама ғана иеленген. Оның бесеуі Еуропадан болса, екеуі – Оңтүстік Америка құрлығынан. Олар: Германия, Италия, Франция, Испания, Нидерланды, Бразилия және Аргентина. 

2006 жылы Германияда өткен әлем чемпионатынан кейін рейтинг ұпайын есептеу жүйесіне арнайы өзгертулер енгізілді. Десе де бұл рейтингте Қазақстан Ұлттық құрамасының аса жоғары орындарға шыға алмауының себебі де жоқ емес. Өйткені, географиялық сипаты бойынша алты құрлықтық футбол конфедерацияларының деңгейі тең дәрежеде емес. Мәселен, Қазақстан Ұлттық құрамасы Азия футбол конфедерациясында өнер көрсетер болса, нәтижесі бұдан да жоғары болары даусыз ба еді?!

Жаңарған ФИФА рейтингінің алғашқы ондығында өзгерістер орын алған. Аргентина құрамасы көш басында болса, екінші орында Бельгия құрамасы келеді. Германия құрамасы Колумбияны бір орынға ығыстырып, үштікке енді. Бразилия бес орынға жоғарыласа, Чили, Португалия мен Франция құрамалары бір орынға төмен сырғыған. Сондай-ақ, Уругвай мен Уэльс құрамалары алғашқы ондыққа еніп отыр.

Жаңарған рейтингтегі ең төменгі нәтижені Орталық Африка ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден 35 саты төмендеп, 122-ші орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Боливия құрамасы еншіледі. Олар 35 саты жоғарылап, 75-орынға табан тіреген.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы бірінші ойында Польшамен тең ойнаған (2:2 есебімен) болатын. 

ҚФФ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 29 59-21 68
2 Қайрат 28 57-20 63
3 Астана 28 46-29 52
4 Оқжетпес 29 45-37 51
5 Ақтөбе 28 42-35 45
6 Елімай 28 40-38 44
7 Тобыл 29 40-39 41
8 Ұлытау 29 27-35 35
9 Жеңіс 29 30-39 33
10 Каспий 29 31-42 33
11 Қызылжар 29 29-41 30
12 Атырау 28 22-32 27
13 Алтай 28 28-39 26
14 Ертіс 28 26-42 26
15 Жетісу 29 29-47 26
16 Қайсар 28 24-39 24
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх