Главное Маңызды
03 июл. 2026, 11:10
572
Второй сезон кряду лучшим бомбардиром сезона стал бразильский нападающий «Семея» Андерсон Алвес «Дедезиньо». KazFootball.kz предлагает вашему вниманию лучших бомбардиров Премьер-лиги по футзалу, сезона 2025/2026 гг.
03 июл. 2026, 10:12
1424
Главный тренер «Окжетпеса» Ринат Алюетов прокомментировал матч 15-го тура Премьер-лиги против «Кайрата» (0:5), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
03 июл. 2026, 09:13
2944
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал матч 15-го тура Премьер-лиги против «Окжетпеса» (5:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
02 июл. 2026, 14:00
1347
Воспитанник «Кайрата» и будущий игрок «Челси» Дастан Сатпаев в интервью пресс-службе клуба рассказал о первых шагах в футболе, просмотре в лондонском клубе, матчах против «Реала» и «Интера», чемпионском сезоне с алматинцами и мечте проложить путь в Европу для нового поколения казахстанских футболистов, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
29 июн. 2026, 15:05
1659
Главный тренер «Улытау» Нуркен Мазбаев прокомментировал матч 15-го тура Премьер-лиги против «Ордабасы» (0:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Черногория футболшыларынан кімді білеміз?

07 окт. 2016, 19:28 | 2070
​Черногория құрамасында бұрын-соңды ойнаған ойыншылар мен қазіргі күні құрамада жүрген кімдерден сескенуіміз керек? Осы жайлы толғап көрсек.

Югославия құрамасында черногорияның қазіргі аймағында туылған футболшылар көп болған. Алайда, сербтер мен хорваттар үлесінен мықты болды деп айта алмаймыз. Соңғы 20 жыл бедерінде Черногория елінен шыққан даңқты футболшы бұл - Саво Милошевич. «Астон Вилла», «Сарагоса», «Осасуна», «Парма», «Рубин» секілді командаларда өнер көрсеткен Саво 1999/2000 жылғы маусымда Ла-лиганың үздік сұрмергені атанды. Милошевич соққан 23 гол «Сарагосаны» 4 орынға жайғастырды. Сосын черноргиялық ойыншыны италияның «Парма» командасы сатып алды. Сонымен қатар, Саво 2000 жылғы Еурода 5 гол соғып, үздік мерген атанады. Милошевич жайлы әңгіме қозғауымыздың тағы бір себебі – ол осы күні Черногория құрамасы бас бапкерінің көмекшісі.

Ал, құрамада қазір ең тәжірибиелі футболшы – Элсад Зверотич. Құрама команда үшін 56 ойында алаңға шығып, 5 гол соққан. 29-ға келген қорғаушы швейцарияның «Сьеон» командасында ойнайды. 25 жастағы Стефан Савичті қазақстандық жанкүйерлер онсыз да тануы тиіс. Себебі, бұл ойыншы мадридтің «Атлетико» командасында ойнайды. Ол «Манчестер Сити» сапында 2012-жылы Англия чемпионы атанды. Кейіннен оны мадридтіктер 12 млн еуроға сатып алды.

Ең атақты ойыншы – Стеван Йоветич. Әлемдік деңгейде доп теуіп жүрген Йоветич осыған дейін жастар құрамасында өнер көрсетіп, Алматыда «Орталық» стадионда біздің жастардың қақпасына гол соқты. «Фиорентина» мен «Манчестер Сити» командасында жемісті өнер көрсеткеннен кейін, ол «Интер» сапына ауысты.

Ортада ойнайтындар ішінде жастары 20-дан енді асқан Адам Марушич, Марко Бакич секілді жастарды да елеп өткеніміз дұрыс. 

Шабуыл өтінде бұл командада екі ойыншы бар. Бірі – тәжірибиелі Мирко Вучинич, екіншісі – Лука Джорджевич. Вучиничті күллі Черногория жанкүйерлері құрметтейді. Атақты шабуылшы кезінде «Ювентус» сапында еуропа футболында дүркіреді. Италияның 3 дүркін чемпионы атанған Мирко осы күні Біріккен Араб Әмірліктеріндегі «Әл-Жазира» командасында ойнайды.

Екінші шабуылшы – Лука Джорджевич Санкт-Петербургтың «Зенит» командасының намысын қорғайды. Биылғы маусымда Ресей премьер-лигасында «Ростов» қақпасына гол соқты. Атышулы «Маккабимен» болған ойында 94-ші минутта төртінші голды соғып, питерліктерге жеңісті жұлып берген де осы Джорджевич болатын. Лука "Зенит" сапында жарақат алып, біздің құрамаға қарсы ойынға қатыспайтыны жақын арада белгілі болды.

Осы аралықта Қазақстанға қатысы бар футболшыларды да тізе кетейік. Ең алдымен Дамир Кояшевич жайлы сөз қозғасақ. Кезінде «Астана» сапында ойнаған жартылай қорғаушы осы жақында ғана Черногория құрамасына ілінді. Демек, бапкерге біздің құрама мен құраманың негізгі футболшылары жайлы ақпаратты беретін адам бар деген сөз. Екінші бір футболшы қазір Қазақстан премьер-лигасында доп тепкенімен, Черногорияға шақыртылмай жүр. «Ордабасы» командасының шабуылшысы Филип Касалица өз отанының бас командасына 11 рет ойнап берді. Және соққан 1 голы да бар.

Жалпы алғанда Черногория құрамасының ойыншыларының тізімінде ішкі чемпионатта өнер көрсететіндер саны аз. Барлығы дерлік Еуропаның мықты чемпионаттарында өнер көрсететін футболшылар. Демек, қазақстандық футболшыларға Черногориялық ойыншылардың кез-келгенін тұсаулап ұстау қажет.  

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ордабасы 15 27-9 37
2 Қайрат 17 29-12 36
3 Оқжетпес 15 21-16 27
4 Елімай 15 23-19 23
6 Астана 15 21-17 23
6 Ұлытау 15 13-14 23
7 Ақтөбе 15 18-14 22
8 Атырау 15 11-11 18
9 Жетісу 15 20-22 18
10 Жеңіс 15 13-18 18
11 Қайсар 16 13-19 17
12 Қызылжар 16 17-24 15
13 Тобыл 15 16-23 15
14 Каспий 15 10-19 11
15 Ертіс 15 14-21 10
16 Алтай 15 10-18 10
Футболист недели Апта үздігі
Максим Самородов
Максим Самородов
Максим Самородов
Максим Самородов
Нападающий Шабуылшы
10
Поиск по сайту
Наверх