Главное Маңызды
02 мая 2026, 21:20
331
Главный тренер «Иртыша» Кирилл Альшевский прокомментировал матч восьмого тура Премьер-лиги против «Кайрата» (0:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
02 мая 2026, 20:34
993
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал матч восьмого тура Премьер-лиги против «Иртыша» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz:
02 мая 2026, 19:48
574
Главный тренер «Окжетпеса» Ринат Алюетов прокомментировал матч восьмого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
02 мая 2026, 19:14
1170
Главный тренер «Кызылжара» Милич Чурчич прокомментировал матч восьмого тура Премьер-лиги против «Окжетпеса» (0:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
02 мая 2026, 09:09
1750
Главный тренер «Каспия» Ерлан Шойтымов прокомментировал матч 1/8 финала Кубка Казахстана против «Ордабасы» (0:3), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Уыстан шыққан жеңіс...

16 сент. 2016, 19:10 | 2020
Ел намысын Еуропа Лигасының топтық турнирінде қорғап жатқан «Астана» бірінші турда қонақта кипрлік АПОЭЛден жеңіліп қалды. Былтыр ғана осы қалада, дәл осы «GSP Stadium» стадионында Станимир Стойлов шәкірттері тиімді нәтижеге қол жеткізіп, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алған болатын. Араға бір жыл салып, Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясында қонаққа келген біздің чемпион АПОЭЛдың мықтылығын мойындауға мәжбүр болды.

Негізгі қорғаушы Юрий Логвиненконың жарақаты Станимир бапкер үшін соңғы кездері бас ауыртарлық мәселе болды. Логвиненконың жоқтығы сенбі күнгі «Қайратқа» қарсы ойында қатты байқалған еді. Кипрдегі матчта бас бапкер бес қорғаушы жүйесінен бас тартқан жоқ. Қақпаны әдеттегіше Ненад Эрич күзетті. Қорғаныстың сол қапталын Дмитрий Шомко, оң қапталын Абзал Бейсебеков ұстады. Логвиненконың орнын Сергей Малый басты.  Оның қасында Марин Аничич пен Игорь Шитов ойнады. Орталық алаңда Рохер Каньяс, Неманья Максимович және Серікжан Мужиков үштігі ойқастауға тиіс болды. Патрик Твумасиді қосалқы құрамда ұстап, екі шабуылшыны (Джуниор Кабананга мен Джордже Деспотович) алаңға шығарып, қарсыласты таң қалдыруға тырысты.

Ойынның басы алаң иелерінің белсенді қимылдарымен басталды. Біздің қорғаушыларға ғана емес, Ненад Эричке де АПОЭЛ футболшылары айтарлықтай қысым жасады. Сондай бір сәтте «Астана» капитаны қателікке бой алдырды. Әріптесінің пасынан кейін, допты айып алаңнан алысқа теуіп жіберудің орнына алдындағы қарсыластың аяғына салып берді. Абырой болғанда, дер кезінде қақпадан шығып, бағытталған соққыға көкірегін тосып, өз қателігін жуып-шайды. Қауіптің бәрі алаң қожайындары сапындағы Яннис Янниотастан келіп жатты. Қарға бойлы футболшы біздің қорғаушылардан бірнеше мәрте сытылып өтіп, айып алаңының ішінен де, сыртынан да бірнеше соққылар бағыттады. Дәлдік жетіспей жатты. Ал, бірінші тайм бойы кипрліктердің азды-кемді шабуылдарына тойтарыс берген елордалықтар үзіліске санаулы секундтар қалғанда күтпеген жерден есеп ашып кетті. Айып алаңының сыртынан Неманья Максимович шірене тартып, соққысы жол-жөнекей қарсыластың аяғына тиіп, Бой Ватерман қорғаған қақпаға ене кетті. Былтыр да АПОЭЛге гол соққан жас талант «Астананың» Еуропа лигасындағы тұңғыш голының авторы атанды.

