Главное Маңызды
06 нояб. 2026, 17:40
1392
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу KFF League:
06 нояб. 2026, 17:11
1865
Главный тренер «Кайсара» Талгат Байсуфинов поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Ордабасы», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 нояб. 2026, 09:18
1913
Главный тренер «Аталанты» Маурицио Сарри подвел итоги матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против алматинского «Кайрата» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Football-Italia.net:
06 нояб. 2026, 01:43
2871
Исполняющий обязанности главного тренера алматинского «Кайрата» Жора Арутюнян прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Конференций против «Аталанты» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
05 нояб. 2026, 09:30
2084
Исполняющий обязанности главного тренера «Кайрата» Жора Арутюнян поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против итальянской «Аталанты», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Бақдаулет Қожабаев: "Шымкенттік жанкүйерлер "Қайраттың" жанкүйерлерінен еш кем түскен жоқ"

02 окт. 2016, 10:20 | 1504
"Ордабасы" футбол клубының қорғаушысы Бақдаулет Қожабаев "Қайрат" клубына (1:1) қарсы кездесуден кейін KazFootball.kz порталының тілшісіне сұхбат беріп, ойын туралы, жарақаты туралы айтып берген еді:

- "Қайратқа" қарсы кездесулер қашанда қызықты өтеді. Бұл ойынды негізі оңтүстіктік дерби деп атасақ та болады. Бізге Алматыда ұпай жоғалтпау керек еді. Сондықтан, матчқа жақсы дайындалдық. Нәтижесін өздеріңіз көрдіңіздер. Жеңбесек те, Алматыдан тең нәтижені алып қайтып барамыз. Біз үшін - бұл жаман емес. Енді бұйырса қалған ойындарда ұпайдан шашау шығармау керекпіз. Сонда, биылғы маусымдағы басты мақсатымыз – қола жүлдені аламыз деген ойдамыз.

- Биылғы маусымда Сіздер "Қайратқа" қарсы төрт кездесу өткізіп, бірде-бір мәрте жеңілмедіңіздер. Соған қарағанда алматылықтарға қарсы ерекше дайындалатын секілдісіздер ...

- Бақтияр Даниярұлы бізді барлық ойынға бірдей дайындайды. "Қайратқа" ерекше дайындалып, "Астанаға" немқұрайлы қараймыз деген әңгіме жоқ. Бұл да кішігірім дерби ғой. Стадионды көрдіңіздер. Шымкенттік жанкүйерлер "Қайраттың" жанкүйерлерінен еш кем түскен жоқ. "Қайратқа" қарсы кездесуде үнемі жанкүйер көп жиналады. Мұндай матчтарда ойнаудың өзі бір ғанибет.

- Сіз екінші таймда алаңнан кеттіңіз. Ал, матчтан кейін Бақтияр Байсейітов Сізді жарақат алып қалды деді. Жарақатыңыз қаншалықты ауыр?

- Жарақатым аса ауыр емес. Келесі ойынға дейін дайын болып қаламын. Жерар Гоу аяғымды басып кетті. Үзіліс кезінде бапкер соны көріп, ауыстырды.

- Сіздің қапталыңыз арқылы кеше Андрей Аршавин мен өзіңіздің бұрынғы командаласыңыз Гафуржан Сүйімбаев ойнады. Бұл ойыншыларды тұсап ұстау қиын болмады ма?

- Жоқ. Мен Гафуржанмен көптеген жылдар бойы бірге ойнағанмын. Оның артық және кем тұстарын жақсы білемін. Ал, Андрей Аршавинді матч алдында толық зерттедім. Бапкер қалай ойнайтынын көрсетті. Сол үшін оларға қарсы ойнау қиын болған жоқ.

- Командаластарыңыз Алмат Бекбаевты "Қайратқа" қарсы кездесудегі үздік ойыншы деп жатыр. Сіз мұнымен келісіз бе?

- Әрине. Жақсы қақпашы жарты команда ғой. Кеше Алмат қиын сәттерде бізге көмектесті. Мен командаластарымның айтқанымен келісемін. Дегенмен, бұл жерде команданың да еңбегі бар екенін айта кеткім келеді.   

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх