Главное Маңызды
06 нояб. 2026, 17:40
1408
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу KFF League:
06 нояб. 2026, 17:11
1879
Главный тренер «Кайсара» Талгат Байсуфинов поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Ордабасы», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 нояб. 2026, 09:18
1927
Главный тренер «Аталанты» Маурицио Сарри подвел итоги матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против алматинского «Кайрата» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Football-Italia.net:
06 нояб. 2026, 01:43
2886
Исполняющий обязанности главного тренера алматинского «Кайрата» Жора Арутюнян прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Конференций против «Аталанты» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
05 нояб. 2026, 09:30
2099
Исполняющий обязанности главного тренера «Кайрата» Жора Арутюнян поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против итальянской «Аталанты», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Талғат Адырбеков: "Қолаға талас енді қыза түсті"

26 сент. 2016, 01:10 | 2078
Шымкенттік «Ордабасы» командасының қорғаушысы Талғат Адырбеков "Астана" (0:1) клубына қарсы өткен кездесуден кейін KazFootball.kz порталының тілшісіне ойын туралы өз пікірін білдірді.

— Талғат, бүгін «Ордабасының» ойыны мүлде жүрмеді? Себебін айтып бере аласыз ба?

— «Астанаға» қарсы ойнау қай командаға болсын қиын. Мықты ойыншылардан құралған команда. Бірақ, мен «Ордабасыны» осал дей алмаймын. Осы ойын алдында біздің бірнеше футболшыларымыз жарақат алып қалған болатын. Сол үшін матч алдында Бақтияр Даниярұлы бірнеше өзгерістер жасады. Жылдам гол соғу деген мақсат болған. Алайда, бірінші минуттан-ақ «Астана» ойыншылары допты өз бақылауларына алды. Содан соң біз тек қарсы шабуылға шығып ойнадық. Екінші таймда енді-енді өз ойынымызды тауып келе жатқанымызда, капитанымыз алаңнан қуылды. Ал, он ойыншымен елордалықтарға қарсы тұру, қиынның қиыны.

— Самат Смақовтың қызыл қағазы туралы не айта аласыз?

— Мен бұл жағдайға байланысты ештеңе айта алмаймын. Төрешілердің шешімі. Ол кезде мен артта, қорғаныста едім. Не болғанын көрген жоқпын.

— Сіз ойынға екінші таймда қосылдыңыз. Матчтың қарқынына ілесіп кету қиын болған жоқ па?

— Жоқ. Керісінше, оңай болды деп айтсам болады. Өз жанкүйерлеріміздің алдында ойнау мен үшін мүлде қиын емес.

— Алаңға шығар алдында бапкер Сізге қандай нұсқау берді?

— Александр Симчевичті алға шығарып, қорғаныстың оң қанатына жауап беріп, шабуылға дем бер деді. Өйткені, Дмитрий Шомко бүгін шабуылға жиі қосылды. Соның бос қалған аймақтарын пайдалану керек болғанбыз.

— Көкшетауда «Ертіс» «Оқжетпестен» үстем түсті. Осылайша, павлодарлықтар үшінші орынға көтерілді. Сіздер төртке түсіп қалдыңыздар. Бұл туралы хабардар шығарсыз ...

— Иә, «Ертіс» бізден бір ұпай алға шықты. Дегенмен, әлі алда ойындар бар. Сол ойындарда қажетті ұпайды жинаймыз деген ойдамын. Қолаға талас енді қыза түсті.

Уалихан Қосанбай

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх