Главное Маңызды
03 июл. 2026, 11:10
573
Второй сезон кряду лучшим бомбардиром сезона стал бразильский нападающий «Семея» Андерсон Алвес «Дедезиньо». KazFootball.kz предлагает вашему вниманию лучших бомбардиров Премьер-лиги по футзалу, сезона 2025/2026 гг.
03 июл. 2026, 10:12
1428
Главный тренер «Окжетпеса» Ринат Алюетов прокомментировал матч 15-го тура Премьер-лиги против «Кайрата» (0:5), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
03 июл. 2026, 09:13
2952
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал матч 15-го тура Премьер-лиги против «Окжетпеса» (5:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
02 июл. 2026, 14:00
1349
Воспитанник «Кайрата» и будущий игрок «Челси» Дастан Сатпаев в интервью пресс-службе клуба рассказал о первых шагах в футболе, просмотре в лондонском клубе, матчах против «Реала» и «Интера», чемпионском сезоне с алматинцами и мечте проложить путь в Европу для нового поколения казахстанских футболистов, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
29 июн. 2026, 15:05
1660
Главный тренер «Улытау» Нуркен Мазбаев прокомментировал матч 15-го тура Премьер-лиги против «Ордабасы» (0:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Черногория құрамасы қандай қарсылас?

07 окт. 2016, 16:12 | 1976
Қазақстан Ұлттық құрама командасының бұл жолғы қарсыласы - Черногория. Оқырмандарға осы елдің құрамасы жайлы жалпылама ақпарат бере кету мақсатында шолу мақаламызды назарларыңызға ұсынамыз.

Құрама тарихы 2007 жылдан басталады

Бұл елдің құрама командасының жеке тарихы бай емес. Черногория жеке дара өз алдына тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін алғашқы ойынын олар Венгрияға қарсы өткізді. Бұл матч ел астанасы Подгорица қаласында 2007 жылы өтті. Алғашқы матчта алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті. УЕФА аясындағы алғашқы іріктеу жарысына олар араға жыл салып қатыса бастады. Яғни, 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өткен Әлем чемпионатының іріктеуіне қатысты. Черногория ол кезде ең соңғы себетте болды. УЕФА-да ешқандай рейтингісі болмағандықтан, Андорра, Сан-Марино секілді әлсіздермен бір топта болды. Ал, ол кезде Қазақстан құрамасы бір саты жоғары тұрды. Жеребеде Черногория сегізінші топқа түсті. Онда Италия, Ирландия, Болгария, Кипр және Грузия құрамаларымен бәсекелес атанды. Жаңадан жасақталған жас құрама тәжірибиесіз болса да, алты ойында тең түсіп, Грузияны өз алаңында жеңді. Соның арқасында Кипр секілді тоғыз ұпай жинағанымен, топта тек бесінші орынға ғана тұрақтайды.  

Еуроға бір қадам жетпей қалды

Одан кейін екінші іріктеу турнирі Черногория үшін 2012 жылғы EURO додасы болады. Онда «қаратаулықтар» «G» тобына Англия, Швейцария, Уэльс, Болгария командаларымен бірге түседі. Бұл жолы жеребе кезінде Черногория Қазақстанмен бірге бесінші себеттен шығады. Тең нәтижені жақсы көретін Бранко Брнович шәкірттері тағы да үш ойын тең түсіп, үш матчта жеңіске жетеді. Соның арқасында топта Англиядан кейін екінші орын алады. Плей-оффта олар Чехияға қарсылас атанып, өз алаңында да, сырт алаңда да жеңіліс тапты. Екінші жорық алғашқыға қарағанда сәтті өтті. Соның арқасында олар келесі 2014 жылғы әлем чемпионатына іріктеуде екінші себеттен шықты. Яғни, жеребе кезінде мықтылар қатарында болды. Бірақ олар бұл жолы да Англиямен қарсылас атанып қалды. Төрт ойында жеңіске жетіп, үш матчта олар тең түсті. Сырт алаңда Англияға ірі есеппен жеңілген соң, өз алаңында Украинамен болған матчта өте ауыр жеңіліске душар болады. Ал, соңғы матчта Молдовадан 2:5 жеңіліп, іріктеу турнирін көңілсіз тұнжыраумен аяқтайды.

Соңғы іріктеуде қалай ойнады?

Франция жерінде өткен 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Черногория не тындырды? Соңғы ойындарды саралай өтсек, бұл елдің құрамасы кішігірім құлдырауға тап болғанын байқаймыз. «G» тобында Австрия, Ресей, Швеция, Молдова, Лихтенштейн құрамалары болды. Топтан үшінші орын алса да жарысты ары қарай жалғастыруға мүмкіндік болды. Бірақ «Қара қыраттар» елінің өкілдері төртінші орынға табан тіреді. Іріктеуде үш қана матчта жеңіске жетті. Молдованы өз алаңында және сыртта, Подгорицада Лихтенштейнді бір рет жеңді. Өз алаңында Ресеймен өткен ойын 67-ші минутта жанкүйерлердің жасыл алаңға тастаған отшашуларынан кейін тоқтатылды. Соның кесірінен Черногорияға 0:3 техникалық жеңіліс жарияланды. Жанкүйерлер тастаған жарылғыш зат қақпашы Игорь Акинфеевтің басына дәл түсті. Осы бір келеңсіз оқиғалардан кейін трибунадағы жағдайды қадағалау қатаң тәртіпке алынды. Қазақстанмен болатын матчта ондай оқиғалар орын алмайды деп күтеміз.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ордабасы 15 27-9 37
2 Қайрат 17 29-12 36
3 Оқжетпес 15 21-16 27
4 Елімай 15 23-19 23
6 Астана 15 21-17 23
6 Ұлытау 15 13-14 23
7 Ақтөбе 15 18-14 22
8 Атырау 15 11-11 18
9 Жетісу 15 20-22 18
10 Жеңіс 15 13-18 18
11 Қайсар 16 13-19 17
12 Қызылжар 16 17-24 15
13 Тобыл 15 16-23 15
14 Каспий 15 10-19 11
15 Ертіс 15 14-21 10
16 Алтай 15 10-18 10
Футболист недели Апта үздігі
Максим Самородов
Максим Самородов
Максим Самородов
Максим Самородов
Нападающий Шабуылшы
10
Поиск по сайту
Наверх