Главное Маңызды
27 июл. 2026, 10:16
200
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров и ассистентов Премьер-лиги после 19-го тура.
27 июл. 2026, 09:44
305
Главный тренер «Тобыла» Мирослав Ромащенко прокомментировал матч 19-го тура Премьер-лиги против «Атырау» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
27 июл. 2026, 09:33
149
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян прокомментировал матч 19-го тура Премьер-лиги против «Алтая» (4:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
27 июл. 2026, 09:21
284
Главный тренер «Жениса» Али Алиев прокомментировал матч 19-го тура Премьер-лиги против «Каспия» (2:3), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
27 июл. 2026, 09:10
227
Главный тренер «Каспия» Ерлан Шойтымов прокомментировал матч 19-го тура Премьер-лиги против «Жениса» (3:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Есе қайтарар қауқар болмады...

22 сент. 2016, 05:40 | 1324
Оңтүстік Америка құрлығында футзалдан өтіп жатқан әлем біріншілігінде жерлестеріміз "қарт құрлықтың" үздігі, биылғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы Испанияға жол берді. Колумбияның Меделльин шаһарында өткен ойында Какау шәкірттері Пиреней түбегінің өкілдерінен 2:5 есебімен ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды.

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері бірінші минуттардан алаңға Игита-Довган-Нұрғожин-Дуглас-Лео бестігін шығарды.

Испандықтар кездесудің үшінші минутында айып соққысын сәтті орындап, есеп ашқан еді. Лосано Игита ашық қалдырған бұрышты дәл көздеп, өз командасын алға шығарды.

Ойынның басынан бастап Игита алыстан қарсылас қақпасына соққы бағыттауға тырысып бақты. Сондай бір сәтте біздің қақпашымыздың соққысын қайтарамын деп бір-бірін түсіне алмаған Пако Седано мен қорғаушының қателігін пайдаланып Шыңғыс Есенаманов таразы басын теңестіріп кетті.

Екінші таймның басында қарт құрлық чемпиондары тағы да есепте алға шығып кеткен еді. Ривильос Довганды алдап өтіп, ашық тұрған Бебеге пас асырды. Бебе өз кезегінде ашық қалған бұрышты дәл көздеп, Испанияның бұл матчтағы екінші голының авторы атанды. Бірақ, бұл жолы да Какау жігіттері жауапты голды соға алды. Отыз бірінші минутта Дәурен Нұрғожин әдемі шабуылға нәтижелі нүкте қоя білді. Алайда, араға бірнеше секундтар салып Нұрғожин тағы бір мәрте көзге түсті. Бұл жолы испандықтың пасын тоқтатамын деп допты Игита қақпасына енгізіп алып, Испанияның матчта үшінші мәрте таблодағы көрсеткіште алға шығуына өз септігін тигізді.

Негізі уақыттың аяқталуына үш минут қалғанда Қазақстанда таразы басын теңестіріп қана қоймай, жеңісті жұлып алар мүмкіндік туған еді. Испанияның шабуылшысы Лозано Игита айып алаңында әдейі құлап, матчтағы екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылады. Алайда, біздің жігіттердің шабуылы азусыз болып, Пако Седано қақпасынан саңылау таба алмады. Керісінше, испандықтардан Рауль Кампос пен Мигелин бос қалған қақпаны дәл көздеп, Испанияны ширек финалға алып шықты.

Бірінші ойында Аргентинадан 0:1 есебімен жеңіліп, кейін Коста-Рика (3:1) мен Соломон Аралдарын (10:0) ұтып, 1/8 финалда Испанияға есе жіберген Қазақстан Ұлттық құрамасы Колумбиядағы жарыс жолынан шығып қалды. Еске сала кетейік, ақпан айында Сербияда өткен Еуропа біріншілігінде де Испания Какау командасының жолына кесе-көлденең тұрған болатын. Ол кезде Сүлейменов бастаған жігіттер жартылай финалда болашақ чемпиондардан 3:5 есебімен ұтылып қалған еді.

Испания – Қазақстан - 5:2 (1:1)

Голдар: Лосано 3 (1:0), Есенаманов 5 (1:1), Бебе 23 (2:1), Нұрғожин 31 (2:2), Нұрғожин 32-автогол (3:2), Рауль Кампос 39 (4:2), Мигелин 40 (5:2)

Ескертулер: Лосано 16 – Кнауб 8, Сулейменов 16, Дуглас 24, Пенгрин 29    

Алаңнан қуылу: Лосано 38 (екінші ескерту)

Испания: Пако Седано, Хуанхо, Хесус Херреро – Ортис (к), Айкардо, Пола, Мигелин, Бебе, Фернандао, Ривильос, Лосано, Алекс, Рауль Кампос, Хосе Руис

Казақстан: Игита, Гуров – Нұрғожин, Лео, Довгань, Дуглас, Кнауб, Гребонос, Пенгрин, Сүлейменов (к), Есенаманов, Першин, Таку, Мун

Төрешілер: Арзпейма (Иран), Коллей (Австралия)

21 қыркүйек 2016 ж. Меделльин (Колумбия). «Колизео Иван Де Бедо». 

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 20 39-14 45
2 Ордабасы 19 34-15 43
3 Астана 18 29-20 32
4 Ақтөбе 19 28-21 31
5 Оқжетпес 19 25-26 30
6 Елімай 18 26-23 27
7 Ұлытау 19 16-18 27
8 Тобыл 19 21-26 22
9 Жеңіс 19 17-23 22
10 Каспий 19 19-25 21
11 Қайсар 20 15-22 20
12 Қызылжар 19 20-27 19
13 Атырау 18 13-17 18
14 Жетісу 19 22-29 18
15 Алтай 19 15-26 16
16 Ертіс 18 16-23 14
Футболист недели Апта үздігі
Максим Самородов
Максим Самородов
Максим Самородов
Максим Самородов
Нападающий Шабуылшы
10
Поиск по сайту
Наверх