Главное Маңызды
18 окт. 2026, 23:23
181
Главный тренер «Астаны» дал комментарий после перенесенного матч 23-го тура Премьер-лиги против «Каспия» (2:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
18 окт. 2026, 22:41
209
Главный тренер «Каспия» Руслан Эсатов прокомментировал перенесенный матч 23-го тура Премьер-лиги против «Астаны» (2:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
18 окт. 2026, 22:34
218
Главный тренер «Улытау» Нуркен Мазбаев прокомментировал перенесенный матч 23-го тура Премьер-лиги против «Елимая» (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
18 окт. 2026, 21:20
287
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин подвел итоги перенесенного матча 23-го тура Премьер-лиги против «Иртыша» (5:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
18 окт. 2026, 21:04
283
Главный тренер «Елимая» Андрей Карпович дал комментарий после перенесенного матча 23-го тура Премьер-лиги против «Улытау» (2:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Серік Жаманқұлов: "Алынбайтын қамал жоқ. Испанияны жеңуге шамамыз жетеді"

17 сент. 2016, 12:20 | 3516
Күллі еуропаны ойын өрнегімен таңғалдырған футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Колумбия елінде өтіп жатқан әлем біріншілігінде бақ сынауда. "Е" тобына түскен отандастарымыз алғашқы кездесуінде атақты Аргентинадан жеңілсе, екінші ойынында беймәлім Коста-Рика құрамасынан басым түсті. Үшінші кездесу Соломон аралдарына қарсы өтеді.

Оңтүстік Америка жеріне дүбірлі дода алдында ерте келіп, ұлттық құрамамыз дайындық жұмыстарын бастап кеткен болатын. Алайда, жаттығу жұмыстарының бірінде команданың үздік шабуылшыларының бірі - Серік Жаманқұлов аяғынан жарақат алып, қатардан шығып қалған еді. Дегенмен, жарақатына қарамастан Колумбияда әріптестеріне қолдау көрсетіп жүрген спортшымен KazFootball.kz порталының тілшісіне сұқбаттасудың сәті түскен еді.

- Серік, әлем чемпионатына қатыспауыңыз өкінішті. Бұл қалай болды? Жарақатыңыз қаншалықты ауыр?

- Жаттығу кезінде жарақат алдым. Допқа талас үстінде сәтсіз қимылдап, сол аяғымды қайырып алдым. Дәрігерлер бір ай гипсте боласың деген, алайда қазір оны шешіп тастадық. Емді бастағанымызға үш күн болды. Қазір жағдайым жаман емес. Дұрысталып келемін. Дегенмен, сүйектің сынуына байланысты жүруіме тыйым салынды. Сол себепті, қазір балдақтың көмегімен қозғаламын. Құдай қаласа, келесі айда жеке дайындықты бастаймын деген үміттемін.

- Колумбияның Мутата қаласында жер сілкінісі болды дегенді естідік. Сіздерге бұл жағдай қалай әсер етті?

- Жер сілкінісі болып, Ресей құрамасы қонақ үйден көшуге мәжбүр болды. Алайда, бізге бұл табиғат құбылысы байқалмады. Бәрі бір қалыпты өтуде, ешқандай өзгерістер болған жоқ.

- Аргентина және Коста-Рика құрамаларына қарсы кездесулер жайлы айта кетсеңіз.

- Бірінші ойын, жалпы алсақ, жаман болған жоқ деп ойлаймын. Бірінші таймда өз ойынымызды таба алмадық, алайда екінші кезеңде барлық жағынан алғанда қарсыласымыздан басым түстік. Аргентина құрамасына қарағанда бізде гол соғуға мүмкіндіктер көп болды. Өкінше қарай, ешқайсысын пайдала алған жоқпыз.

Коста-Рикаға қарсы кездесу жайлы айтатын болсам, бірінші кездесумен салыстырғанда жақсы ойын көрсеттік. Өз мүмкіндіктерімізді мүлт жібермей, керекті үш ұпайға қол жеткіздік.

- Әзірге топта алдымызға тек Аргентина құрамасын ғана жібердік. Әлі Соломон аралдарына қарсы кездесу бар. Какау бапкер топтан нешінші орынмен шығуды мақсат етіп қойды?

- Нақты бір орынмен шығуды тапсырма ретінде қоймады. Құдай қаласа, Соломон аралдарын ұтамыз деген ойдамын.

- Топтан екінші орынмен шықсаңыздар Еуропа чемпионы - Испаниямен, ал үшінші орынмен шықсаңыздар әлем чемпиондары - Бразилиямен кездеседі екенсіздер. Өзіңіз қай құрамамен жолыққанды қалайсыз?

- Әрине, бірінші орынмен шыққанды қалаған едік. Өйткені, келесі кезеңде Украина құрамасымен кездесуіміз бек мүмкін болатын. Аталған үш құраманың ішінде, Украина басқаларына қарағанда сәл осалдау қарсылас. Құдай қалап, топтық кезеңді екінші орынмен аяқтасақ, Испаниямен күш сынасамыз. Алынбайтын қамал жоқ. Испанияны жеңуге шамамыз жетеді. Оның үстіне, біздің жігіттер қазір нағыз бабында, дайындықтары жақсы.

- Әлем чемпионатының фавориттері қай құрамалар деп ойлайсыз?

- Бірінші кезекте, Бразилия мен Испания. Сонымен қатар, Ресей мен Италия құрамалары да жүлдеге таласатын болады.

- Сұқбатыңызға рақмет!

Айбар Рысдаулет

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 28 58-20 67
2 Қайрат 28 57-20 63
3 Астана 28 46-29 52
4 Оқжетпес 28 42-37 48
5 Ақтөбе 28 42-35 45
6 Елімай 28 40-38 44
7 Тобыл 28 39-38 40
8 Ұлытау 28 27-34 35
9 Каспий 28 31-39 33
10 Жеңіс 28 29-38 32
11 Атырау 28 22-32 27
12 Қызылжар 28 28-41 27
13 Алтай 28 28-39 26
14 Ертіс 28 26-42 26
15 Жетісу 28 28-46 25
16 Қайсар 28 24-39 24
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх