Муртазаев Гоуға жете алады ма?
Тіл көзіміз — тасқа. Роман Муртазаевтың қазір қарқыны мықты. Соңғы екі ойында қарсылас қақпасына төрт гол соққан шабуылшы мергендердің қатарында 17 голмен таза екінші орынға шықты. Роман 17 голының небәрі біреуін ғана пенальтиден соққан.
Сұрмергендер арасындағы сайыста бірінші орында Жерар Гоу тұр. Соңғы ойында "Ордабасы" қақпасынан саңылау тапқан ивуарлық шабуылшының еншісінде 19 гол бар. Бірақ, Жерардікі таза еңбек. Гоу барлық голдарын ойыннан соққан.
Үшінші орында "Қайраттың" капитаны Бауыржан Исламхан жайғасқан. Ол осы уақытқа дейін қарсылас қақпасына 15 доп соқса, соның алтауын он бір метрлік айып добынан соққан.
Исламханды жуық арада ешкім қуып жетпейтін шығар. Өйткені, төртінші орында тұрған Малик Мане, Азат Нұрғалиев, Душан Савичтерде 12 голдан бар.
Бесінші орында "Тобыл" сұрмерген Сергей Хичниженко жайғасқан. Оның еншісінде 10 доп.
| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 30 | 59-23 | 68 |
| 2 | Қайрат | 30 | 60-23 | 65 |
| 3 | Астана | 30 | 48-31 | 54 |
| 4 | Оқжетпес | 30 | 49-38 | 54 |
| 5 | Ақтөбе | 30 | 47-39 | 49 |
| 6 | Елімай | 30 | 43-44 | 45 |
| 7 | Тобыл | 30 | 42-42 | 41 |
| 8 | Жеңіс | 30 | 32-40 | 36 |
| 9 | Ұлытау | 30 | 27-38 | 35 |
| 10 | Қызылжар | 30 | 31-42 | 33 |
| 11 | Каспий | 30 | 32-44 | 33 |
| 12 | Ертіс | 30 | 31-44 | 32 |
| 13 | Атырау | 30 | 27-35 | 30 |
| 14 | Алтай | 30 | 31-42 | 28 |
| 15 | Жетісу | 30 | 31-49 | 27 |
| 16 | Қайсар | 30 | 25-41 | 25 |