«Қайрат» Бородюкпен бір жылдық келісім-шарт жасады
Кеше бірнеше ресейлік спорт порталдары «Қайрат» Александр Бородюкпен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтқан болатын. Ал, бүгін алматылық клуб жетекшілері ресейлік маманмен бір жылдық келісімге келгені анықталды.
Бірақ, бұл келісім-шарт бойынша бапкердің қанша жалақы алатыны белгісіз болып тұр. Александр Генриховичтың өзі де бұл туралы тіс жарып әлі ешкімге ешқандай мәлімет бермей отыр. Ресейлік басылымдардың таратқан мәліметі бойынша, «Қайрат» клубының басшылары жаңа бапкерді жұртшылыққа дүйсенбі күні таныстырады екен.
Айта кетейік, Александр Бородюктің соңғы командасы Мәскеудің «Торпедо» клубы болған еді. 54-жастағы маман 2014 жылы бұл ұжымды Ресей премьер-лигасына дейін шығарып, орнынан кеткен. Содан бері бір жыл жұмыссыз жүрген.
Сурет: tulapressa.ru
| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 30 | 59-23 | 68 |
| 2 | Қайрат | 30 | 60-23 | 65 |
| 3 | Астана | 30 | 48-31 | 54 |
| 4 | Оқжетпес | 30 | 49-38 | 54 |
| 5 | Ақтөбе | 30 | 47-39 | 49 |
| 6 | Елімай | 30 | 43-44 | 45 |
| 7 | Тобыл | 30 | 42-42 | 41 |
| 8 | Жеңіс | 30 | 32-40 | 36 |
| 9 | Ұлытау | 30 | 27-38 | 35 |
| 10 | Қызылжар | 30 | 31-42 | 33 |
| 11 | Каспий | 30 | 32-44 | 33 |
| 12 | Ертіс | 30 | 31-44 | 32 |
| 13 | Атырау | 30 | 27-35 | 30 |
| 14 | Алтай | 30 | 31-42 | 28 |
| 15 | Жетісу | 30 | 31-49 | 27 |
| 16 | Қайсар | 30 | 25-41 | 25 |