Екінші таймның басында шабуылға лап қойған, есепті теңестіруге асыққан алаң қожайындарын байқамадық. Керісінше, Стойлов жігіттері допты ұзақ ұстауға тырысып, реті келсе шабуылдауға тырысып бақты. Алайда, алпысыншы минутқа таяу АПОЭЛ футболшыларының шабуылы жиілей түсті. Бес минут бойы біздің айып алаңнан шықпай қойған кездері де болды. Соққы бағыттап, ізбе-із бұрыштама көтеріп, есепті теңестіруге барларын салып жатты. Алайда, Эрич бастаған жігіттер тойтарыс беріп, жеңісті есепті қызғыштай қорғаған болатын. Дегенмен, бұлай жалғаса берсе, істің ақыры жақсылықпен бітпесі сезіліп тұрған еді. Үздіксіз қысымның нәтижесі қорғаушылардың қателігіне әкеліп соқтыруы әбден мүмкін болатын. Себебі, алаң қожайындары орталық алаңнан оңай өтіп кетіп жатты. Оның үстіне шабуыл шебінде «Астананың» ойыны жүрмей қойды. Қарымта шабуылға мұрындық болар, допты ұзақ ұстап жүрер деп шығарған Твумаси көзге түсе алған жоқ. Кабананганың орнына шыққан Танат Нөсербаев қорғанумен әуре болды. 74-ші минутта АПОЭЛ есепті теңестіріп кетті. Эричтің айып алаңына оң қапталдан әуелете асырылған пасқа тосқауыл болар бізден бірде-бір қорғаушы табылмады. Ал, қарсылас футболшысының екеуі сол допқа ұмтылды. Нәтижесінде алаңға тыңнан шыққан Игорь де Камарго соққы жасап үлгерді. Доп біздің қорғаушыға тиіп, кейін серпілді. Мұнда да иесіз допты айып алаңнан шығарып жіберер адам табылған жоқ. Винисиус Эричтің қақпасына допты дарытып тынды. Ал, негізгі уақыт аяқталуына үш минут қалғанда де Камарго жеңісті голды соғып кетті. Ойын соңында есепті теңестірмек түгілі, тым болмаса қарсылас жарты алаңында допқа иелік етуге «Астана» футболшыларында күш қалмаған еді.

Еуропа лигасы. «B» тобы. 1-тур.

АПОЭЛ (Никосия, Кипр) — «Астана» (Астана, Қазақстан) - 2:1 (0:1)

Голдар: Максимович 45+1 (0:1), Винисиус 75 (1:1), де Камарго 87 (2:1)

Ескертулер: Мораиш 61, Винисиус 63, Вандер 90+5 — Каньяс 29, Шомко 33, Твумаси 66, Мұжықов 72, Тағыберген 85, Шитов 90+1

АПОЭЛ: Ватерман, Лаго, Карлао, Эфрем (де Камарго 70), Орланди (Бертольо 56), Винисиус, Сотириу, Миланов, Астис, Мораиш, Янниотас (Вандер 78)

«Астана»: Эрич, Бейсебеков, Шитов, Малый, Аничич, Шомко, Максимович, Каньяс, Мужиков (Тағыберген 77), Деспотович (Твумаси 57), Кабананга (Нөсербаев 70).

Төреші: Александар Ставрев (Македония)

15-қыркүйек. Никосия. "GSP Stadium".

Ойынның статистикасы:

Соққылар: 24 — 6

Дәл бағытталған: 9 — 1

Бұрыштама: 7 — 0

Офсайдтар: 1 — 8

Допқа иелік ету: 69% — 31%

Сары қағаз: 3 — 6

Тәртіп бұзу: 12 — 16.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 8 12-3 18
2 Ордабасы 7 12-6 15
3 Оқжетпес 8 12-8 15
4 Елімай 7 12-7 13
5 Астана 7 11-9 12
6 Жетісу 8 9-9 12
7 Қызылжар 8 10-7 11
8 Ұлытау 7 7-7 11
9 Ақтөбе 7 8-8 10
10 Атырау 7 5-5 7
11 Жеңіс 7 3-8 7
12 Ертіс 8 8-11 6
13 Қайсар 8 4-8 6
14 Тобыл 7 7-13 5
15 Алтай 7 3-6 4
16 Каспий 7 3-11 1
Футболист недели Апта үздігі
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Нападающий Шабуылшы
7
Поиск по сайту
Наверх