Еуропа лигасы: "Янг Бойздың" құрамасы "Астанадан" екі есе қымбат
Немістің transfermarkt.de порталы қойған бағалар бойынша жалпы "Янг Бойз" ойыншыларының құны 37 миллион еуроға тең келеді екен. Швейцариялық команда қатарындағы ең қымбат футболшы Денис Закария. Конголық футболшының трансферлік нарықтағы бағасы 4 миллион еуроға тең келеді. Одан кейін Йорик Раве мен Кевен Мбабу тұр. Олардың құны — 3 миллион еуро. Михаэль Фрай, Секу Саного және Лорис Бенитолардың бағасы 2,5 миллион еуро.
Ал, "Астана" командасы футболшыларының жалпы құны 15 миллион 800 мың еуроға тең. Біздің команда сапындағы ең қымбат футболшы — Неманья Максимович. Оның құны — 2 миллион еуро. Екінші орынға 1 миллион 750 мың еуро тұратын Агим Ибраими жайғасқан. Колумбиялық Рохер Каньястың футбол нарығындағы бағасы — 1 миллион 500 мың еуро. Ол біздің командадағы ең қымбат футболшылар тізімінде үшінші орында.
| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 30 | 59-23 | 68 |
| 2 | Қайрат | 30 | 60-23 | 65 |
| 3 | Астана | 30 | 48-31 | 54 |
| 4 | Оқжетпес | 30 | 49-38 | 54 |
| 5 | Ақтөбе | 30 | 47-39 | 49 |
| 6 | Елімай | 30 | 43-44 | 45 |
| 7 | Тобыл | 30 | 42-42 | 41 |
| 8 | Жеңіс | 30 | 32-40 | 36 |
| 9 | Ұлытау | 30 | 27-38 | 35 |
| 10 | Қызылжар | 30 | 31-42 | 33 |
| 11 | Каспий | 30 | 32-44 | 33 |
| 12 | Ертіс | 30 | 31-44 | 32 |
| 13 | Атырау | 30 | 27-35 | 30 |
| 14 | Алтай | 30 | 31-42 | 28 |
| 15 | Жетісу | 30 | 31-49 | 27 |
| 16 | Қайсар | 30 | 25-41 | 25 |