Марцваладзе "Қайратқа" қарсы кездесуге қатыспайды
26 сент. 2016, 17:10
|
1136
"Ордабасы" ел Премьер-лигасындағы келесі кездесуін 1-қазан күні Алматыда "Қайратқа" қарсы өткізеді. Бірақ, бұл ойынға шымкенттіктер сапынан шабуылшы Отар Марцваладзе қатыса алмайды. Өйткені, ол 25-ші турда дәл осы "Қайрат" клубына қарсы кездесуде алған жарақатынан айығып үлгере алмайды.
Сонымен қатар, бұл кездесуге қатыспай қалу қауіпі "Ордабасының" тағы бір шабуылшысы Филип Касалицаға да төніп тұр. Сербиялық шабуылшы 27-ші тур аясында "Оқжетпес" клубына қарсы кездесудің 35-ші минутында жарақат алып, алаңды тастап кеткен еді. Содан бері жарақатынан айыға алмай жатыр.
Айта кетейік, бүгінгі күні бұл екі футболшы да ем-домын Шымкентте алып жатыр.
Турнирная таблица
Турнирлік кесте
| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 30 | 59-23 | 68 |
| 2 | Қайрат | 30 | 60-23 | 65 |
| 3 | Астана | 30 | 48-31 | 54 |
| 4 | Оқжетпес | 30 | 49-38 | 54 |
| 5 | Ақтөбе | 30 | 47-39 | 49 |
| 6 | Елімай | 30 | 43-44 | 45 |
| 7 | Тобыл | 30 | 42-42 | 41 |
| 8 | Жеңіс | 30 | 32-40 | 36 |
| 9 | Ұлытау | 30 | 27-38 | 35 |
| 10 | Қызылжар | 30 | 31-42 | 33 |
| 11 | Каспий | 30 | 32-44 | 33 |
| 12 | Ертіс | 30 | 31-44 | 32 |
| 13 | Атырау | 30 | 27-35 | 30 |
| 14 | Алтай | 30 | 31-42 | 28 |
| 15 | Жетісу | 30 | 31-49 | 27 |
| 16 | Қайсар | 30 | 25-41 | 25 |
Футболист недели
Апта үздігі
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту